Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өсімдіктер және жануарлар экологиясы

ң экологиялық жайы сын көтермейді. Әсіресе Ертіс, Іле, Жайық, Шу, Талас, Тобыл, нұра, Есіл, Ақсу т.б. өзендер шаруашылық пен өндірістің қарқындап дамуына байланысты ластанып немесе сулары  тартыла бастады. Кейінгі жылдары өзен бойындағы тоғайлар мен жайылымдадың тозуы, өртке шалдығуы жиі байқалып, ол фауна мен флораға әсерін тигізіп отыр.

Адамның іс-әрекетінің жанурлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Жанурлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі ьір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір тү жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.

Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен құстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. ауылшаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.

Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі – мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар – атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар т.б.

Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрьір азамат ззін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

12
скачать работу

Өсімдіктер және жануарлар экологиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ