Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өсімдіктер және жануарлар экологиясы



 Другие рефераты
Паналау ғимараттары Өсімдіктер экологиясы және қорықтар ұйымдастыру Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы Қоршаған ортаны қорғау

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған.

Қазақстанда орман қора 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.

Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады.  Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу  мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік  шаралар жүргізіледі. Солардың бірі – сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық- геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер», «Жас экологтар», «Жас натуралистер» атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар – еліміздің орман шаруашылығының белді көмекшілері.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі.  Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ,  тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Срндықтан болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнар, меруертгүл, жабайы жүзім, т.б. жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесік Атырау, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктерортасы болса, екіншіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.

Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты – жасанда жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтіру жүзеге асады. Орманды қорғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы керек.

Орманда жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе — өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттығынан болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни, сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатын орман өрті өте қауіпті. Әсіресе қылқын жапырақты ормандар өртін сөндіру қиынға соғады. Кейде орман өртін басуға ұзақ уақыт керек болады. Жыл сайын адамдардың ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранды. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің  97% -ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалық ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп-қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.

Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар – орман зиянкестері – кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырау-құлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен құрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45%-ы сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүздеген гектар ормандардағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келеді. Олар химиялық биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін ұқыптылықты қажет етеді.

Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі – олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде  жан-жануарлардың 1,5 млн түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.

Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс.  Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д.Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілірдің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен. Олардың қатарына – дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқұзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады.

Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 ж. қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің – 155, құстардың – 481, бауырымен жорғалаушылардың – 48, қосмекенділердің – 33, балықтардың – 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшін, адам үшін маңызы зор.

Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстнда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған – антропогендік факторлар.

Қазақстанда біраз аң мен құстар біржола құрып кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына – қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақұйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы, т.б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала, сарыала қаз, шалшықшы т.б. атауға болады.

 

Қазақстанның інжу-маржаны атанған Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен тартылып, көп өзгерістерге ұшырап отыр. Әсіресе кәсіптік балық аулау төмендеп кетті. Ал Каспий мен арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі 17 м төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы да ауыр. Әсіресе Каспий мұнайын игеру өскен сайын теңіздің балықтары мен құстар әлемі, итбалық сияқты сүтқоректілір зардап шегуде.

Республикамыздың үлкенді-кішілі өзендеріні

12
скачать работу


 Другие рефераты
Сущность, структура и функции семьи
Учение Вернадского
Электронные таблицы Excel
Салықтың экономикалық табиғаты. Салық ұғымы және маңызы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ