Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өскемен қаласы

ғы бекініс ретінде қаланған. 1765 жылы кеден және сауда орталығы ретінде Меновное ауылы құрылды. 1725 жылы Ертіс өзенінің төменгі ағысынан бірнеше шақырым жерге «Защита хлебопахотная» станицасына казактар қоныс тепті. 1745 жылы станицаның өртеніп кетуіне байланысты казактар «Защита» хуторына және Сол жағалауға қоныстанады.
1901 жылы Ертісте өзен пароходы шаруашылығы ашылды. Кемежай өзен және теміржол транспортының негізгі торабына және жұмысшы поселкасының тұрағына айналды. ХХ ғасырдың 40- жылдарында қала маңында көптеген поселкалар (Октябрскь, Красина, Новая Гавань, Шмелев Лог) бой көтерді. Өскемен су-электр станциясының (ГЭС) құрлысы кезеңінде (40-50ж.ж.) Аблакетка поселкасы пайда болды. 50-60 жылдары қаланың батыс – шығысында жаңа өнеркәсіптік тармақ, жұмысшылардың жаңа ауданы – Жаңа Согра қаланды. 60-жылдары СССР мен Қытай Халық Республикасының арасындағы саяси жағдайлардың ұшығуына байланысты Ахмер ауылына таяу маңда әскери бөлім және Жаңа Ахмер әскери қалашығы құрылды.
70 жылдары халықаралық экономикалық жағдайларға байланысты СССР үкіметі Өскемен қаласында арматура заводының құрлысын бастау жөнінде шешім қабылдады.
Сол кезеңде жұмысшылар үшін салынған тұрғын ауданның бүгінгі күні үлкен қателік болғаны белгілі болып отыр.
80 жылдары қала үкіметі Ертістің сол жағалауына жекеменшік тұрғын үйлер құрлысын бастауға шешім қабылдайды (қазіргі Металлургтер поселкасы). Өткен ғасырдың 80 жылдарының соңына жыл сайын 150-180 мың шаршы метр тұрғын үй қаланып, өткізілген.
1990 жылы қала халқы 330,5 мыңға жетті.

Қаланың дамуының аумақтық динамикасы
90 – жылдардағы экономикалық қыспақ кезеңінде батыс-шығыс өндірістік тармағы және сол жағалауды игеру қатты қолға алынды. Бүгінгі күні қала орталығында күрделі жөндеу жүргізу тоқтатылған. Оның себебі қала ішіндегі құрлыс салуға жоспарланған аумақтардан маңыздылығы екінші қатардағы құрлыс обьектілері орын алған, сол сияқты, қала халқының санының азаюына байланысты (соңғы 10 жыл ішінде 3,2 % ке азайған,) тұрғын үйлер салу нарығына сұраныс төмендеген. Осыған байланысты тұрғын үй құрлысы да баяу дамуда.
1997 жылы қаланың билік үкіметі «Болашақта Өскемен қаласын дамыту концепциялары» жөнінде Өскемен, Петербург, Алматы, Новосибир қалаларының ірі жобалау ұйымдары арасында байқау жариялады. Негізгі қала құрлысын Сол жағалауда, Ертіс өзенінің жағалауында дамыту ұсынылды. Әкімшілік, іскерлік және мәдени орталықтар қаланың тарихи бөлігіне орналасады. Транспорт схемасынан жаңа көпірлер мен магистралдар орын алатын болады. Қала аумағында су және теміржол транспортын пайдалану көзделініп отыр.
Қорыта айтқанда, Өскемен қаласы өзінің 280 жылдық жүріп өткен жолында әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудың барлық факторларын бастан өткерді. Бірақта нендей құбылыстар мен оқиғалар болып өтсе де өзіндік салт — дәстүрлері мен мәдениетін жоғалтқан жоқ.

Өнеркәсіптік өндіріс
2005 жылғы қаңтар-мамырда Өскемен қаласында ұйымдаспаған экономикалық қызметпен айналысатын қаржыландырылмаған корпорация бөліміндегі кәсіпорындар, құрамында 1-ден 50-ге дейінгі жұмыскерлері бар кәсіпорындар, қосалқы шаруашылықтар 51833 млн. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі (салыстырмалы бағалардан) 2004 жылдың қаңтар-мамырдағы деңгейіне қатысты алғанда 92,2%-ды, сол жылдың мамыр айына 77,7%-ды, 2005 жылғы сәуірге 90,8%-ды құрады.

Негізгі капиталға инвестиция жұмсау
2005 жылғы қаңтар-мамырда есеп берген кәсіпорындар шеңбері бойынша 5737,8 млн. теңгенің инвестициясы игерілді, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға артық. Инвестицияның көп бөлігі (62,3%-ы) машиналар, жабдықтар, аспаптар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға, сонымен қатар 35,6%-ы құрылыс жұмысы мен ғимарат пен құрылымдардың күрделі жөндеулеріне жіберілді.

Ауыл шаруашылығы
Өскемен қаласында 2005 жылғы 1-маусымдағы жағдайға қатысты алғанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен 5 ауыл шауашылық құрылымы, 18 шаруа қожалығы және қолдарында мал ұстайтын 3,5 мыңнан астам үй шаруашылықтары айналысты.
Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда шаруашылықтартың барлық санаттарымен союға өткізілген мал құстың тірілей салмағы 452,8 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық. 3178 тонна сиыр сүті (өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты алғанда 100,3%) мен 1099,9 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2005 жылғы қаңтар-мамыр айларында шаруашылықтың барлық санаттарымен 3431 бас бұзау, 4425 бас торай, 2626 бас қозы мен лақ, 179 бас құлын алынды.

Көлік
2005 жылғы қаңтар-мамырда қаланың көліктік кәсіпорындарымен 450 мың тонна жүк тасымалданды. Барлық қатынастардағы жүк айналымы 12,8 млн. тонна км-ді құрады. Одан басқа, жеке тұлғаларға тиісті көліктермен және көліктік емес ұйымдармен 15,8 тонна (есептеу бойынша ) жүк тасымалданды.
Жолаушы тасымалының көлемі ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда 22514,1 мың адамды, жолаушы айналымы – 244 млн. жолаушы км-ді құрады. Одан басқа, коммерцмялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлермен 2005 жылғы қаңтар-мамырда 99,5 млн. (есептеу бойынша) жолаушы тасымалданды.

Сауда және басқа да қызметтер көрсету
2005 жылғы қаңтар-мамырда Өскемен қаласында барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін қоспағанда) 25960,6 млн. теңге деңгейіне жетті. Бұл салыстырмалы бағалармен алғанда 2004 жылдың сәйкес кезеңіндегі сатудың жалпы көлемінің 104,3%-ын құрады. Өткізу арналары бойынша тауар айналымы төмендегідей болды: жеке тұлғалардың тауар айналымы — 34%, кәсіпорындардікі — 66%.
Қаланың көтерме сауда кәсіпорындарымен 2005 жылғы қаңтар-мамырда 33983,7 млн теңгенің тауары өткізілді. Сыйақы немесе шарт негізіндегі (комиссиялық агенттер арқылы) көтерме сауда тауар айналымы 108,3 млн. теңгені құрады.
2005 жылғы қаңтар-мамырда сауда қызметінің көлемі 539,6 млн. теңгені құрады, оның неғұрлым үлкен үлесі қоғамдық тамақтандыру қызметіне келеді.

Бағалар мен тарифтер индексі
2005 жылғы мамырда 2005 жылғы сәуірге қатысты алғанда өнеркәсіп өнімдерін дайындаушы кәсіпорындардың баға индексі өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулерді есептегенде қала бойынша 102,9%-ды құрады. 2005 жылғы мамырда 2004 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге бағалардың жиынтық индексі 104,8%-ды, өткен айға қатысты 100,7%-ды құрады. 2005 жылғы мамырда 2004 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда облыс бойынша азық-түлік тауарлар тобының баға индексі 105,9%-ды, 2005 жылғы сәуірге қатысты — 101%-ды құрады. 2005 жылғы мамырда 2004 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда облыс бойынша азық-түлік емес тауарлар тобының индексі 101%-ды, 2005 жылғы сәуірге қатысты алғанда 100,6%-ды құрады.
2005 жылғы мамырда 2004 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда облыс халқына қызмет көрсету тарифтері мен индекстері 105,6%, 2005 жылғы сәуірге қатысты алғанда 100,4% деңгейінде қалыптасты.

Қаржы
2005 жылғы сәуірде салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен алынған қаржылық нәтиже 4341,4 млн. теңгені құрады. Соның ішінде негізгі қызметтен табыс – 4185,7 млн. теңге, қызметтің қосымша түрінен (бағамдық айырманы қоса есептегенде) табыс – 155,7 млн. теңгені құрады.
2005 жылғы 1-мамырға жедел деректер бойынша дебиторлық берешек 77 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткені — 4,6 млрд. теңге немесе жалпы соманың 6%.
Міндеттемелер бойынша жиынтық берешек 97,1 млрд. теңге деңгейіне жетті, одан мерзімі өткені – 5,5 млрд. теңге немесе 5,7%
2005 жылғы 1-мамырға жалақы бойынша қарыздардың жалпы сомасы 1697,2 млн. теңгеге бағаланды, олардан мерзімі өткені 127,1 млн. теңге немесе 7,5%. Ұзақтығы үш ай және одан жоғары қарыздарға мерзімі өткен берешектердің жалпы көлемінің 53,4%-ы келді.

Еңбек рыногы
Филиалдарды, сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз барлық денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктерді қоса есептегенде ірі, орта кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің тізімдік саны орташа алғанда 2005 жылғы қаңтар-сәуірде 98759 адамды құрады.
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының деректері бойынша 2005 жылғы қаңтар-сәуірде қалалық еңбекпен қамту қызмет орнына 2708 адам өтініш жасады. Жыл басынан бері жұмыссыз деп танылғандардан 2130 адам жұмысқа орналасты, 726 қоғамдық жұмысқа қатысты, 285 адам кәсіпкерлік оқуға жіберілді.
2005 жылғы 1-маусымға Өскеменде жұмыссыздар саны 3030 адамды құрады. Өскемен қаласының еңбекпен қамтамасыз ету орталығына қала мекемелері мен ұйымдары 2642 бос орын берді.

Еңбек ақы
2005 жылғы қаңтар-сәуірде орташа айлық атаулы жалақы Өскемен қаласында (филиалдарды, сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын,басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктерді қоса есептегенде, ірі және орта кәсіпорындарда) орташа 28220,4 теңге көлемінде қалыптасты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артық.

Демографиялық ахуал
2005 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өскемен қаласы халқының саны жедел деректер бойынша 301,4 мың адамды құрады. 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 98,9%-ды құрап, 3,2 мың адамға азайды. Соның ішінде қала халқы – 290,7 мың адамды (98,8%), ауыл халқы – 10,7 мың адамды (101,9%) құрады.
2005 жылғы қаңтар-сәуірде туғандар саны 1165 адамды құрады, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға артық. 2005 жылғы қаңтар-сәуірде 1546 адам қайтыс болды, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңінен 8%-ға көп.
Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде тіркелген неке саны – 628, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға өсті, ажырасулар саны – 433 – 0,7%-ға азайғандығын көрсетеді. Қалалық жерлерде неке саны 1,8%-ға а

1234
скачать работу

Өскемен қаласы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ