Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өскемен қаласы



 Другие рефераты
СУ ҚОРЫ – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ Саяси жанжалдар Оңтүстік қазақстан МАРС, қызылжұлдыз

Қаланың құрылу тарихы
Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған еді. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңілөнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жылдары) ауыр өнеркәсіп дамыды.

Қысқаша сипаттама
Өскемен Қазақстанның батыс-шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан; көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты өткір континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер ( жалпы санының 23,9 %) құрайды, оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам — құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.
17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған.
Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, темір жол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген.
Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке) 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың. оқушы), 11 орта оқу орындары( 6,3 мың. оқушы), 7 Кәсіби-техникалық мектеп(3,4мың. оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.
Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік ҚР Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.

Оқиғалар хроникасы
Өскемен бекінісінің салыну құрылысы жөніндегі жазбаша мәліметтерді боярин Федор Байков қалдырған еді.
1714 ж.- І Петрге сібір губернаторы М.Гагарин Иркеть өзенінің жағасында «алтын құмдар” бар екендігін айтады.
1715 ж. Шілде – Тобылдан шыққан И.Бухгольц отряды Ертісті бойлай жүзеді. Жуық арада Ямышев бекінісі салынады.
1719 жылы І Петр Яркенд алтынын іздеуге және сібір губернаторы Матвей Гагариннің озбырлық қылықтарын әшкерелеу үшін жаңа отряд жібереді.
1720 жылдың мамыр айында И.М. Лихаревтің экспедициясы Ертіс бойымен Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Үлбінің Ертіске құяр сағасынан жаңа — Өскемен бекінісінің негізі қаланады. Ресей империясының картасынан Өскемен қамалы орын алады.
1882-1885 ж.ж. – Покров шіркеуі салынды.
1902 ж. Мариин әйелдер училищесі тұрғызылды. Педагогикалық курс тыңдуашылары Халыққа білім беру қоғамының қаржысына оқыды.
1912 ж. «Эхо” синематографы ашылды, ол кейіннен «Октябрь” кинотеатры аталды.
1917 жылдың қазан-қараша айларында Өскеменде большевиктік ұйымдар құрылды. Большевиктер өз совдептерін құрды. Оған жиырма төрт жастағы майдангер Яков Васильевич Ушанов жетекшілік жасады.
1918 жылдың 14 наурызы күні билік большевиктік совдеп қолына көшті.
1918 ж.- » Усть-Каменогорская жизнь” газеті шықты.
1919 жылдың жазында Өскемен абақтысында колчактардың қамауындағы қызылдардың көтерілісі болды.Н.Тимофеев пен С.Гончаренко ғана тірі қалды.
1919 жылдың күз айында жергілікті партизан отрядтары бірікті. Бірінші Алтай Қызыл қырандарының полкы құрылды. Полк командирі болып коммунист Никита Иванович Тимофеев тағайындалды.
1920 жылдың бас кезеңінде Кенді Алтайда Кеңес үкіметі орнады.
1920 жылдың 4 сәуірі күні Халық Үйінде Өскемен қаласының жастары жиналды. Бұл Өскемендік комсомолдардың бірінші жиыны еді.
1924 ж.- Бірінші телефон желісі Қалалық комиссариат пен қалалық Кеңес арасына тартылды.
1925 ж.- Б-4 типті бірінші радиоқабылдағыш құрылды.
1930 ж., қазан – Семей қаласынан әкелінген құрал-жабдықтар негізінде Қалалық телефон станциясы ұйымдастырылды. Бұл құрал-жабдықтар нөмір қоятын құралдан және 20 телефон аппаратынан тұрды.
1931 жылы Рубцовка-Риддер темір-жолының құрылысы басталды. 1938 жылы бұл жол Кенді Алтайды Транссібір және Орта Азия магистралдарымен байланыстырды.
1934 ж. – астық жинау науқанына орай республикамызға Сергей Киров келді. Ол үш күн Шығыс Қазақстанда болды. Осыған орай Большая көшесіне Киров есімі берілді. 1934 жылы Киров сөз сөйлеген көне ғимарат ( бұрынғы облыстық Атқару комитет) іқазір тарихи ескерткіш болып саналады.
1935 ж.- облысты аудандармен байланыстрып тұрған әуе жолы ашылды.
1936 ж.- Атеистік саяси көзқарастың әсерімен Покров храмы құлатылды.
Пожарный деп аталатын қалтарма көшеге Максим Горький есімі берілді.
1939 ж.- Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды.
Өскемен су-электр станциясының құрлысы басталды.
1941 жылдың 8 мамыры күні жол құрлысының екінші кезеңі басталды. Жол құрлысына соғыстың кедергісі көп болды, бірақ, құрлыс жалғаса берді және соғыстың бірінші жылы аяқталды.
1942 ж.- Мыс өндіретін электролит зауытының құрлысы басталды.
1947 ж., қыркүйек – Мыс зауыты алғашқы металл өнімін берді.
1949 ж.- Қазан айында Үлбі металлургия зауыты өз өнімдерін шығара бастады.
1950 ж.- Металл кадмииін өндіру игерілді.
1950 жыл – түсті металдар ғылыми- зерттеу институтының Алтай филиалы құрылды — «Гинцветмет”- » Алтайцветмет”. 1955 жылы Түсті металдардың Бүкілодақтық тау-кен институты деп қайта өзгертіліді.( ВНИИцветмет)
1951 жыл- Өскемен қалалық пионерлер үйі облыстық деп өзгертілді.
1951 ж. Өскемен мыс зауыты қорғасын-мырыш зауыты деп қайта аталды.
1952 ж, маусым- Қорғасын зауыты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарынан орын алды.
1952 ж. 20 желтоқсан – ГЭС тұңғыш өндірістік ток қуатын берді.
1953 ж. 3 маусым- Өскемен су-электр станциясының тұңғыш шлюзы пайдалануға берілді.
Маусым айында конденсатор зауытының құрлысы басталды.
1954 ж. қаңтар айында Защита-Зырян темір жолы пайдалануға ұсынылды.
1955 ж. маусым. Жаңа мыс зауыты іске қосылды. Өндіріске бүкіләлемдік стандартқа сәйкес метал өндіруге лайықты жаңа технология енгізілді.
1956 ж., 19 маусым — Өскемен жиһаз фабрикасы бірінші өнімін берді.
1957 ж, 30 сәуір — Өскеменде Металлургтердің мәдениет сарайы ашылды.
1958 ж., 15 наурыз — Өскемен телеорталығы тұңғыш теле хабар ұйымдастырды, осыдан кейін телехабарлар үздіксіз жалғасын тапты.
1958 ж., қазан- Өскемен құрлыс- жол институты ашылды.
1958 ж. 6 қараша — алаңда В.И.Ленинге ескерткіш тұрғызылды.
1958 жылы Шығыс машина жасау зауытында болат қорытылды.
1959 ж., сәуір — Өскемен конденсатор зауыты алғашқы өнімін берді. ( 62 конденсатор шығарылды.)
1959 жылдың аяғында өскемендік құрылысшылар қала халқына Байланыс Үйін сыйға тартты.
1960., 19 сәуір — Өскемен су қоймасына су жіберілді.
1961 ж., 16 қазан Өскемен аспаптар зауыты тұңғыш өнімін шығарды.
1962 ж., 11 тамыз — Өскемен Орталық мәдениет Үйі ашылды.
1962 ж., 10 қазан- Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін берді.
1963 ж., 3 наурыз — Өскемен титан-магний комбинатының тәжірибе цехы титан губкасын өндірді.
1965 ж., 27 наурыз — Өскемен титан –магний комбинаты толық пайдалануға ұсынылды.
1965 ж., 12 қазан — Өскемен аэропортына Өскемен-Алматы авиарейсін орындаған АН-24 лайнері қондырылды.
1965 ж., 6 қараша – » Юбилейный” кинотеатры ашылды.
1968 ж., қаңтар. — Өскемен қаласында керамзит зауытының құрлысы басталды.
1969 ж., 22 наурыз- Өскеменде Спорт сарайы ашылды. (5100 орын)
1970 ж., қаңтар – Шығысқазақстандықтардың Мәскеу, Алматы телехабарларын көруіне арналған магистралдық байланыс желісі пайдалануға берілді.
1970 ж., 9 тамыз — Өскеменде Ертіс арқылы өтетін көпір құрлысы пайдалануға берілді.
1970., қазан — » Өскемен” қонақүйі пайдалануға берілді.
1970., шілде — Өскемен жібек-маталар фабрикасының негізі қаланды.
1973., сәуір — Өскеменде екі аудан құрылды: Үлбі және Октябрь аудандары.
1974 ж., қараша – Жаңа Согра поселкасында бақша өнімдерін өндіретін арнаулы КПСС ХХІІІ сьезі атындағы совхоз құрылды.
1975., 7 мамыр — Өскемен қаласының Ертіс жағалауында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға ескерткіш қойылды.
1975., қыркүйек — Өскемен мәдени-ағарту училищесі ашылды.
1979ж., желтоқсан – Жібек –маталар комбинатының 500 тігін станогынан тұратын құрылысының үшінші кезеңі басталды.
1980 ж., мамыр – Шығыс Қазақстан аумағында қорықтар туралы шешім қабылданды: оған Күршім, Тарбағатай, Марқакөл, » Рахман көлі” қорықтары енді.
1981., қараша – О.Бөкеевтің » Ән салады шағылдар” кітабы жарыққа шықты.
1982 ж., тамыз — Өскемен қаласында Қазақстан композиторларының әндеріне арналған фестиваль өтті.
1986 ж., -Малеев кені пайдалануға берілді.
1987 ж., желтоқсан – қатты аязда Үлбі көпірі істен шықты.
1989 ж., облыстық типография құрлысы аяқталды.
1990 ж., 14 маусым.- Зайсан ауданында 9 баллдық күшті жер сілкінісі болды.

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Влияние языка на познавательные процессы
XX – ғасыр философиясы
Химия меди
Крестьянский быт


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы

https://www.dnipro24.org.ua/

ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ