Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Пәкістан

ал Мұхаммед Зия-уль-Хак Бас әскери администратор қызметінде, ал содан кейін Пәкістанның президенті болып тағайындалды. Ал Бхуттоға көптеген айып тағып, жала жауып, өлім жазасына кесті.
Зия ислам қағидаларына сүйенді, мемлекеттің заңдарын дәстүрлі мұсылман нормаларына сәйкестендірді. Пәкістан мен АҚШ арасында достық қатынастар сақталды, Ауғанстандағы азамат соғысынан кейін КСРО-мен қатынастары жақсарды. Мемлекеттің жаңа саяси құрылымдарын жасады: Федералды Консультативті Кеңес (ФКК) құрылды, парламентке және жергілікті органдарға сайлау өткізілді, жалпыхалықтық референдум өтті, исламизация стратегиясы қабылданды, азаматтық үкімет құрылды. Оның премьер-министрі болып Мұсылман Лигасының көшбасшысы Мұхаммед-хан Джунеджо тағайындалды. Ең ықпалды көшбасшы болып Пәкістан Ұлттық Партиясын (ПҰП) басқарған Беназир Бхутто танылды. 1988 жылы мамырда Кеңес Үкіметі өз әскерін Ауғанстаннан шығарғанда Зия үлкен саяси жетістікке ие болды. Маусымда Зия Джунеджо үкіметін отставкаға жіберіп, парламентті таратты.
1988 жылы 17 тамызда Зия әуе апатында қаза тапты. Оның орнын Сенат төрағасы Гулам Исхак Хан басты. Қазан айында өткен сайлауда Беназир Бхутто жеңіске жетті де, премьер-министр постын алды. Елде әлеуметтік, саяси салаларда реформалар жүргізді. Белгісіз себептермен Бхутто отставкаға жіберілді, орнына Мұхаммед Наваз Шариф келді.
1993 жылғы сайлауда ПҰП жеңіске жетті де, Бхутто қайтадан билікке келді. Парламенттің шешімі бойынша президент болып Сардара Фарук Ахмед Легари тағайындалды. 1997 жылы ПМЛ ҰЖ-та дауыстың 2/3-не ие болды, Шариф министрлер кабинетін құрды. Жаңа президент қызметіне Рафик Тарар келді.
1998 жылы мамырда Пәкістан Үндістанда атом сынақтарын өткізді. АҚШ екі мемлекетке де санкциялар қолданды, олар Пәкістанның әлсіз экономикасына өте ауыр тиді. Пәкістанда диктаторлық режимнің пайда болу қаупі болды.
Наваз Шарифті биліктен тайдырғаннан кейін билікті әскерилер өз қолына алды. Әскери әкімшілікті генерал Первез Мушарраф басқарды. Бірақ ол халықтың үмітін ақтай алмады. Сол уақытта Джамаат-и ислами партиясының көшбасшысы Хуссейн Ахмад Мушаррафты биліктен тайдыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасап, халықты «революцияға» шақырды.

Қорытынды

Сан ғасырлық тарихын бастан кешірген Пәкістан мемлекетінің қазіргі таңдағы жағдайы аталмыш жұмыстың бөліктерінде сараланып айтылды. Негізінен, өзінің даму жолында талай қиындықтарды бастан кешірген ел, бүгінде өткен қалыпты даму жолына түсіп келеді. Мемлекеттің әрі қарай дамуына мемлекет қайраткерлерінің де көрсеткен ерен еңбектері аз емес.
Пәкістанның қазіргі кездегі дамуын орта деңгейде деп айтуға болады. Елдің қарқынды дамуына кедергі болып отырған – әлі күнге дейін толығымен шешіле алмай жатқан халықаралық саяси мәселелер. Кашмир мәселесі әлі күнге Үндістанмен екі ортаға от салып келеді. Негізінен ислам мемлекеті болғандықтан Пәкістанда дін қағидаларын қатаң сақтауы да жергілікті басқа дін өкілдерінің қақтығысын тудыруда.
Мемлекеттің қарыштап дамуына үлкен жағдайлары бар. Экономикасының басым салалары: газ. су, көмір, мұнай. Әлемдегі мақта, күріш экспортерлер көшбасшыларының бірі. Одан басқа арзан жұмысшы күші, өткізу нарығының болуы экономикаға әсерін тигізбей қоймады. Елдің табиғи-экономикалық әлеуеті зор. Көптеген пайдалы қазбалардың кендері әлі күнге дейін толығымен ашылмаған.
Болашағынан зор үміт күттіретін зор әлеуеттік жағдайы мемлекеттің дамуына күш беріп келеді. Мемлекет әділ басшы мен стратегиялық нақты құрылған саясат арқылы өз жоспары мен әрі қарай даму жолдарын жүзеге асыратын болса, келешектен үлкен үміттер күтуге болатынына кәміл сенемін.

Қысқарған сөздер:

ПИК ¬– Пәкістан Ислам Республикасы
КСРО ¬– Кеңес Социолистік Республикалар Одағы
АҚШ ¬– Америка Құрама Штаттары
ПХП ¬– Пәкістан Халықтық Партиясы
ПҰП ¬– Пәкістан Ұлттық Партиясы
ЖІӨ ¬– Жалпы Ішкі Өнім
ФКК ¬– Ведералды Консультативті Кеңес
СБША ¬– Солтүстік¬–батыс Шекаралық аймағы
МЛ ¬– Мұсылман Лигасы
ҰЖ ¬– Ұлттық Жиналыс
БҰҰ ¬– Біріккен Ұлттар Ұйымы

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереки көздер тізімі:

1. Аяған Б,. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы–7, Қазақ энциклопедиясы, Алматы, 2005728 бет
2. Бельский А.Г., Индусский коммунализм: исторические истоки и идейно-политические принципы, Москва, 1986, 286 бет
3. Вся Азия: Географический справочник/Б.А.Алексеев, Н.Н.Алексеева, А.И.Даньшин и др. – М.: ООО «Издательство АСТ»: «Муравей», 2003. – 311, [9] с.: ил., ил.32 л. ил.
4. Ермекбаев Н.Б., Қазақстан және әлем елдері, Өнер, Алматы, 2007, 304 бет
5. Новейшая история стран Азии и Африки: XX век: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений: В 3 ч. /Под ред. А.М.Родригеса. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. – Ч. 2: 1945-2000. – 320 бет
6. Прохорова А.М., Большая Советская Энциклопедия – 19, Советская Энциклопедия, Москва, 1975, 647 бет

123
скачать работу

Пәкістан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ