Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Паскаль програмдау тіліндегі файлдармен жұмыс

мөлшері болады. Жаңа  жолға көшу болмайтындықтан,Write() процедурасын қолданып, бастапқыда файлға  SanMolcheriайнымалысын мәнін жазамыз да, содан кейін параметрлі циклді пайдаланып енгізу процедурасында енгізілген сандарды жазамыз. Барлық мәліметтер файлға жазылып болған соң, файлды жазу керек. Ол Close() процедурасының көмегімен орындалады.

Close(NameVar) процедурасы—файлдың соңына, файл соңы белгісін жазып, оны жабады. Егер файл Close() процедурасымен жабылмаған болса, онда мәліметтер сақталынбайды.

 

 

 

         Мәліметтерді файлға жазу процедурасы қандай болатынын қарастырып көрелік:

 

procedure exi;

                                                var

                                                FileOut:text;

                                                begin

                                                assing(FileOut,`mayFile.in`);

                                                rewrite(FileOut);

                                                write(FileOut, SanMolcheri);

                                                  for i=1 to SanMolcheri do

                                                    write(FileOut,San[i]);

                                                    close(FileOut);

                                                    end;

негізі программаның мәтіні өзгеріссіз қалады

begin

                                                            init;

                                                            work;

                                                            exi;

                                                            end.

Осы программаны ‘Misal_F1’ атымен дискіге жазып, оны орындауға жіберіңіз. Программа жұмысын аяқтағаннан кейін, BPредакторының көмегімен біздің программамыз құрған `mayFile.in` файлын ашып, оның мазмұнын көріңіз. Өкінішке орай сандар файлда бос орынсыз тіркесіп жазылған болып шығады. Мұндай жазбадан қандай сандар жазылғанын анықтау қиындық тудырады. Бұл жағдайды қалай түзетуге болады?  

Ол үшін, сандары бір бірінен дәл ажыратудың екі мүмкіндігі бар:

а.әрбір мәнді бос орын (``)белгісі арқылы бөліп жазу

в.әрбір мәнді жаңа жолға жазу (баған бойынша).

Бірінші жағдайда енгізілетін айнымалы атауынан кейін бос орын (``) белгісін қоямыз.

write(FileOut, SanMolcheri,``);

    for i:= to SanMolcheri do

          write(FileOut,San[i],``);

екінші жағдай үшін, writeln() процедурасын қолданамыз:

            writeln(FileOut,SanMolcheri);

              for i=1 to SanMolcheri do

                  writeln(FileOut, San[i] );

Тапсырма

1.Енгізілетін мәліметтер `mayFile1.in` атауымен берілген файлға, бір жолға және бос орын арқылы жазылатындай етіп , Misal_F1 программасын өзгерту керек. Жаңа программаны Misal_F2 атымен сақтаңыз.

2. Misal_F1 программасында берілген мәліметтер  `mayFile2.in` файлына әрбір мәлімет жаңа жолдан жазылатындай етіп, өзгерту керек. Жаңа програманы Misal_F3 атымен сақтаңыз.

3.Пернетақтадан 20 жол мәтін енгізіп, оны шығу файлына жазатын, Misal_F4 атауымен сақталатын программа жазыңыз.

 

 

3. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу.

Екі өлшемді массив.

         Алдыңғы тақырыпта сіз мәтіндік файлдарды ашуды, оған ақпараттарды жазуды үйреніңіздер. Write()- процедурасын пайдаланып мәліметтерді бір жолға, ал writeln()—процедурасын пайдаланып оларды бағанға жазуды көрдік. Осы білгендерімізді пайдаланып, келесі есепті шешіп көрелік:

         Пернетақтадан, өлшемі 100х100, элементтері бүтін сан болатын, екі өлшемді массив енгізіледі. Осы массивті элементтерінің орналасу реті бойынша, ayFile5.in` атымен, мәтіндік файл  түрінде жазатын, программа жазу керек.

Бұл есеп те, алдыңғы тақырыпта қарастырылған есепке ұқсас, екі негізгі кезеңнен тұрады:

1.Пернетақтадан мәліметтерді енгізу

2.Оларды атауы ayFile5.in`болатын, файлға жазу керек.

Бірінші кезеңді орындау үшін :

Пернетақтадан енгізілетін, массив өлшемдерінің нақты мәндерін кіргізу;

Массив өлшемдерін біле отырып параметрлі цикл операторын қолданып массив элементтеріне нақты мәндерді меншіктеу.

Мәліметтерді енгізу процедурасының мәтінін Misal_8 программасынан алуға болады. Ал мәліметтерді өңдеу процедурасы өзгеріссіз қалатындықтан, Misal_F1программасындағыдай болады.

Массив элементтерін  `МayFile5.in`файлына жазу процедурасының қандай болатындығын қарастыралық:

procedure exi;

                                                     var

                                                    FileOut: text;

          

12345След.
скачать работу

Паскаль програмдау тіліндегі файлдармен жұмыс

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ