Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Паскаль програмдау тіліндегі файлдармен жұмыс



 Другие рефераты
Контроль - понятие, система, виды Восприятие цвета человеком Выдающиеся психологи Отечества. Выготский Л.С. (1896-1934) Высшие психические функции

1 Файлдардың түрлері 

Осыған дейін, біз мәліметтерді пернетақтадан негізіп, оларды экранға шығардық, программа жұмысы кезінде олар компьютердің оперативті жадында сақталатын да, есептеулер біткеннен кейін бұл мәліметтер жоғалып кетеьін. Жұмыс нәтижесін келешекте пайдалана алу үшін, мысалы, оларды есептеулерге пайдалану үшін немесе жңа мәліметтерді алу үшін, оларды есте сақтап қалу керек. Ондай тәсілдердің ьірі мынадай: нәтиже экранға шыққан соң қолға қаламсап (қарындаш) және бір бет қағаз алып, бұл мәліметтерді жазып алу. “Дербес компьютерлер” дәуірінің басында оларды “үй тапсырмасы” деп атаған да, шын мәнінде солай болған. Қазіргі кездегі дербес компьютерлердің барлығы ақпаратты сақтауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. Қызметтеріне қарай оларды: магниттік ақпарат тасымалдаушылар немесе жазылатын CD- дискілер деп атайды. Ақпаратты сақтау осы тасымалдаушыларда ұйымдастырылады, бұл жағдайда біз алған нәтижелерді солардың жадында сақтаймыз. Барлық мәліметтер осы тасымалдаушыларда файлдар түрінде сақталады.

         Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі).

         File(ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді.

         BorlandPascal-да файлдарды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады:

файлдың типі бойынша (оның логикалық құрылымына )

файл элементтеріне қатынау тәсілі бойынша

Типтері бойынша файлдар шартты тұрде үш түрге бөлінеді:

мәтіндік файл;

типтік файл;

типтік емес файл.

Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз.

Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:

Тікелей қатынау файлдары

Кезекпен қатынау файлдары

 

Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдарында арнайы

процедуралар  және функцияларды  пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады, ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді. Мәтіндік файлдар кезекпен қатынау файлдарына жатады, ал типтік файлдар тікелей қатынау файлдарыа жатады.

2. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу.

Бір өлшемді массив.

Ең қарапайым файл типі мәтіндік файл болып табылады. Бұл файлдағы мәліметтер типтік және типтік емес файлдардағыдай машиналық кодта емес, сан, әріп және басқа пернетақта символдары түрінде (ASCIIкодында) беріледі. Сондықтан мұндай файлдар мазмұны оңай қаралады, оңай өзгереді және оларды кез келген мәтіндік редактордың, соның ішінде BorlandPascalортасының да көмегімен өзгертуге болады. Өздеріңіз білетіндей 2.1.2.-ні  қара, мәтінді теру кезінде жаңа жолды енгізу үшін “Enter” пернесін басу керек, осы кезде арнайы код гинерацияланады—ол жол соңы коды, ал файлды сыртқы сақтау құрылғысына жазған кезде де арнайы код гинерацияланады—ол файл соңы коды. Мәтіндік файлды оқығанда бұл кодтар көрінбейді.

         Келесі есепті шешіп көрейік: Пернетақтадан бірнеше сандар енгізіп, оларды “mayFile.in” атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек.

         Есепті кезеңдерге бөлейік:

пернетақтадан мәліметтерді енгізу

оларды   “mayFile.in” атты файлға жазу керек.

 

Бірінші кезеңді орындау үшін:

пернетақтадан енгізілетін сандардың мөлшерін (массив өлшемін) көрсету керек

Сан мөлшерін білген соң, параметрлі циклді қолдану арқылы массив элементтеріне осы сандардың нақты мәндерін меншіктейміз

Осы әрекеттерді орындау үшін қолданылатын айнымалыларды сипаттаймыз. Айталық, санымыз 100-ден көп емес және олар басқа да процедураларда қолданылатындықтан, оларды ауқымды айнымалыларды баяндау блогында сипаттаймыз.

рrogram Misal_F1;

                                                var

                                                San: array [1..100] of integer;

                                                                      i, SanMolcher: integer;

 

Мәліметтерді енгізу процедурасы  келесі түрде болады:

procedure init; begin readln (SanMolcheri);

                                   for i:=1 to SanMolcheri do

                                   begin

                                     write (“San[“,i,”]=’);

                                     readln(San[i]);

                                   end;

Мәліметтерді өңдеу процедурасы әзірге бізге қажет емес, сондықтан ол қызмет атқармай-ақ қойсын.

                           procedure work ;

                              begin

                              end;

         Енді екіншісі кезеңді қарастырайық, яғни мәліметтерді «mayFile.in»атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек. Алдымен өз файлмызды байланыстыратын, айналымның атауын беру керек.Айталық, ол айналымның атауы FileOutболсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттаумыз керек. Бұл айнымалыны шығару процедурасында пайдаланатын болғандықтан, оны жергілікті айнымалы ретінде сипаттаймыз:

                            var

                            FileOut: text;

Одан кейін біз программаға, “мәтіндік” типтегі FileOutатты айнымалының, біздің “mayFile. in” атты нақты файлмызды белгілейтінін көрсетуіміз керек. Ол үшін assign(NameVar, NameFile)процедурасы қолданылады. NameVar—бұл файлды белгілеу үшін берілген айнымалы аты, біздің жағдайда NameVar—дың орнына FileOutсөзін жазасыз. NameFile—бұл біз жұмыс істейтін файлдың аты, біздің жағдайда”mayFile.in”.

         Файл аты мен оның кеңейтілуінен  басқа орналасқан орнына қарай сипатталатыны да белгілі. Мысалы,”c,bpbinMyFile.in”. Ал егер толық аты берілмеген жағдайда, үнсіз келісім бойынша сіздің программаңыз  орналасқан ағымдағы каталог қолданылады. Енді сіз берілген файлды ашып, оған мәліметтер жазылатындығын көрсетуіңіз керек. Ол үшін rewrite(NameVar)процедурасы қолданылады. Мұндағы, NameVar-бұл файлды белгілеу  үшін берілген айнымалы аты, біздің жағдайда NameVar—дың орнына  FileOut   атауы жазылады.  rewrite(

NameVar) процедурасы—файлды жазу үшін ашады және көрсеткішті файлдың басына орналастырады.

         Енді мәліметтерді файлға жазуға бәрі дайын. Ол үшін бұрынан белгілі Write() және Write() процедураларын қолданамыз. Жазулар экранға емес файлға жазылуы үшін, мәліметтерді шығару бағытын көрсетеміз. Яғни, жақшаның ішіндегі мәліметтерді жазатын айнымалы атауының алдында, бізді файлмен байланыстыратын assign() процедурасындағы айнымалы атуын көрсетеміз. Айталық, берілгендерді шығыс файлына бір жолға жазу керек болсын, бұл жағдайда бірінші мән ол енгізілетін сандардың

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Технопарки в России. Особенности развития
Методы исследований социально-экономических процессов в регионе
Основные представления о специальной и общей теории относительности
Ренуар Пьер-Огюст


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ