Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Патологиялық негіздері. Жергілікті қанайналымның бұзылуы



 Другие рефераты
Ішкі жұқпалы емес аурулар Клиникалық диагностика. Фармакология Жоғары дәрежелі нерв қызметі және оның жастық ерекшеліктері Валеология пәнінен ГЛОССАРИЙ

Сабақтың мақсаты. Анемия (қаназдық), веноздық және артериальдық гиперемия, қанағудың әр түрлерінде ұлпалардың макро- және микроморфологиялық өзгерулерін меңгеру.Препараттар арқылы қан айналу процесінің бұзылуының әсерінен ұлпалардағы өзгерістерді анықтау.

Жұмыс істеу орны. Кафедра зертханасы.

Құрал-жабдықтар. Зертханалық жануарлар (қоян, бақа);

құралдар – шприцтар, иньекциялық инелер, қайшы, скальпельдер, хирургиялық пинцеттер, хирургиялық инелер мен ине ұстағыштар, хирургиялық жібек  жіптер, дәкілік орамалар және мақталы-дәкілік тампондар.

медикаменттер – 0,5 пайыздық навокоин ерітіндісі,  йод тұнбасы, этил спирті, магний сульфатының 10 пайыздық ерітіндісі, скипидар.

Методикалық нұсқаулар. Зертханалық жануарларға студенттер оқытушының жетекшілігімен артериальды және венозды гиперемия суретімен танысады және оның негізгі белгілерін меңгереді; жергілікті анемияны және оның байқалуын меңгереді; сыртқы қан ағуды экспериментті түрде туғызады артериальды  және венозды қанағудың айырмашылықтарын бекітеді, оны тоқтату әдістерін меңгереді.

Макро- және микропрепараттардың коллекциялары бойынша қанайналымының түрлі бұзылуларын ерекшеліктерін меңгереді; жұмыс дәптеріне кестелік суреттемелер мен жазуалрды енгізеді.

Сабақ соңында студенттер оқытушының сұрақтарына жауап береді және лаборантқа оқу материалдарын тапсырады.

Теориялық бөлім. Гиперемия: артериальды гиперемия, веноздық гиперемия. Жергілікті анемия ( ишемия), қан ағу, тромбоз, эмболия. Сипаттама беру.

Тапсырмалар.

Гиперемияның белгілерін көрсету.

Тапсырма 1. Қоян құлағында артериальды гиперемияның сыртқы белгілерін зерттеу.

Тапсырма 2. Бақаның тілінде артериалды гиперемияның микроскопиялық көрінісін зерттеу.

Тапсырма 3. Қоян құлағында веноздық гиперемияның сыртқы белгілерін зертттеу.

Тапсырма 4. Бақаның тілінде веноздық гиперемияның микроскопиялық көрінісін меңгеру.

Анемияның белгілерін көрсету.

Тапсырма 1. Компрессиондық анемияның сыртқы белгілерін зерттеу.

Тапсырма 2. Бақаның тілінде жергілікті анемияның микроскопиялық көрінісін зерттеу.

Тромбоздың белгілерін көрсету.

Тапсырма 1. Бақаның венасындағы тромбының түзілуін зерттеу.

Тапсырма 2. Қоянның өкпелік артериасындағы тромбының түзілуін зерттеу.

Бақылау сұрақтары.

  1. Жергілікті қан айналымының бұзылуының қандай түрлері бар?
  2. Артериальды гиперемияның себептері қандай?
  3. Венозды гиперемияның артериальдыдан айырмашылығы қандай?
  4. Ұлпа мен мүшелердің анемиясына тән белгілер?
  5. Қан ағу немен шарттасқан және олар қалай жіктеледі?
скачать работу


 Другие рефераты
История - Экономическое развитие России в начале XX века.
Развитие аналитической геометрии
Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба?
Рекультивация почв загрязненных нефтегазовыми выбросами


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ