Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Валеология пәнінен ГЛОССАРИЙ



 Другие рефераты
Патологиялық негіздері. Жергілікті қанайналымның бұзылуы Жоғары дәрежелі нерв қызметі және оның жастық ерекшеліктері Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы Зәр шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Жеке бас гигиенасы. Киім және аяқ киім гигиенасы

Авитаминоз - ұзақ уақыт организмге қажетті витаминдердің біреуі не бірнешеуі жейтін тамақта мүлде болмай немесе жетіспейтін құнарсыз ас ішкендіктен пайда болатын организмнің ауру жағдайы. Кей кезде организмдердің витаминдерді сіңіру қабілеті нашарлағанда не жойылғанда байқалады.

Аккомодация – көздің сәуле сындыру күшінің әртүрлі қашықтықтағы заттарды айқын көруге икемделуі.

Акселерация – қазіргі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының ата – аналарының сол жастағы көрсеткіштерімен салыстырғанда немесе өткен ғасырдағы адамдармен салыстырғанда жылдам және ертерек болуы.

Аккомодация – талдағыштар жүйесінің физиологиясында көру мүшелерінің сәуле сындыру күшінің әртүрлі қашықтықтағы заттарды айқын көруге икемделіп, бейімделу қабілетін айтады.

Аллергия – басқа текті тітіркендіргіштердің қайталанып әсер етуіне организмнің пайда болған қарсы белсенділілігі. Басқа текті заттар (микробтарб вирустар, басқа текті белок т.б) организмге алғаш рет енгенде денеде оған қарсы денешіктер пайда болады. Сол тітіркендіргіштер екінші қайта әсер еткенде қарсы денешіктер оларға шабуыл жасайды , мысалы , аллергияға байланысты организмге түрлі аллергиялық аурулар (бронх демікпесі , қызба, есекжем т.б.) пайда болады.

Антиген – қанда және басқа ұлпаларда  өзіне қарсы денешіктерді тудыратын организмдер үшін басқа текті зат.

Антидене – организмге кірген басқа текті заттарға қарсы пайда болатын иммуноглобулиндер тобындағы белоктар.

Антропометрия – адамның бойын , салмағын , кеуде шеңберін т.б. дене көрсеткіштерін өлшеу.

Антропометрлік басты көрсеткіштер – адам денесінің антропометрлік басты көрсеткіштеріне адамның жасына, ұлтына, жұмысына байланысты өзгеретін дененің және оның сегменттерінің геометриялық келесі мөлшерлері жатады: бастың ұзындығы  тұла бойдың отырғанда және түрегеліп тұрғандағы ұзындықтары, қолдары мен аяқтарының ұзындықтары, қолдары мен аяқтарының ұзындықтары, бастың және кеуденің  шеңберлері. Бастың шеңберін маңдай сүйегінің үстін, желке (шүйде) сүйегінің ең томтайып шығып тұрған нүктесінен бастап, ұршық нүктесіне дейінгі ұзындық өлшемі. Кеуде шеңбері немесе көкірек шеңбері — адамның қолтығының астын, сүт бездерінің жоғарғы нүктесін баса, айналдыра жасалған өлшем. Қолдың ұзындығы – иықтың жоғарғы нүктесінен ортаң саусақтың ұшына дейінгі ұзындық өлшемі. Аяқтың ұзындығы – түрегеліп тұрған адамның  ұршық нүктесінен бастап, табанының жерге тиіп тұрған жеріне дейінгі ұзындық өлшем.

Артерия қан тамыры – жүректен мүшелерге және ұлпаларға оттегімен байытылған қанды таситын қан тамыры.

Артериялық қан қысымы – артерия қан тамырларындағы қанның қысымы.

Артерия қан қысымының систолалық мөлшері – жүрек систоласының соңғы сәтінде байқалатын артерия қысымы, с.б.б. –120 мм.

Артерия қан қысымының диастолалық мөлшері – жүрек диастоласы кезіндегі артерия қысымы , с.б.б.–80 мм.

Ас қорыту – тамақтың құрамындағы күрделі қоректік заттардың ас қорыту жүйелерінде механикалық, химиялық және биологиялық жолмен өңделіп, сіңіруге ыңғайлы нвқты бір организмге бейімделген қарапайым түрге айналып, сіңуі.

Бинокулярлық көру (лат.visus bini – екі, қос+oculus – көз) – екі (қос) көзбен көру. Ми қыртысының көру орталығында көзге көрінген бейнені қалыптастыруда екі көзден де келетін көру мәліметі пайдаланады. Сыңар көзбен қарағаннан гөрі қос көзбен бірдей қарағанда заттың кеңістіктегі орыны толығырақ сезіледі.

Биологиялық белсенді заттар – тіршілік жүйеге әсер ететін химиялық заттар. Бұларға өсімдік не жануар денесінде өндірілетн гормон, фермент, антибиотик т.б іспетті заттар жатады.

Вегативтік жүйке жүйесі – ішкі мүшелердің (вегативтік) қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары организмнің барлық мүшелері мен ұлпаларын нервтендіріп, трофикалық (гр. trophe – қоректендіру) әсер етеді. Вегетативтік жүйке жүйесі бір – біріне қарама – қайшы қызмет атқаратын симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері болып екіге бөлінеді.

Газ алмасу – қан мен клеткааралық сұйықтықтың арасындағы оттегі және көмірқышқыл газдарын алмасу қасиеті.

Гемодинамика – а) қан тамырларының бойымен қанның қозғалуы, қан айналасы;  ә) жүрек пен қан тамырлар жүйесінде қанның қозғалысының себептерін, тетіктерін және жағдайларын зерттейтін ғылым саласы. Негізгі мәселелері: қанның физикалық қасиеттері, қан тамырларының серпімділігі, етінің жиырылуы, қан айналысының әр жеріндегі қан қысымы, жүрек пен қан тамырларының қызметін реттеу негіздері т.с.с.

Гигиена – адамның денсаулығына әсер ететін сыртқы ортаның жағдайларын зерттейтін ғылым.

Гипноз – санасы толық тежелмеген, бірақ гипноздаушы адамның сөзін қабылдау қабілеті сақталған, ұйқы іспетті адамның психиалық ерекше жағдайы.

Гуморальдық реттеу – организмнің сұйық орталарында (қан, лимфа, клеткадағы және клетка аралық сұйықтық) еріген қалыпта болатын биологиялық белсенді заттар арқылы мүшелер мен мүшелер жүйелерінің тіршілігін реттеу жолы.

Дәм сезу – ауыз қуысындағы дәм сезгіш баданаларға әсер ететін химиялық заттардың қасиеттерін қабылдау.

Дифференциация – даму барысында организмдегі мүшелердің немесе жеке ұлпалардың құрылысы мен қызметінің ерекшеленуі.

Екі сигнал жүйесі – И.П.Павловтың тұжырымдауынша, организмді қоршаған әлемнің құбылыстары мен заттардың әсерлерін қабылдап талдау және жинақтап тұжырымдауға қатысатын мүшелер жүйесі, яғни адам мен жануарлардың миында сыртқы ортаның тікелей нақтылы әсерлерін сезіп, бейнелеу – бірінші сигнал жүйесіне жатады. Оған көру, есту, иіс, дәм, ауру, қысым т.б. сезімдері қабылдайтын мүшелер жүйелері мен олардың қызметі жатады. Бұл адамда да жануарларда да болады. Еңбек етуіне және әлеуметтік дамуына байланысты адамда ғана болатын екінші сигнал жүйесі бар. Бұл – естілген, айтылған, жазылған, оқылған сөздер арқылы дүние тану , сыртқы мәліметтерді қабылдап білу.Екінші сигнал жүйесі адамның үлкен ми сыңарларының жетіліп, орасан дамуының нәтижесінде пайда болған.

Ес  – көрген – білген, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап және тәжірибе ретінде тірі жүйелердің пайдалануы.

Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін өзгертпестен қайта жаңғырту.

Жүйкелік (нервтік) реттеу жолы – жүйке жүйесінің қатысуымен мүшелердің , ұлпалардың, клеткалардың қызметін реттеу жолы.

Нейрон – ми мен жұлын ұлпаларының клеткалары.

Нерв немесе жүйке талшығы – денесі ми немесе жұлында, ганглийде орналасқан нейронның екі немесе бірнеше ұзын талшықтарынан (аксоннан) тұратын жүйке. Нервтер шеткі, яғни перифериялық  жүйке жүйесін құрады. Нервтер көп: мидан 12 жұп, ал жұлыннан 31 жұп нервтер шығады. Бұлардың кейбіреулері не сезгіш, не қозғалтқыш талшықтардан, ал кейбіреулері әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш талшықтардан тұрады.

Нерв импульстері – жұмысшы мүшенің немесе ұлпаның қызметін, әрекетін тудыратын, бірінен соң бірі жүріп жататын қозу толқындары.

Медиатор — нерв ұштарынан жұмысшы мүшеге (ет, без т.б.) немесе бір нейроннан екінші нейронға қозуды өткізетін биологиялық белсенді зат.

Физиология – организмдердің тіршілігі, мүшелер жүйелерінің, жеке мүшелердің, ұлпалар мен клеткалардың қызметі туралы ғылым , ол қандай да болмасын қызметі организмнің бір тұтастық заңдылығы және сыртқы ортамен қарым – қатынасы, оның сыртқы ортаның  өзгермелі жағдайларына бейімделуі тұрғысынан зерттеп, анықтайды.

Функция – тірі организмдердің, мүшелердің, ұлпалардың, клеткалардың атқаратын арнайы қызметі.

Функционалдық жүйелер – белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген және сол қызметті атқаруға қатысатын мүшелер жинағы . Адам денесінің мүшелерін келесідей мүшелер жүйелеріне  топтастырады: жүйке, жүрек – қан тамырлар (қан айналыс жүйесі деп те атайды) , ас қорыту, тыныс, тірек – қимыл, зәр шығару. Жүйке жүйесіне ми мен жұлында (орталық жүйке жүйесі) орналасқан және аксон талшықтары толардан шығып, күллі денеге, оның мүшелеріне, ұлпаларына, клеткаларына тарайтын нейрондар, оның ұзынды – қысқалы талшықтары мен талшықтарының сезгіш және қозғаушы ұштары (шеткі жүйке жүйесі ) жатады. Жүрек – қан тамырлар жүйесі – төрт камералы қуыс мүше – жүрек , денедегі артерия, вена, капилляр қан тамырлары. Ас қорыту жүйесіне өзектері ауыз қуысына ашылатын 3 жұп сілекей бездері мен тіл, тістер, жұтқыншақ, өңеш, ішек – қарын, бауыр, қарын асты бездері мен қарынның және ішектердің қабырғасындағы ас қорыту бездері жатады. Тыныс жүйесі — өкпе альвеоларлары, мұрын, кеңірдек, бронхылар мен бронхиолалар , тері (жартылай). Зәр шығару жүйесіне бүйрек, қуық, несеп жолдары, жартылай өкпе мен тері жатады. Тірек – қимыл жүйесі – адамның қаңқасы, қозғалмалы сүйектердің арасындағы байланыс қызметін атқаратын буындар мен қи

12
скачать работу


 Другие рефераты
Гепарин
Айманов Шәкен Кенжетайұлы
Әлеуметтік орта - тәрбие құралы
Дуговой разряд в газах


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ