Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сәкен Иманасовтың шығармашылығы

зметтер атқарған, Қазақстан Республикасының халық депутаты болып сайланған қайраткерлiгi тағы бар. Соның бәрiн таратып айтып қөзi қарақты оқушыны жалықтырғым келмейдi. «Туғалы сойылдан да, дойырдан да айылын жиып көрмеген айбарлы ақын» бойындағы барша қуат, екпiнiмен, тыныш өмiр сүре қойған жоқ. Сол тынымсыз еңбек пен табиғи талант оны ақын еттi, халыққа жақын еттi. Бүгiнгi биiгiне көтердi. Бүгiн де ол айдарынан жел ескен ай мүйiздi айтулы ақын! Халық¬аралық мәртебедегi «Алаш» әдеби сыйлығының ең тұңғыш иегерiнiң бiрi, Қазақстаның еңбек сiңiрген қайраткерi, Алматы облысы мен Ұшарал қаласының құрметтi азаматы. Бiз бiрге өсiп, бiте қайнасқан жоқпыз, бiрiмiз оңтүстiк те, бiрiмiз солтүстiкте тұрыппыз. Екеуiмiз парталас та, курстас та, тiптi көршi де емеспiз. Әйтсе де оған менiң жаным жақын. Екеуiмiздi тумай туыстырған әдебиет атты киелi өнер. Мен оның өзiн көрмей тұрып өлеңiн, көрген соң өзiн ұнаттым.
Бүгiнде бетiң бар, жүзiң бар демей шындықты бетке айтатын батылдар мен батырлар аз, Сәкен Аға Иманасов сондай алтындай аз, алмастай асыл азаматтың бiрi, бiрегейi десек те артық емес. «Ақ сүтiмен ананың емген арды», «қолтығына бiреудiң, тығылмайтын, жылжымайтын ешкiмнiң аяғына» бұл Сәкен нағыз ақын! «Батырынан бедел кеткен кезде де, ақынына әулиедей сенетiн ел. Сәкен Иманасов дөп басып айтқандай:

Ақын деген сөзi емес пе халықтың,
Өзi емес пе ертең iздер жоқшының.

Осы тұста шығыс даналарының бiрi айтқан ешқашан ескiрмейтiн бiр естi сөз ойға оралып тұр:

Ақындары әкiмдерiн iздесе,
Ондай елдiң маңдай соры бес елi.
Әкiмдерi ақындарын iздесе,
Бақыт нұрын кешедi.

Сәбит ДОСАНОВ,
жазушы.

12
скачать работу

Сәкен Иманасовтың шығармашылығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ