Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл



 Другие рефераты
АҚША АНАТОМИЯСЫ Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары Басқа да есептелген шығындар есебі Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі

Әрбір субъект міндетті түрде салық комитетінде тіркелуі тиістігін бәріміз білеміз. Мұндай субъектілер республикада қанша? Салық  органдарында тіркелетін салық төлеушілер санына ел экономикасының өсуі қаншалықты әсер етті? Осы және басқа да салық салу мен салық есептілігіне байланысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықты әкімшіліктендіру басқармасының бастығы Арғын ҚЫПШАҚОВТЫҢ айтып беруін өтінген едік.

– Салық төлеушілер саны жыл­ма жыл өсіп келеді. Бұл, әри­не, мемлекетіміз экономикасы өсуінің арқасы. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарына салық орган­дарында 582 937 салық төлеуші салық салу мен салық есептілігіне тіркелген болса, 2005 жылдың 1 қазанында олардың саны 865 311-ге жетті. Өсу 48 пайызды құрады.

Сонымен бірге тізімі ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында орналасқан салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару республика үшін өзекті мәселе болып отыр. Кім бұл тізімге кіреді және одан қалай шығуға болады?

— Соңғы екі жылда салық ор­ган­дары әрекетсіз заңды тұл­ғалар­ды Қазақстан Республикасы Са­лық төлеушілерінің мемле­кеттік ті­зілімінен шартты түрде шығару бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бүгін олардың саны 72 мыңнан астам.

Шартты түрде корпорациялық табыс салығы туралы декларация­ны немесе жеңілдетілген декла­рацияны Салық кодексінде белгі­ленген оларды беру мерзімінен бір жыл өткеннен кейін бермеген ұйым­дар шығарылады, бұған аталған декларацияларды беру жө­ніндегі талаптар қолданылмай­тын салық төлеушілер қосыл­майды.

Біз бұл жөнінде бірнеше рет айтқан болатынбыз, алайда бәрібір салық төлеушілерге тағы да салық салу мақсатында шартты түрде шығарылған салық төлеу­ші­лер қызметінің тоқтатылатынын және олармен барлық өзара есеп­тесу күмәнді болып есептелетін­дігін мемлекеттік тізілімнен шарт­ты түрде шығару арқылы ескертеміз.

Бірақ әрбір шартты түрде шы­ғарылған салық төлеуші күшін жоймаған салық төлеуші ретінде барлық қажетті салық есептілігі, бюджетке салықтар мен төлем­дерді тапсырғанда қайта қалпына келтіріледі.

— Былтыр “бір терезе” қағи­даты бойынша заңды тұлғаларды тіркеу рәсімі оңтайландырылған болатын. Биылғы жылдың ақпан айында Мем­лекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында осы қағидат бойынша халыққа қызмет көрсету орталықта­рын құру туралы тап­сырма берген болатын. Бұл бағыт­та салық органдары қандай жұмыс жүргізіп жатыр?

— Расында, өткен жылдың қыр­күйек айында салық орган­да­ры әді­лет және статистика орган­дарымен бірлесе отырып, “бір терезе” қағи­да­ты бойынша заңды тұл­ғаларды (филиалдарын, өкіл­дік­терін) тір­кеудің оңтайланды­рыл­ған тәртібі енгізіліп, қазір жақсы жұмыс істеп жатыр.

Мұндай орталықтарды құру ақпараттық жүйелерді де құруға алып келеді, оны қазір ҚР ҚМ Са­лық комитеті іске асырды. Қазір бұл жүйе арқылы салық төлеуші ре­тін­де тіркеу туралы куәлік беруге жә­не халыққа қыз­мет көрсету орта­лық­тары арқылы бюджетпен есеп айырысу туралы анықтама алуға мүм­кіндік туып отыр. Сондай-ақ элек­тронды сан­дық қол қоюы бар тұл­ғалар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген, оны пай­даланғанда кеңсеңізден шық­пай-ақ құжат алу үшін электрондық өтінішті тол­тырып және жіберіп, құжатты әзірлеу кезеңімен таныса аласыз. Егер ол адамның тиісті түр­дегі компьютерлік жабдығы бол­маса, осы мақсатқа әдейі бөлін­ген “Тер­минал” бағдарламалық қам­тамасыз ету орнатылған ком­пью­терді пай­далана алады. Сұра­тыл­ған құжат­тың дайын немесе дайын еместігі туралы ақпарат алу үшін орталыққа әдейі­леп келген аза­маттар үшін арнайы электрондық экрандар орнатылған, ол жерде құ­жатты алуыңызға бо­ла­тын “терезе” нөмірімен бірге беруге дайын құжаттардың тізімі көрініп тұрады.

— Салық органдары салық төлеу­шілерді салық есептілігін элек­т­рондық түрде тапсыруға жұмыл­дырып жатқандығы туралы естіп жатырмыз. Сонда салық есептілігін электрондық түрде тапсыратын салық төлеушілердің қандай да бір артықшылығы бар ма?

— Көптеген дамыған елдерде қызмет көрсету мен ақпараттармен өзара алмасу рәсімдері автомат­тан­дырылған. Біз де заңды және жеке тұлғалар құжаттармен электрондық алмасуды пайдалану арқылы өз салық міндеттемелерін орындай алатын, оның ішінде салық есеп­тілігін тапсыра алатын бірқатар ақпараттық жүйелерді әзірледік.

Құжаттармен электрондық алмасудың негізгі артықшылығы:

– салық есептілігін кеңседен шықпай-ақ және тәуліктің кез кел­ген уақытында тапсыру мүмкінші­лігі;

– салық есептілігін толтыр­ған­да жіберіп алған қатені дер кезінде түзетуге (бағдарламалық қамтама­сыз етуде салық есептілігін дұрыс толтыруды алдын-ала бақылау қызметі бар) мүмкіншілігі.

Әрине, әрбір жаңалық кімнің болмасын түсінбеушілігі мен кір­пияз­дығын тудырады. Сондықтан ҚР ҚМ Салық комитеті егер кә­дімгі салық есептілігін электронды түрде тапсыратын болса, онда оның мерзімін ұзартуға мүмкіндік берілетін бұйрық шығарды.

– Соңғы кездері автоматтан­дырылған камералы бақылау жиі сөз болып жүр. Бұл не – кезекті салық тексеруі ме?

— Біріншіден, салық есептілі­гінің нысандарын камералы бақы­лау түрі салық тексеруі болып та­был­майтындығын бірден айта ке­тейін. Бұл тікелей салық органында салық есептілігіндегі қателер мен қайшылықтарды салық тексеруін жүргізбей анықтайтын, керісінше, салық төлеушіге көрсе­тетін қызмет түрі. Демек, салық тө­леушілер үшін әкімшілік айып­пұл­дар салынбайды. Бұдан тыс, автоматтандырылған камералы бақылау ҚҚС әкімшілік­тендіруді, оның ішінде “біркүндік” фирмалар мен жалған фирмалар берген жал­ған шот-фактураларды айқындауды күшейтеді.

Салық есептілігінің нысан­дарын камералы бақылау бүгінгі таңда тек салық органдары үшін емес, жалпы республика үшін жетістік болып табылады. Тап қазір ЕурАзЭҚ-қа мүше барлық елдердің ішінде мұндай рәсімнің тек біздің елде ғана жүргізіліп отырғанын айта кету керек.

– Сонда мұндай бақылаудың нәтижелері қандай?

— 2005 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салық органдары салық заңнамаларын бұзушылықты өз бетімен жою туралы салық төлеушілерге 93676 хабарлама та­рат­ты. Бұл ретте салық төлеушілер салық есептілігінің 39788 қосымша нысандарын өздері тапсырды, яғни жалпы сомасы 536,4 млн. теңге ҚҚС есептелді.

Биылғы жылдың 9 айы үшін салық төлеушілер салық есепті­лігінде көрсеткен залалдар сома­сы 12,3 млрд. теңгеге кемітті.

Сондай-ақ салық есептілігін тапсыру мен салықтарды төлеу мәселесіне салық төлеушілердің бәрі бірдей адалдық танытып отыр деп айта алмаймын. Мы­салы, 2004 жылдың қорытындысы бойынша салық органдары заңды мекен-жайы бойынша жоқ болып шыққан және салық есептілігін пошта ар­қы­лы не болмаса элек­тронды түрде “нөлдік” көрсет­кіш­термен тапсыр­ған 2693 салық төлеушіні айқында­ды. Оның ішіндегі 146 салық төлеу­ші 2004 жылдың төртінші тоқса­нында 6875,3 млн. теңге сомасына шот-факту­ралар берген. Бюджет тек ҚҚС-тан 1100,9 млн. теңге жоғалтып отыр. Қылмыс белгілері анықталған барлық материалдар жедел түрде іс қозғау шешімін шығару үшін қаржы полициясына жіберіледі.

– ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында жалған кәсіпкер деп танылған салық төлеушілердің тізімі орналастырылған. Ол қандай мақсаттар үшін жасалған? Қандай нәтижелер күтіледі?

– Заңды күшіне енген соттар­дың үкімімен кәсіпкерлік қыз­мет­ті жүзеге асыру ниетінсіз жалған кәсіпкерлік құрған бірқатар субъектілер анықталды. Аталған салық төлеушілер тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша жалған шот-фактуралар толтырған. Тек 2003 жылдан 2005 жылдың 1 қыркүйегі аралығын­дағы олардың жалпы сомасы 3892 млн. теңге, оның ішінде ҚҚС – 584,4 млн. теңге құрайды. Сөйтіп ҚҚС пен КТС бойынша салық салу базасын төмендетіп көрсету жолымен мемлекеттік бюджетке айтарлықтай зиян келтірілді.

Мұндай салық төлеушілердің қылмысты әрекеттеріне байла­ныс­ты мемлекеттік бюджеттің зала­лының алдын-алу мақсатында ҚР ҚМ Салық комитеті салық төлеуші қызметін жалған кәсіпкер деп тану туралы сот актісінің негізінде ҚҚС салық төлеуші куә­лігінің күшін жоюды көздей­тін бұйрық шығарды. Сонымен бірге заңды мекен-жайы бойын­ша өздері жоқ, бірақ шот-фактура толтырып беретін, сондай-ақ айыпталушы ретінде қылмыстық іс қозғалуы тоқтатылған салық төлеушілер бойынша ҚҚС салық төлеуші куәлігінің күшін тоқтата тұру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл ретте салық органдары мұндай салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс опера­циялары тоқтатылып, олардың қызметін жалған кәсіпкерлік деп тану туралы сотқа берілетін талап-арызға бастамашылық жасайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Дербес Компьютер есте сақтау құрылғысы
Анторопово- одно из старейших сел Назаровского Района Красноярского края
Применение лазеров
Комплекс упражнений для детей дислаликов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ