Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі

с салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірмей өткізеді.

Жеке табыс салығы бойынша декларациясын мынадай салық төлеушілер:

-   төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

- тұрғын үй салу мен осындай құрылыс материалдарын сатып алуды жүзеге асырғандар;

-   ҚР шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

-  ҚР шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

-   ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

-   ҚР Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.

Әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойыншадекларацияны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.

Салық төлеушіден салық декларациясын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық декларациясын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық деларациясын тапсыру мерзімін өзгертпейді.

Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.

Төртінші әдіспенсалық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.

Салықтық есептің екі әдісі қолданылады:

- кассалық;

- есептеу.

Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен  бастап есепке алынады.

Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық органдары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.

 

1.3. Салық салу механизмі және қағидалары

Салық механизмі- салықтың ұйымдық—құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығы, бұған әр түрлі салықтық реттеу құралдары да (салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері және т.б.) енеді. Мемлекет өзінің салық механизміне салық заңдылықтары арқылы құқықтық нысан беріп, оны реттеп отырады. Салық механизмі практикалық салық іс-қимылдарының жиынтығы, яғни салық заңдары ережелерін практикада жүзеге асырудың шарттары мен тәртіптерінің жиынтығы. Объективті негізгі бағытталмаған кез-келген салықтық іс-қимыл ұдайы өндіріс процесіне субъективтік қол сұғу ретінде қарастырылады және олардың нысанының өзгеруіне әкеледі. Салық механизмі салық салуды басқарудың негізі болып табылатын салықтық құқыққа сүйеніп, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.

Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады. 

Бұл процесте қалыптасатын қатынастың барлық саласын үш қосалқы жүйемен шектеуге болады: салықтық жоспарлау, салықтық реттеу және салықтық бақылау. 

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде жүзеге асырады.

Салық принциптерінің, жалпы салық салу теориясының негізін қалаушы болып шотландық экономист, әрі философ Адам Смит табылады. А.Смиттің классикалық принциптері төмендегідей:

1.      салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік принципі);

2.      салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық принципі);

3.      әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс. (қолайлылық принципі);

4.      салықтан жиналған түсімнен оны жинауға кеткен шығын аз болуға тиіс (үнем принципі);

Бұл принциптерді пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты азайтты, бұл процеске реттемелеуді енгізді. Салық салудың кейінгі даму барысында принциптердің тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.

Салық салудың қазіргі халықаралық принциптері мыналар:

1.      Қарапайымдылық принципі. Салық  механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол айқын әрі жеңіл болуы керек. Ол үшін мына шарттар орындалуы қажет:

-         салық түрлері өте көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;

-         бір салық түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет;

-         салық салуобъектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі барынша жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс;

-   салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екенін дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше аз болғаны дұрыс;

-   салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ыңғайлы.

2. Әділеттілік принципі.  Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.

Тікелей әділеттілік принципі – салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;

Көлденең әділеттілік принципі – тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылуы керек. Салық төлеушілер белгілі бір табыс не қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеуі тиіс.

3. Салыстыру принципі. Бұл принцип бойынша салық ставкаларын бекіткен кезде, олардың мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген салық ставкаларымен салыстырылып отырылуы қажет.

4. Салықтардың анықтылығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

5. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.

6. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.

Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптері негізделеді.

Салық төлеуші салық заңына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелерінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздің салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

 

ТҮЙІН

Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:

–        реттеушілік;

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ