Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі

;"> –        фискалдық;

–        қайта бөлу.

Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақты әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.

Салық элементтері - -бұл мемлекеттің заң ак актілерімен анықталатын салықтың құрылу принциптері мен салық салуды ұйымдастыру.

Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:

-         салық субъектісі;

-         салық салынушы;

-         салық объектісі;

-         салық базасы;

-         салық салу бірлігі;

-         салық ставкасы;

-         салық жеңілдіктері;

-         салық төлеу мерзімі мен тәртібі;

-         салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттері мен құқықтары;

-         салық төлеуді бақылау;

-         салық заңдарын бұзғаны үшін санкциялар және т.б.

Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдерінеқарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады:

-   кадастрлық;

-   салық төлеушінің декларациясы бойынша;

-   табысты алу көзінен ұстап қалу;

-   патенттік негізде.

Салықтық есептің екі әдісі қолданылады:

- кассалық;

- есептеу.

Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады. 

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде жүзеге асырады.

Қазақстанның салық заңнамасында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптері негізделеді.

 

 

Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар

 Тест сұрақтары

 

1. Салықтар қай кезде пайда болды?

а) сауданың дамуымен;

б) мемлекеттің пайда болуымен;

с) өндірістің дамуымен;

д) тауар-ақша қатынастарының дамуымен;

е) бюджет жүйесінің дамуымен.

2. Салық дегеніміз не?

а) мемлекетбір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті төлемдер;

б) мемлекеттік органдар көрсеткен қызметтер үшін төленетін және оны төлеушіге белгілі бір құқық не рұқсат беретін қайтарымды, баламалы міндетті төлем;

с) заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік мүліктерді пайдаланғаны үшін төлейтін алымы;

д) заңды және жеке тұлғалардың арнайы қорларға төлейтін төлемдері;

е) мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларға көрсеткен қызметінің белгілі бір түрлері үшін алынатын ақшалай алымы;

3. Салық бұл:

а) экономикалық категория;

б) заңды тұлғаның табысы;

с) қаржылық ресурстар;

д) жиынтық табыс;

е) әлеуметтік қатегория.

4. Салықтардың экономикадағы ролі қандай?

а) жоспарлы;

б) реттеушілік;

с) бағалық;

д) шаруашылық есеп;

е) ұдайы өндірістік.

5. Салықтар қандай қызмет атқарады?

а) реттеушілік, фискалдық, ынталандыру;

б) фискалдық, қайта бөлу, реттеушілік;

с) бақылау, жоспарлау, ұйымдастыру;

д) бағалау, басқару, бөлу;

е) бақылау, тексеру, фискалдық.

6. Салықтар қай кезден бастап дами бастады?

а) мемлекетпен бірге;

б) тауар-ақша қатынастары кезінде;

с) нарықтық қатынастар кезінде;

д) алғашқы қауымдық қоғам кезінде;

е) қаржы-бюджет жүйесімен бірге.

7. Түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл салықтардың қай қызметі?

а) бақылау;

б) реттеу;

с) қайта бөлу;

д) ынталандыру;

е) қазыналық.

8. Салықтардың экономикалық мәні мынада:

а)  олар салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы қарым қатынасты анықтайды;

б) олар мемлекет өз функцияларын жүзеге асыру үшін шаруашылық субъектілер мен азаматтардағы жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін орталықтандыру жөніндегі    экономикалық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады;

с) олар салық төлеушілердің ақшалай табыстарын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады;

д) олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс мүмкіндіктерін шектейді;

е) олар өндірістің бір бөлігі ретінде экономикалық категория болып табылады.

9. Салықтардың фискалды функциясы:

а) мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған мемлекеттің ақшалай табыстарының қалыптасуымен тікелей байланысты;

б) бұл функция біртіндеп тартылатын функция болып табылады;

с)  бұл ақшалай табыстарды қайта бөлумен байланысты;

д) салық төлеушілердің қаржы –шаруашылық қызметін бақылаумен байланысты;

е) әлеуметтік мақсатты көздейді.

10. Салықтың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық функциясының    кеңеюімен бірге пайда болды және ол:

а)  қабылданған бағдарламаға сәйкес шаруашылықтың дамуына тікелей әсер етеді;

б) амортизациялық саясатқа, инвестициялық жеңілдік, салық ставкаларын төмендету саясатына сүйене отырып, капиталдың жедел жинақталуына мүмкіндік береді;

с) төлем сұранысы құрылымын және оның көлемін өзгертеді;

д) салық төлеушілдерден орталықтандырылған мемлекеттің қаржы қорына қаражаттар алу;

е)  азаматтардың түрлі категориясы арасындағы қоғамдық табыстарды бөлу.

11. Қ.Р-да салық салу жалпыға бірдей және міндетті болуы салық салудың қай приципі?

а) салық салудың әділдігі:

б) салық заңдарының жариялылығы;

с) салық салудың жариялылығы;

д) салық жүйесінің біртұтастығы;

е) салық салудың міндеттілігі.

12. Заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген тұлға – бұл

а) субъект;

б) объект;

с) салық ставкасы;

д) салық квотасы;

е) салық оклады.

13. Салық объектісі:

А) салық есептелетін база;

В) салықтың материалдық өрнектелуі

С) салық сипаттамасы;

D) заңмен бекітілген  салық бұйымынын өлшеу параметірі

Е) салықтық базаны өлшеу бірлігіне шаққандағы салықтық есептеу-
лер шамасы.

14. Салық ставкасы дегеніміз не?

а) төленген салық сомасы;

б) салық салу өлшем бірлігіне есептелген салық мөлшері;

с) барлық салық салу объектісіне салынған салық мөлшері;

д) объект пен салық сомасының ара қатынасы;

е) бір салық салу объектісіне төленген салық.

15. Салық ставкасының қандай түрлері бар?

A) Тіркелген, проценттік (пропорционалды, прогрессивті, регрессивті);

B) пропорционалды, прогрессивті;

C) пропорционалды, регрессивті;

D) пропорционалды, прогрессивті, регрессивті;

E) прогрессивті, біркелкі болып келеді.

16. Салықтан босатылатын объектінің ең төменгі бөлігі:

A) салықтық ауыртпалық;

B) салықтық оклад;

C) салық салынатын салық квотасы;

D) салық салынбайтын минимум;

E) салық салынатын минимум.

17. Бул ставкалар мемлекеттің өндіріс  немесе басқа да саласына реттеуші  әсерін тигізеді:

A) жоғартылғанставка;
B) жалпы ставка.

C)теңставка;

D) тұрлаулы ставка

E)пайызды ставка;

18.

12345
скачать работу

Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ