Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сарыарқа тауы

/сек. Қатты желдер болатын күндер (15 м/сек-тан астам) Көкшетауда 60-тан, ал Балқашта 20-дан аздау болады.

Сарыарқаның гидрографиялық торы басым көпшілігінде маусымдық сипатта болады, негізінен қар суымен қоректенеді. Солтүстігінің өзендеріне қарағанда оңтүстік көлбеуінің өзендерінің сумен қамтамасыздығы аздау болады, ал солтүстік Балқаш маңы жалпы алғанда жергілікті ағынның аумағына жатады.

Сарыарқаның топырақ-өсімдік жамылғысы төмендегідей негізгі подзоналардан тұрады: кәдімгі қара топырақтағы қоңыржай-қуаң аралас шөпті селеулі дала; оңтүстік қара топырақтағы қуаң аралас шөпті-селеулі дала; қоңыр-қызғылт топырақтардағы құрғақ селеулі-бетегелі дала және қызғылт топырақтағы ксерофитті -аралас шөпті-бетегелі-селеулі дала; құба және ашық-құба топырақтардағы астық тұқымдас шөпті-жусанды
шөлейт; ашық-құба сортаң топырақтағы жусанды-сораңды шөл.

Сарыарқаның жануарлар әлемі далалар мен аласа таулы өлкелерді, сондай-ақ, көптеген тұрақты және уақытша су көздері — өзендер мен көлдерді мекендейтін түрлерге бай. Орманды-далалы өңірлерде кеміргіштерден түрлі тышқандар; жыртқыштардан сілеусін, түлкі, қасқыр; қояндардың ақ және сұр түрлері; тұяқтылардан елік пен бұлан кең тараған. Кәсіптік-аңшылық мәні бар құстардан бұлдырық пен шіл, құр көп болса, жыртқыш құстардан қаршығалар мен мола бүркіті жиі кездеседі. Далалық өлкелерде кеміргіштерден суыр мен саршұнақ; жыртқыштардан дала күзені; құстардан бозторғай; қанатты жыртқыштардан дала бүркіті мен тұрымтай көбейе түседі. Сарыарқаның оңтүстігіне қарай құм тышқаны мен қосаяқ, шөлейт қасқыры мен шөлейт аккісі, әсіресе рептилиялардан сұр геккон, дала агамасы, жүйрік кесіртке сияқты шөл мен шөлейт жануарлары кеңірек тарайды. Өзен-көлдерде шортан, аққайран, табан, т.б. көптеген балық түрлері бар.

Келтіріліп отырған қысқаша физикалық-географиялық мінездеме осынау таңғажайып өлкенің табиғаты жайлы тек жалпылама мәлімет береді. Кейбір нақтырақ сипаттамалар төмендегі арнаулы тарауларда келтіріледі.

2. Сарыарқаның шығыс бөлігінің геоморфологиясы.

Ауданның үлкен бөлігі эпигерциндік платформаның қатпарлық іргесінің кең байтақ көтерілімі болып табылады. Бедердің құрылуында палеозойдың шегінді, эффузивтік және метаморфтік жыныстары, сондай-ақ жыныстардың интрузивтік кешендері қатысады. Девонның, карбонның және пермнің қатқабаттарында конгломераттар, құмтастар, аргилиттер, порфириттер, порфирлер басым болып келеді. Олардың ішінен әр жерде жекелеген анық көрінетін аласа тауларды құрайтын ірі гранитті интрузиялар бөлектеніп тұрады. Сарыарқаның ең қыратты және бөлшектенген бөлігі жиі орналасқан аралды таулы-төбелі алқаптардың жүйесін біріктіреді.

Аласа таулы өлкелер.

Қызылтас (1283 м). Қызыларай (1565 м). Кешубай (1559 м). Кент (1415 м). Қарақуыс (1342 м). Қарқаралы (1403 м). Қу (1356 м) аласа таулары және бұлардың маңындағы кейбір біршама ұсақтау көтерілімдер жиыны негізгі орографиялык жене суайрықтық ядроны түзеді. Бұл аймақтан Теңіз алабының өзендері Шерубай-Нұра мен Нұра, Ертіс езенінің алқабы бағытындағы Түндік және т.б., сондай-ақ Балқаш өзенінің алабына жататын Мойынты, Жамшы, Токырауын, Дағанделі езендері басын алады. Аласа таулардың негізгі тобынан солтүстікке қарай оқшаулана Баянауыл алқабы (1026 м), сондай-ақ бойлық бағытында созылып жатқан Нияз (833 м) бен Ерейментау (858 м) жоталары орналасқан. Бұларда Ертісмаңының сол жағалық келдеріне құятын Сілеті, Олеңті, Шідерті озендерінің бастаулары орналасқан. Сарыарқаның бас суайрық атырабынан басын алатын барлық езендер қар мен жаңбыр суларымен қоректенуден басқа ішінара қатпарлы палеозой мен граниттік интрузиялардың жерасты жарықтары суларымен де қорекіенеді. Бұл аймақтың батыс жағында Арал теңізінің алабына жататын Сарысу озенінің бастауы орналасқан.

Таулық топтар мен жекеленген аралды таулардың тектоникалық табиғаты бар. Олар шын мәнінде барлық жерде морфологиялық жағынан жақсы корінеді, етектері анық, жиі-жиі жартасты, жалаңаш төбелердің пішіндері айрықша түзілген.

Сарыарқаның шығыс жағында кеңінен байқалатын ең жаңа тектоникалық қозғалыстар төмендегідей негізгі қасиеттері бойынша белгіленеді: тау алқаптарын бөліп тұратын кең ежелгі алқаптар өздерінің бөліктерімен тектоникалық иілімдер немесе айырылымдық бұзылулар болып табылады: құрайтын жыныстарының біршама жеңіл бұзылатынына қарамастан кейбір тау сілемдерінің берік контрасты келбеті:
анық тура сызықты тектоникалық кертпештер, өзен алқаптарының антецеденттік телімдері, тегістелу беттерінің деформациялары, топографиялық қырының шұғыл иіндерінде бұлақтар мен көлдердің шоғырлануы, жарықтардың сырғанау айналарының және т.б. кеңінен дамуы.

Физикалық және химиялық үгілумен қатар дамыған гравитациялық беткейлік процесстер кеңінен таралған болса да, таулардың мүсіндері негізінен алғанда эрозиямен жасалған. Әдетте таулардың беткейлері, әсіресе олардың жоғарғы жағында, көбіне 30°-тан астамға дейін барады және де мұнда олар өткір қырқалар шатқалдармен алмасып келеді. Мұнда үгілудің әр түрлі қызықты пішіндері, сусымалар, тасты тасқындар кездеседі.
Тау беткейлердің төменгі бөлігінде олардың құламасы 15°-20°-қа дейін азаяды, бұл тұста олар жатық дөңесті және ойыңқы кескінге келеді. Эрозиялық қималар біршама жатық көлденең және ұзынша қырынға өтеді, бірақ жырасайлардың бағыттары жарықтардың созылуымен сәйкес келіп отырады.

Морфометрия бойынша бұл ауданның таулары, бүкіл Сарыарқаның өзі сияқты, өздерінен төмен жатқан алқаптық беттерден жалпы алғанда 200-600 биігірек болады, яғни төмен биікті типке жатады. Көп жағдайларда таулы алқаптар ұсақшоқылық бедермен қоршалып жатады, сондықтан биіктік айырмасын есептеу таулар ішіндегі және таулар арасындағы ойыстар мен алқаптардың бетінен бастап жүргізіледі.

Сарыарқаның бас суайрық эрозиялық-тектоникалық қыратының төбелері жалдар, сирегірек қырқалар мен жондар, күмбез тәріздес және конустық шоқылар пішінде болады. Кейбір суайрықтық төбелердің беттері, мысалы, Қарқаралы тауларында, біршама тегіс те болып келеді. Бұл ауданда морфоқұрылымдардың солтүстік-батыс бағыты (Шығыс-Хантау) шығыс-солтүстік-шығыс бағытқа (Тектұрмас) ауысады, сондықтан бас суайрықта негізгі қүрылымдардың беріктігіне қарай келе осы екі бағыт бірдей байқалады. Сонымен қатар, тау қырқаларының кең тараған тектоникалық жарылымдардың бойымен бағдарлануы да білінеді.

Бас суайрықтың солтүстік көлбеуіндегі аралды аласатаулардың ішінен екі морфологиялық топ бөлуге болады.

Бірінші топ (Баянауыл мен Ереймен) өзінің қарқындылау бөлшектенуімен, үшкір төбелердің тіркестерімен және тік жартасты асимметриялы терең шатқалдары бар қырқаларымен ерекшеленеді. Баянауыл тауларының беткейлері оңтүстігінде 45°-қа дейін баратын тік жарлармен Сабындыкөл коліне қарай құлайды, ал, солтүстігінде біртіндеп шоқылыққа өтетін кертпештермен төмендейді. Бойлықпен созылып жатқан Ерейментау ассиметрия ендік бойымен өтеді. Шығыс беткейлері тіктеу, жарлау.және жартастылау келеді. Екі алқап та, Баянауыл алқабында граниттерден, Ерейментауда шынытастықтар мен ізбестастардан тұратын көптеген табиғи. ескерткіштері бар, адамдарды экзотикалық түрде қызықтыратын қоныстарға жатады.

Екінші топ (Қызылтау, Едірей, Қалмаққырған, Желтау, Ақирек, Нияз) пішіндердің тегістелген кескінімен, аз бөлшектенуімен, көлбеу беткейлерімен және жалпақтала тегістелген суайрықтарымен сипатталады. Мұнда тек жарылымдардың бойындағы телімдер ғана кертпештерінің тым бөлшектенуімен ерекшеленеді. Төбелердің басым пішіндері қырқалар мен жондар, сирегірек күмбез тәріздес шоқылар болып табылады. Бұлар әсіресе ендік бағытта созылып жатқан қырқалар мен жондардан тұратын Желтау тауларында, сондай-ақ, солтүстік-солтүстік-шығыс бағытта бірнеше ірі жондарға бөлшектенген Нияз тауларында байқалады.

Бас суайрықтың оңтүстік көлбеулігінін басым көпшілігін, әсіресе Балқаш көліне жақындаған сайын, тұғырлық жазықтар алып жатыр. Бұл аумақтың жалпы жазықтығы бір бөлігі аласатаулық бедерге жататын аралды қыратты алқаптармен бөлініп отырады. Ауданда Бектауата таулары (1213 м) күрт бөлектенеді. Батысқа қарай Шұнақ (1111 м) пен Арқалық (1091 м), ал шығысқа қарай-Қалмақемел (870 м), Арқарлы (1089 м), Қараүңгір (865 м) алқаптары орналасқан. Кейде таулық топқа Итмұрынды, Төретай және басқаларды енгізеді, бұл дұрысқа жатпайды, өйткені олардың салыстырмалы биіктіктері бар болғаны 100 м-дей ғана. Аласатаулы алқаптар әдетте палеозойлық антиклиналдық құрылымдардың ядроларының төңірегінде шоғырланған және өзінің басым көпшілігінде берік жыныстармен, жиі-жиі яшма-шынытастықтармен, порфирлермен және туфтармен, сирегірек соңғы герциндік гранитоидтармен түзілген, — бұл олардың сыртқы келбетін анықтайды. Таулардың төбелері сүйір, беткейлері жартасты болып келеді. Бектауатаның гранитті күмбезі өте-мөте мәнерлі, оның бөлшектенуі мен жартастылығы оның беткейлерінде қалып қоймайтын бұзылу өнімдерінің түйіршікті және сусымалы болуымен байланысты болып келеді. Таудың бөлшектенуі негізінен алқапты қиып өтетін жарықтарда шоғырланған, сондықтан жыра-сайлар тік, терең, басым көпшілігінде тура сызықты болып келеді. Бектауатада үгілудің экзотикалық пішіндерінен басқа, алғаш рет 1929 жылы геолог М.П.Русаков жазып сипаттаған граниттік үңгірлер де бар.
Қаралып отырған аймақтың шығыс шекарасының жанында ұзына бойы солтүстік- батысқа созылып жатқан палеозойдың эффузивті-шөгінді қатқабаттарынан тұратын және осы маңдағы жазықтау өлкелердің жанында оқшау көрініс жасайтын аласатаулы Шыңғыстау жотасы орналасқан. Шыңғыстау бедерінің ерекшелігіне суайрықтар төбелерінің анағұрлым тегістелген беті жатады. Жотаға тектоникалық жарылымдардың жіктерімен қабысқан, ұзына бойы созылған кертпештердің кеңінен дамуы тән келеді. Мұнда әсіресе кертпешімен солтүстік-шығысқа қараған жарылым өте жақсы көрінісін тапқан. Тектоникалық жарылымдардың ауқымында бөлшектену тереңдігі 200-300 м болатын аласа таулы блоктар орналасқан. Тауаралық ойыстар ширектік жастағы аллювийлік-пролювийлік шөгінділермен то

123
скачать работу

Сарыарқа тауы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ