Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Саясаттану пәні және оны оқып үйрену әдістері

 идеяларын құрады. Осының барлығы саясаттану пәнінің зерттеу объектісі.Дегенмен саясаттануда негізгісі –саяси биліктің қалыптасуы туралы заңдылықтар. Оның объектілері мен субъектілері саясаттанудың пәні болыптабылады.

Саясаттану ілімдерінің құрылымы. Батыста саяси филосо­фия, саяси ғылым, саяси социология, саяси психология бар. Олардың әрқайсысынажыратып қарау қалыптасқан. Мысалы, саяси басшылықты саяси ғылым, саяси социология, саяси психология қарастырады. Әрқайсысы өз тұрғысынанзерттейді. Нәтижесінде әрбір қоғамдық ғылымның иесі өз тарапынан тарихшы-саясаттанушы, экономист-саясаттанушы, философ-саясаттанушы, заңгер-саясаттанушы, социолог-саясаттанушы, психолог-саясаттанушы, т.с.с. болып келеді.

Десек те, саясаттанудың объектісі: саяси жүйелердің теориясы мен әдістерін, оның ішінде саяси қатынастарды, саяси институттарды, саясипроцестерді зерттеу.

Саясаттанудың функциялары. Саясаттану пәні адам мен қоғамға пайдалы қызмет атқарады. Бізді қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді. Адамдысаяси өмірге тартқанда саясат­танудың рөлі арта түседі. Әр түрлі қоғамдық ұйымдардың қызметі өзгерген сайын саясаттануды игерудің қажеттігі айқын­дала түседі. Мысалы, парламент депутаттарының қызметінің өзгеруі қазіргі уақытта көп мәселелерге өзгеше қарауды қажет етуде. Жариялылыққа, демократияға деген көзқараста да сондай өзгерістер қажет. Қоғамдағы соңғы жаңалықтарды білмеу көптеген адамдарға дұрыс саясибағдар ұстауға кедергі жасайтыны да содан. Мұны кейбір саяси топтар пайдаланып кетуі мүмкін. Депутаттардың өздерінің ішінде саясаттанымдық білімдерінің жетіспей жататындары да бар. Сондықтан олар­дың саяси белсенділіктерінің кеміс түсетін сәттері жиі кезде­седі. Саясаттану осыкемшіліктерді жоюға жәрдемдеседі.

Саясаттану теориялық-әдістемелік функция атқарады. Бел­гілі бір қоғамдық-экономикалық формацияның саяси режимін талдауды, баға беруді осыілім арқылы жүзеге асыруға бо­лады. Саясаттану саяси шындықты көрсететін пән болған­дықтан ол саясатқа әсер ете алады.

Қоғамда қолданбалы, практикалық-саяси функция атқара­ды. Мемлекеттің заң актілерінің дұрыстығына саясаттанудың негізінде көз жеткізугеболады.

Саясаттануды саяси болжамдар жасауға да қолданады. Күні кешегі қайта құру процесінің кемшілігі де дәл осы саяси болжамның дер кезінде толық болмауының кесірінен еді. Экономикада, әлеуметтік салада, ұлтаралық қатынастарда, мемлекеттік құрылыста, рухани өмірде орын алған кемшілік­терге алдын ала жасалған саяси болжам болғанда жол бермеуге болар еді.

12
скачать работу

Саясаттану пәні және оны оқып үйрену әдістері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ