Саясаттану пәні және оны оқып үйрену әдістері
Другие рефераты
Саясаттану – саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар дажасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағдарысы, т.с.с. саяси ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық бағдарын түсіндіретін саясаттану пәні болып табылады.
Марксистік саяси ғылым туралы пікірталас ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталған болатын. Мәселе саясаттанудың қажеттілігі жайлыемес, керісінше, оны басқа қоғамдық ғылымдардан ажыратып алып, оқыту қажет пе деп қойылды. Аталған кезеңде Г. Шахназаров, Ф. Бурлацкий, Ю.Красин, А. Бутенко сынды беделді ғалымдар қоғамтану ғылымдары қатарынан саясаттануға өз алдына дербес орын жеңіп алуға әрекет жасады. Бастапқыда нәтижесі болмаса да кеңес қоғамының тоқырау кезеңінің тереңдей түскен сәтінің өзінде саясаттануға деген оңды көзқарас қалыптаса бастағаны белгілі.
Бүгінгі беталысымызға қарасақ, қазіргі оқытылып жүрген қоғамдық пәндер – дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бір тармағы екендігіне көз жеткізередік.
Ең алдымен саясаттану пәнінің түп-төркінін, мән-мағынасын ажыратар болсақ, саясаттану – политология – грек сөзі «политика» – мемлекетті басқару өнері деген ұғым, «логос» – ілім деген түсінік береді екен. Сол себепті саясаттану пәніне алдымен саяси қатынастарды оқып-үйрету өнері жатады.Пәннің құрамына одан басқа мыналар енеді: қоғамның саяси жүйесінің принциптері, саяси жүйенің рөлі мен негізгі құрамдарының өзара қарым-қатынастары болып келетін – мемлекет, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар; мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асырудың әдістері; қоғамдық-саяси қатынастарды реттеу; демократия деген ұғымды құратын проблемалардың біртұтас комплексі. Саясаттану сондай-ақ сыртқы саясаттыда, халықаралық қатынастарды да оқып, үйретеді.
Саясаттануды барлық жоғарғы оқу орындарында міндетті түрде оқыту туралы 1948 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі қабылданған болатын. Саясаттану қазіркөптеген елдерде қоғамдық пәндер қатарынан жетекші орын алып отыр.
Бұрынғы КСРО-да 1995 ж. саяси ғылымдардың кеңестік ассоциациясы құрылып, 80-ші жылдардың аяғына дейін саясаттануды ғылым ретінде тек КСРО-ның халық депутаттары ғана оқып келді. Қазір жоғарғы оқу орындарының барлығында оқытылады. Саясаттанудың негіздері кейбір жалпы ортабілім беретін оқу орындарында да арнайы курс немесе факультатив түрінде оқытыла бастағанын көреміз.
Сонымен саясаттану – мемлекетті басқару механизмінің қыр-сырын ашып, саяси билік пен қоғамдағы күнделікті процестердің, өзгерістер мен заңдылықтардың себеп-салдарын талдайтын ілім. Дамыған капиталистік елдердің жоғарғы оқу жүйесінде саясаттану негізгі пәндердің біріненсаналады. Біз болсақ генетика мен кирбернетиканы оқу үрдісінен аластағанымыздай, саясаттану пәнінен де ат-тонымызды алып қашып келдік. Себебітоталитарлық, диктаторлық жүйенің әкімдері қол астындағы халықтың көзі ашық болғанын қайдан қаласын? Соның кесірінен бүгін жапа шегудеміз. Халықтың саяси сауаты өте төмен. Әлемдік өркениеттің деңгейіне көтерілем деген елдің әр азаматы қоғамдық ғылымдарды мұқият оқып үйреніп, бес саусағындай білуге тиіс. Өйткені ол логикалық ақыл-ойдың, мәдениеттің, дүниені танып білудің, дамудың қайнар көзі деген сөз.
«Саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген өркениетті ерте дүниеден жеткен сөз бар. Расында, адам баласының қоғам мүшесі бола тұра саясаттан тыс қалуы мүмкін емес.
Саясат ең ауыр, сонымен бірге ең қадірлі де қасиетті және ең таза жұмыс. Сондықтан онымен айналысқан жандар жоғарғы мәдениетті меңгеругетиіс. Оны «былғаныш» саясатқа айналдыратын да өзіміз, ішкі мәдениеті жоқ жан мінбеге көтерілгенде де, қолына қалам алғанда да таз қалпында қалады. Ондай адамның іс-қимылына қарап бүгінгі саясат пен демократияға баға беру үлкен қателік.
Қазақтың ортағасырлық ірі тарихи тұлғаларының бірі Жүсіп Баласағұн саясаттың маңызы туралы былай деген екен:
Саясатпен жұртың заңын түзетер,
Саясатпен елін-жерін күзетер,
Бұл саясат бек қақпасын зерлейді,
Саясатпен бектер елін жөндейді,
Ел былығы саясатпен арылар,
Алаяқтар есебінен жаңылар.
Елді тұтас ұстағысы, әділ билегісі келетін басшыға бұлардан басқа да үш қасиет керек. Қаһарман жігерлілік, жомарттық және шырын тіл. Бек те, ұлық та, құл да, күң де тілге, сөзге жүгінген. «Түксиген жүз, іріген сөз, құр кердең» елді бектен жирендіреді, өнерлі, ойлы, «даңқы өсіп, төрден орын тиеді»дейді тағы да сол бабамыз.
Саясатты жетік білу әр адамға ісінің ілгерілеуіне кепілдік берері рас. Инженер бұрын тек өз ісін, өндіріс процесін ғана білсе, қазір оның қоғамныңдамуына тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын есептеп, біліп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғамымыз тірелген әлеуметтік-экономикалық, керек десеңіз,рухани тығырықтан жол тауып шыға аларымыз хақ.
Қазір барлық қоғамдық ғалымдарда саяси сипат бар деп дәлелденетіндігі белгілі. Рас, экономикалық саясат, демографиялық саясат, экологиялық, жағрапиялық, энергетикалық, т.с.с. саясаттар бар. Ал қоғамдағы шиеленістердің баршасын саясаттану шешуге жәрдемдеседі.
Саясатта екі бағытты бөліп қарау керек. Бұл ретте Платонның «Диалог» деген еңбегінде саясат екі тұрғыда қарастырылады:
1 Саясат – билік, билікті жүргізу.
2 Саясат – жетекшілік, басшылық ұғымын түсіндіреді.
Саясаттың қиындығы оның көптеген адамдардың тобын қамтитындығында жатыр. Мысалы, дүкенде нан болмай қалды делік. Осыдан барып әр түрлі түсініктер мен өсек-аяңдар таратылуы мүмкін. Ол бара-бара саяси мәселеге де айналып кетуі ықтимал. Бүгінгі таңда нарықтық экономика да сондайсаясат туғызып отыр. Саясатқа жеке адамдар ғана емес мемлекеттік құрылымдар да қатысады.
Черчилль айтқандай, саясат әлемінде мәңгі дос та, мәңгі жау да жоқ, мәңгі ұлт мүддесі ғана бар. Мемлекет тағдырының қашанда саясат арқылыреттелетіндігі содан болса керек. Алайда саясаттың да әр түрі бар. Мәселен, стратегиялық тұрғыдағы үлкен саясат болады, сонымен бірге кезеңдікшешімдерге негізделген тактикалық саясаттар болады. Айталық, Қазақстан бұрын мұнайды Ресей арқылы сыртқа шығарып жүрді. Оның толып жатқан күрделі жақтары бар. Іргедегі үлкен елдің біздің даму жолымызға әлі де ықпалы мол, сол себепті мүмкіндігінше оларды ренжітпеуге тырысамыз.Алайда тағы бір тиімді жобаның реті келіп тұр. Ол – мұнайымызды Иран арқылы сыртқа шығару. Не істеу керек? Ресей ренжиді деп отыра береміз бе, әлде тиімді деген ұғымнан келіп шешім қабылдаймыз ба? Жалпы экономикалық мүдденің тактикалық саясаттан биік тұрғаны абзал ғой.
Саяси билік саясаттануда жетекші рөл атқарады. Істің мәні кім кімге билікті жүргізуінде жатыр. Мәселенің түйіні саяси билік жән материалдық биліктетұр. Саяси билік – қоғамға экономикалық жағынан үстем таптардың, топтардың, жіктердің жүргізетін билігі.
Саясаттың басты элементі – саяси билік. Саяси билік саяси шындықтың
| | скачать работу |
Другие рефераты
|