Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі
Другие рефераты
Сенімхаттың нысаны мен мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша анықталады.
Азаматтық сотта азаматтар өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра алады. Сотта өкіл болып сотта іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң, әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез келген әрекет қабілеті бар тұлға бола алады.
Сотта тапсырма (кепіл) бойынша төмендегі тұлғалар өкіл бола алады:
1) Қорғаушы;
2) Заңды тұлға қызметкерлері;
3) Уәкілдігі бар кәсіби одақ – осы кәсіптік одақ құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын тұлғалардың, жұмысшылардың қызметкерлердің істері бойынша;
4) Сол ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға заңмен, ережемен құқық берілген уәкілетті ұйымдар;
5) Тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқық берілген уәкілетті органдар;
6) Басқа қатысушылардың уәкілеттігі бойынша қатысушы.
Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және депутаттар өкіл бола алмайды. Сотта іс жүргізу уәкілеттігі өкілге уәкілеттік беруші атынан барлық істерді жүргізуге құқық береді. Бірақ, оның талап арызға қол қоюға, талап арыздан толық немесе жартылай бас тартуға, талап мазмұнын өзгертуге, сот шешіміне шағымдануына, уәкілдікті басқа тұлғаға беруіне, сот шешімінің орындалуын талап етуіне құқығы жоқ.
Осы аталған әрекеттерді жүзеге асыру үшін оның құқығы өкілеттік берушінің сенімхатында көрсетілуі керек. Өкілдің уәкілеттігі заңға сәйкес рәсімделген сенімхатпен жасалады.
Әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың құқықтар, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері сотта олардың ата-аналарымен, асырап алушыларымен, қамқоршысылары немесе қорғаншыларымен сотта уәкілеттік құжаттарын көрсете отырып жүзеге асырылады. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың ісі бойынша өкілеттікті оның мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асырып отырған адам ала алады.
Заңды өкілдер уәкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін, уәкілдік берушіге тиесілі құқықтарды заңда көрсетілген шектеулермен жүзеге асыра алады. Заңды өкілдер сотта іс жүргізуді басқа өкілге бере алады.
Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Сенімхатты пайдалану кезінде уәкілдік және өкілетті деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдік өкілдік беруші атынан іс-әрекетуке қатынасуы, ал өкілеттік — өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әреукеттерінің шеңбері болып табылады.
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру – біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Сенімхат бір жақты мәміле болғандықтан, онда мәтінде көрсетілген тұлғаның басқа біреудің атынан құқықтық қатынасқа түсетін құқығы көрсетіледі.
Өкілеттіктің сипатына қарай сенімхаттар бір рет қолдануға жарамды, яғни бір ғана мәміле жасасуға немесе бір ғана әрекет жасауға арналған (мысалы, бір ғана айдың айлық ақысын алу); біртекті мәмілелер жасауға арналған арнайы (мысалы, шикізат сатып алу); немесе ұзақ уақыт бойы бір ғана әрекетті жасауға арналған (мысалы, заңды тұлға атынан шарт жасау); негізгі – белгілі бір аумақта барлық заңды әрекеттерді жасау немесе заңды тұлғаның филиалындағы мүлікті басқару үшін арналған; әмбе-бап (универсалды) – сенім берушінің барлық құқықтарын жүзеге асыру үшін арналған деп бөлінеді. Сенімхат үшінші жақпен құқықтық қатынасқа түспей-ақ сенім берушінің мүлкін пайжалануға және билік етуге берілуі мүмкін (мысалы, автомобильді басқаруға сенімхат беру).
Сенімхаттарды заңды тұлғалар мемлекеттік органдар жүргізген коммерциялық, инвестициалық тентерлері, аукциондар және мемлекеттік меншіктегі объектілерді және мемлекеттік акция пакетін сату кезінде кеңінен қолданады. Заңды тұлғалардың өкілдері осы мәмілелердің қатысушылары ретінде тіркелу үшін құрамында өкілеттігін растайтын сенімхат бар құжаттар тізімін көрсетулері қажет.
Коммерциялық сферада сенімхатты қолдану үшін екі жағдайға көңіл бөлу қажет.
Біріншіден, сенімхатта сенім беруші мен өкілдікті алушы туралы мәліметтер толық көрсетілуі қажет (азаматтардың толық аты-жөні немесе заңды тұлғалардық толық атауы), берілген уақыты, тұлғалардың қолы, екіншіден, сенімхатта өкілдің өкілеттігі анық көрсетілуі тиіс.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады.
Нотариалды куәландырылған сенімхаттарға төмендегі сенімхаттар теңестіріледі:
1) Госпитальда, санаторияларда және тағы басқа әскери емделу орындарында жатқан әскери қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың, осы госпитальдағы, санаторидегі және басқа да әскери емделу орындарының басшылары, медицина бөлімі бойынша орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлер куәландырған сенімхаттары;
2) Нотариалды қызмет жасайтын мемлекеттік нотариалды кеңселердің немесе басқа да органдары жоқ әскери бөлімдердің, мекемелердің және әскери оқыту бөлімдерінің әскери қызметкерлерінің және олардың жанұя мүшелерінің осы бөлім, мекеме басшылары немесе начальниктері куәландырған сенімхаттары;
3) Бас бостандығынан айрылғандардың мекеме басшысы куәландырған сенімхаттары;
4) Осы мекеме басшылары куәландырған тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмлетке толған әрекет қабілеттігі бар азаматтардың сенімхаттары.
Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын жергілті басқару орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының басқа да түрімен жіберілген, құжатты жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады.
Үшінші тұлға ресмим байланыс органының қатысуынсыз, факсмальді немесе басқа байланыс құралымен жіберілген сенімхаттарды әрекетті жүзеге асыру үшін жарамсыз деп тануына құқығы бар.
Мемлекеттік органдардың, комерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың ақша және басқа да бағалы заттарды алуға немесе беруге арналған сенімхаттарына сол ұйымның бас есепшісі қол қоюы қажет.
Сенімхат – ол жазбаша құжат. Сенімхаттың қарапайым жазбаша түрі және нотариалды куәландырған нұсқасы болады.
Нотариалды куәландырылған сенімхатты берудің Азаматтық Кодексте екі жағдайы қарастырылған:
1) мүлікті басқаруға арналған сенімхат; 2) мәміле жасауға арналған сенімхат (мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасауға арналған).
Нотариалды және оған теңестірілген сенімхаттардан басқа өкілетті орган растайтын сенімхаттарда болады. Олар сенім берушінің атынан жалақы алу, т.б. сол сияқты әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі.
Қарапайым сенімхат заңды тұлғаның мөрі қойылып, сенім берушінің қол қоя отыруымен заңды түрде беріледі.
Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі кәуландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.
Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат — әр кезде де мерзімді құжат. ҚР АК 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта ең ұзақ мерзім көрсетілсе, Ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе – берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.
Өзіне арнап өкілеттік құқық берілген әрекеттерді сенім алушының өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік құқық берілген немесе сенім берушінің мүдделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.
Сенім алушы өз өкілеттігін басқа біреуге сеніп тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісініе бұл жөнінде білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлайға тиіс. Бұл міндетті орындамасы, сенім алушыға өзінің өкілеттік құқықтарын сеніп тапсырған адамның әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі.
Сенімхаттың тоқтатылу және оның салдарлары. Сенімхаттың күші мынандай жағдайларда жойылады:
1) сенімхат мерзімінің өтуі;
2) сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;
3) сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;
4) сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
5) атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;
6) өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;
7) секнімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қаблеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;
8) сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.
Сенімхат тоқтатылған бойда, оны алған тұлға сенімхатты берген тұлғаға немесе оның заңды мирасқорына қайтаруы керек.
Сенімхаттың қайтарылуы туралы сенімхат беруші сенімхат берілген тұлғаны және өкілдік берілген үшінші тұлғаны хабардар етуі тиіс.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|