Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Діндегі адам мәселесі



 Другие рефераты
Іс жүргізудің автоматтандырылған жүйелерінде Іс-қағаздар туралы жалпы ақпарат Араб және қазақ тілдеріндегі коммерциялық хаттардың түрлері және тілдік сипаты Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі

Жоспар
Кіріспе
1.Ислам дінінің адамзатқа жету тарихы
2.Құт болып келген қасиетті діндегі аталып өтетін мейрамдар -халық достығының іргетасы
3. Дін ілімі — ықылым заманнан бері келе жатқан құбылыс
4. Алыптың кеудесі биік болуы үшін халықтың рухы биік болу керек
Қорытынды

Кіріспе
Адам болып жаралғаннан кейін өмірдің қай белесі де өз таразыңа әрбір жүгін артады. Бірақ адамға иман, ар, сенім, ең бастысы нәпсіні жеңу мақсат болу керек екен.
Адамның адал ұлы болам десең
Алдымен өзіңнің нәпсіңді жең, — дейді Шәкәрім ақын (182-бет)
Ал, түркі әлемінін XI ғ. ұлы туындысы «Құтадғу білікте»:
Мықты болғын, тұтқын болма нәпсіге
Нәпсі құрғыр ұрындырар әр іске…(343-бет) — дейді Жүсіп ақын.
Бүгінгі таңда дүние қамын жеп, пайдасын ойлап әрі қызығып көрушілердің көбейіп жатқаны жаныңды киналтады. Осындай қам-қарекет күймен жүргендерге Яссауише:
Дүние үшін иман, ислам дінін сатқан
Ақылдыға бұл сөзді айтқым келер -(111 бет) деп, Алланың нұрына ғашық болған пендені жолдан тайдырар әз әзіл дүниеқоңыз пиғылдың түбі жақсылыққа бармайтынын ескерткім келеді.
Ұлы Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» демей ме?! 38-қарасөзінде ғақлия, нақлияға сүйенген Абай ақыл, әділет, рақымды бойына дарытқан адам ғана толық адам болады деп сипаттайды:
Қайрат пен ақыл жол табар қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шафғат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бірақ осы қасиеттерді бұзатын үш іс бар.
Иманды бұзатын үш істі:
«Пайда, мақтан, әуесқой» деп атап айтып, «содан шошы» деп сақтандырады. Дінге сыртпен емес, ішкі сарайыңмен, бар жан-дүниеңмен берілу керек.
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ…»
«Қүран рас Алланың сөзі дүр ол» — деп, дінге деген сенім, нанымын тағы да бекіте түсіп, өз ойын:
«Алланың, пайғамбардың жолындамыз» , — деп қорытады.
…Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерді сөзді ұғарға — деген жолдарында Алла тағаланың өлшеусіз, ал біздің ақылымыздың өлшеулі екенін ұғындырып кеткен. Ар-ұждан-әрбір адам баласының айнасы. Егер бұл қасиет адамда болмаса ол басқа қасиеттердің бәрін зұлымдыққа пайдалануы мүмкін. Ар ілімі-рухани тазалық жолы. Ол Аллаға тән қасиеттің адам жүрегіндегі сәулесі болып табылмақ.

скачать работу


 Другие рефераты
Рынок гостиничных услуг в Санкт-Петербурге
МАТАСУ АМАЛЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЬІЛҒАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Анализ картины Олимпия Э.Мане
Отцы и дети в русской критике


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ