Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шәкәрім қажы мен голландық Альвин Бимбоэс

н “Алашорда” партиясын да, Алаштың арыстарын да білмей өстік. Шәкәрім Құдайбердиев секілді ұлы ақынның шығармаларын да оқығанымыз жоқ. Ол кезде оның атын атауға да болмайтын еді.

 

Бізді сол ұлы ақынның баласы оқытыпты. Оның Шәкәрімдей ұлы тұлғаның перзенті екенін де білмедік. Ол кісі әкем сондай еді деп айтқан да емес, айта алмайтын да еді.

 

Мектеп табалдырығын біз сол адамның алдында аттап, әліппені сол кісіден үйрендік.

 

Бұл соғыстан кейінгі жыл еді. Көп адам Батысқа кетіп, солардың арасынан оралғандар шамалы болатын. Олардың көпшілі жаралы-тын. Сөйтсе де соғыстың аяқталғаны елдің есін кіргізіп, өмірін өзгертті. Ауыл мектебі қайтадан есігін ашты. Тұрмыс қиындығынан оқуды тастап кеткендер, әйтпесе жасы келсе де, мектепке бармағандар сыныптарға келді. Сондықтан да оқушылардың жасы біркелкі емес, бір-бірінен бірнеше жас үлкен бола беретін.

 

Сөйтіп, мен осыдан алпыс жыл бұрын Алматы облысының Талғар ауданындағы бұрынғы Калинин, қазіргі Тұздыбастау ауылындағы №70 қазақ орта мектебінің есігін аштым. Бізбен бірге басқа ұлт өкілдерінің балалары да оқыды. Қазақтар оларды жатсынған жоқ.

 

Сондағы бүлдіршін балалар қазір жетпіске иек артқан, немерелерін жетектеген зейнеткерлер. Бірақ сондағы мектепті алғаш аттаған сәт те, кітап бетін алғаш ашқан кез де, бізді білім бұлағына бастап барған ұстазымыздың мейірімді жүзі де ешқашанда ұмытылмайды.

 

Ұмытылмағанда, ұзын бойлы, ат жақты, кең иықты, мойылдай ұзын қара мұртты қара торы адам бізді төрт жыл бойы оқытты. Ол кісі ұрсуды білмейтін. Білетін шығар-ау, бірақ ұрыспайтын. Сонда да ешқайсымыз еркелік жасап, тәртіп бұзған емеспіз. Ол  бізге алғашында әріпті үйретті. Әр әріп бүлдіршіндерге тірі жәндіктей көрінетін. Есеп сабағында сандарға да жан бітіп кететіндей еді. Соның бәріне қызықтап отырып, 45 минөт уақыттың қалай өткенін білмей де қалатынбыз.

 

Өзіміздің сүйікті ұстазымыздың қадірін бесінші класта білдік. Бастауышты бітірген соң бізді әр мұғалім оқытатын болды. Біз бұрынғы мұғалімімізді іздедік. Ол бір уақытта кіріп келетіндей көрінетін де тұратын.

 

Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев ағамыз келмеді. Содан кейін оны көрмедік. Ол ту­ралы басқа мұғалімдер, ауыл адамдары әртүрлі әңгіме айтатын. Оның әкесі жазықсыз жапа шеккен екен, соны ақтап алу үшін Семей жақтан осында келіпті дейтін. Кейін еліне қайтыпты дегенді айтатын.

 

Шәкәрім атамыздың ақталуы кейінірек болды ғой. Өзім арнайы зерттеп, айналыспағандықтан да Ахат ағайымыздың бізден кейінгі өмірі көбімізге белгісіздеу. Осы өңірде тағы да біраз ұстаздық етіп, еліне кейінірек барып, әкесінің – ұлы ақынымыз Шәкәрім атамыздың денесін тауып, оны ұлы Абайдың қасына апарып жерлепті деп естиміз. Ал біздің есімізде қалғаны – жүзінен мейірім төгіліп тұратын қапсағай денелі адам.

 

Ахат ағайымыз туралы әртүрлі басылымдардан там-тұмдап бір-екі мақала оқып, жұртпен түскен суреттерін көргенім бар. Әрине, көп те шыққан шығар, мен оны зерттеп оқымаған соң кезікпеген де болармын. Бірақ сол суреттерді көрген сайын балалық кезіммен, сүйікті ұстазыммен қайта кезіккендей болам. Оның үстіне менің өзімде де ол кісімен бірге түскен сурет сақталған. Сол да маған көп жайды еске түсіреді.

 

Ол кезде жұрт суретке көп түсе бермейтін. Зәуіммен суретші келіп қалғанда, фотоаппарат алдына жинала қалатынбыз. Мына суретке де солай түскеніміз анық. Ортамызға ұстазымыз Ахат ағайды алып тұрмыз. Мұнда бір кластың балалары түгел түспепті. Неге екені белгісіз. Бәлкім, суретші ақша сұрап, тек ақша төлеп, алатындарың ғана түсіңдер деген шығар. Әлде басқа себебі болды ма екен, ол есімде қалмапты. Әйтеуір кластағылар түгел түспеген. Тіпті осы суреттегі балалардың біразының атын ұмытып та қалыппын, олардың қазір қайда екенін де білмеймін. Ұмытпағаным – ұстазымыз Ахат ағай. Осы суретте мен ұстазымыздың алдыңғы жағында жерде отырған екеудің (оң жақта) бірімін.

 

Өзімнің өмір жолымды ойласам да, Ахат ағайымыз еске түседі. Сол кісінің берген білімі болашақ өмірімізге негіз болды. Менің жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігім болмады. Оныншы класты бітірген соң, еңбекке араластым. Құрылыста істедім. Онан соң 1966 жылы Іле аудандық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ауыстым. Есепші болдым, нұсқаушы, аға нұсқаушы қызметін атқарып, соңында бөлім бастығы қызметінен зейнеткерлікке шықтым. Абыройсыз болғам жоқ. Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру үздігі, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген әлеуметтік қамсыздандыру қызметкері, сондай-ақ Талғар ауданының құрметті азаматы деген атақтарға ие болдым.

 

Бәрі де мектепте білім, тәрбие берген ұстаздарымның, ең алдымен Ахат ағайымыздың арқасы деймін. Ол асылдың сынығы екенін енді аңғарып жатырмыз ғой. Шәкәрімдей ұлы адамның ұрпағынан білім алғанымызды барлығымыз мақтан етеміз. Биыл болатын сол ұлы адамның 150 жылдығы мерекесі қарсаңында Ахат ағайымыздың бізге жасаған шапағатын атап айтуды өзіме парыз санап отырмын. Сол бір ғажайып адамнан шапағат көргендр көп шығар.

 

Естелік ретінде Ахат ағайымызбен бірге түскен суретті де жіберіп отырмын. Мұнан біраз адам өзін табатын шығар. Ең бастысы – асылдың сынығындай ұстазымыздың сол абзал бейнесін жұрт көрсін дейміз.

 

Ерік АЙТБАЕВ,  зейнеткер, Талғар ауданының құрметті азаматы.  Алматы облысы.

12
скачать работу

Шәкәрім қажы мен голландық Альвин Бимбоэс

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ