Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шәкәрім қажы мен голландық Альвин Бимбоэс



 Другие рефераты
Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Шәкәрім Құдайбердиевтің Ләйлі-Мәжнүн дастаны Шәкәрім және Пушкин ХІХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті және оның зерттелуі

...Жауыннан соң байтақ даладан жамырай бері жүгіретін сансыз жылғалар Есіл өзенін жаз бойы әлдерінше молықтырып жатады. Ақмоланың көшелерінен көте­рілетін шаңнан тұншыққан жұрттың еркін тыныстайтын жері де осы маң. Үнемі үс­тінен қызыл әскер киімін тастамайтын Альвин Бимбоэстің де Ақмола политотделіндегі күндізгі нұсқаушылық жұмысынан соң, хал-қадерінше дем алатын маңы осы өзен жағалауы...

 

 – Шәкәрім ақынның тек Шығыстың ғана емес, Еуропа философтарының да еңбектерінен хабардарлығы таңдандырады, — деді Альвин кешкілік серуенге өзімен ере шыққан, біраздан бері “Музыкалық этнография” еңбегіне қазақ музыкасы туралы деректер жинап жүрген омбылық ғұлама Финдейзенге жүзін бұрып.

 

 – Ол 1906 жылы қажыға барып, қайтар сапарында айға жуық Мысырдың, Ыстамбұлдың кітапханаларын армансыз аралапты. Сол жолы еуропалық философтардың да еңбектерін қаржысы жеткенше сатып алып, Семей шаһарында тұратын туысы Әнияр Молдабаевтың атына поштамен салып жіберіп отырған деген әңгімені ақынның жақын туысы Әбдіғали маған да айтқан, Альвин Эрнестович!

 

– Семейдің Шақпақ деген жеріндегі жаңадан салдырған үйінде былтыр жолыққанымда Шәкәрім өзін 64 жастамын деген. Сонда да, еңсесі тік, қимылы ширақ, жанарлары отты екен. Көп білетін, өмірдің мән-мағынасына зерек жан екенін аңғарғандай болғанмын. Бірақ, оның неліктен Лев Толстойдың кейіпкері Сергий пірәдәрша сайын далада елден жырақта, жалғыз тұрып жатқанын түсінбедім. Бұл жайында ақыннан бажайлап сұрауды да ретсіз көрдім, — деді Альвин әңгіме арқауын ширата түсіп...

 

 *  *  *

 

...Ақмола политотделіне қазан төңкерісінен бір жыл өткенде, яғни, 1919 жылдың соңында жұмысқа келген голландық марксшіл Альвин Эрнестович Бимбоэс өзінің негізгі қызметіне қоса, қолы бос уағында қазақ әндерін жинап, нотаға түсірумен айналыса бастаған. Бірде Семейге іссапармен барған Альвин сондағы политотдел қызметкерлерінің бірінің таныстыруымен Қабыш Керімқұлов есімді әншімен әңгімелескен.

 

– Атақты ақын Абайдың ағасы Құдайбердінің баласы – Шәкәрімнің ғажайып әндері көп. Тыңдасаңыз, соның бірер нұсқасын орындап берейін – деген сол жүздесуде ол, тоқыма қапшығынан кішкене домбырасын қолына алып. Елгезек азамат Альвинге ақынның екі әнін шырқаған. Дауысы ашық, бірақ, асқақтата көтеріп, ән ырғақтарын құбылта бастағанда үнінің тынысы жетіңкіремей, үзіліп қала береді екен. Дегенмен, дала композиторының туындысынан ерекше табиғи тазалықтың лебін сезінгендей болған Бимбоэс Қабышқа енді ақынның өзімен жүздестір деп, жатып жабысқан. Алғашында әскерше киінген биліктің адамынан ат-тонын ала қашқан Қабыш, сөйлесе келе, оның қажыға зияны болмасына көңілі сенгендей болып, араға екі күн салып, лау жалдап, Альвинді Семейден едәуір қашықтықтағы Шақпаққа бір тәулікте жеткізген.

 

...Қыраттың биіктеу етегіне салынған үйдің жаңадан соғылғаны бірден көзге шалынады. Бұлар келгенде Шәкәрім қажы шағын ғана ауыз үйінде темір төсті кішкене балғасымен шықылдатып, әлдене жасап отыр екен. Қазақтың зергерлік өнерінен де хабардар Альвин ақынды әуелінде жүзік соғып отырған болар деп ойлаған. Амандық-саулықтан соң, көз салып қараса, төстің қасында жатқан зат оған мүлдем ұқсамайды.

 

– Шакарим жолдас, мынауыңыз қандай зат, — деп еріксіз қызықты қонақ, әлгі бұйымды сұқ саусағына кигізіп. Мейманының елгезектігіне иліккендей болған ақын әу бастағы ел атқамінерлерінен бойын аулаққа салып дағдыланған қашанғы міне­зімен тіксініңкіреп қалған қалпынан қайтып, күліп жіберді.

 

– Ол бүркіттің түлкі шайнап тастаған саусағына кигізетін болат шеңгел, жолдас Альвин, – деді Шәкәрім таза орысшалап.

 

– Ғажап, ғажап! Сонда сіз тек қана музыка шығарушы ғана емес, шебер зергер де болдыңыз ғой!..

 

 Шәкәрімнің орысша жатық сөйлейтінін жол үстінде Қабыштан біліп алған мейман онымен емен-жарқын әңгімелесе бастады. Естігендерін жадына сақтап қалуға тырысумен бірге, әлде бір ойларды қойын дәптерлеріне сойдақтата жаза беруді де ұмытқан жоқ.

 

 Шай ішілген соң, Шәкәрім мейманына өз қолымен жасаған мандолиндерін, скрипкаларын да көрсетті. Альвиннің тілегімен скрипкада Еуропа композиторларының бірінің шығармасын да сызылтты.

 

— Әндеріңізді өз ауызыңыздан естиін, нотаға түсірейін деп арнайы келдім, Шакарим ага! – деді Альвин кескіні өзі бұған дейінгі көрген қазақтардан гөрі араб ертегілеріндегі бекзадаларға көбірек ұқсайтын ақынға шын ниетпен.

 

— Менің жасым қазір 64-тен асып барады, Альвин Эрнестович! Дауыс бұрынғыдай емес. Сондықтан, әндерімді мына отырған туысым Әбдіғали айтады, – деп манадан меймандарға шай құйып беріп отырған ықшам киінген жігітті иегімен нұсқады қажы.

 

...Көңілі қалаған адамымен жатсынбай бірден сырласа кететін жомарт жүректі ақынмен голландық марксшіл сазгер сөйтіп, аз ғана уақытта тіл табысты. Ендігі бір сәттерде өзі жасаған үш шекті домыраны қолына алған ақын Альвинге әуелі керей руынан шыққан Біткенбай домбырашыдан жас уағында үйренген “Азамат Қожа”, “Бұлаң жігіт”, “Алшағырдың ащы күйі” секілді толғанысты, тербелмелі саздарды ағылтты. Альвинге әсіресе, Шәкәрім тартқан “Саймақтың сары өзені” атты шертпе күйдің жаратылу табиғаты ұнады... Үш шекті домбырадан жан жүйеңді идіргендей неше түрлі сиқырлы саздар алма-кезек сұңқылдай суырылғанда голландық көзін жұма, рахаттана тебіренді...

 

— Ыстамбұл сапарымда бір айға жуық шығыстың нота жазу өнерімен таныстым. Егер сізді қызықтырса, соңғы шығарған әндерімнің қағаз бетіне түскен белгілері мыналар, – деп Шәкәрім қажы қонағына қолмен түптеліп, тігілген қалыңдау кеңсе қағаздарын аса бір ықтиятпен бипаздай ұсынды. Шығыстың нота жазу әдістерімен бұған дейін таныс емес Альвин, жалма-жан өз қағаздарын алып, бірер нота әліп-билерін сала бастады.

 

– Қызық екен! Мына бір қысқа нотаның аты арабша жазылғандықтан, оқи алмай отырғаным, Шакарим ага!.. Сірә, қысқа қайырылып отыратын буындардан тұратын, сазы да, баяу ән болар, — деді Альвин шығыс ноталарына ықылас қоя жанар жүгіртіп.

 

– Музыка дегеннің адамзаттың барша нәсіліне ортақ, түсінікті өнер екенін бай­қаттыңыз, Альвин Эрнестович! Бұл расында да маңғаздықпен, асықпай, ойлана ай­тылатын ән. Жастық шақтың ең асыл сезімдерін жыр етеді. Аты да “Жастық!” — деді Шәкәрім қажы қонағының зеректігіне, аса сезімталдығына риза болған сыңайда. Сәлден кейін ақын ыңылдап, баяу дауыспен өзінің алғашқы шығарған әнін айтып кетті.

 

Сол күнгі кеште Альвин Шәкәрімнің “Қалқаман-Мамыр”, “Дубровский” қиссаларынан үзінділер де тыңдады.

 

– Шакарим ага, бұл жолғы сапарым асығыстау болып отыр. Ақмолаға, политотделге қызметке қайтуым керек ертең. Амандық болса, Семейге тағы бір соғармын. Қалаға тоқтағанымда өзіңізді қайдан тапсам екен, – деді Альвин енді ақынның өнері мен тағдырына қатысты жайларды әлі де молынан біле түссем деген ниетпен.

 

– Жөн, жөн, Альвин Эрнестович! Амандық болса, жүздесіп тұралық! Менің Семейдегі жиі түсетін үйім Кәшти деген қарындасымыздікі. Әлгінде өзіңізге орындап берген “Жастық” атты әнімді сол кісі тамаша шырқайды. Егер нотаға жазып алмақ болсаңыз, сол орындауда қағазға түскені жөн. Ол шырақтың әнге деген тынысы кең, дауысында айырықша нәзіктік иірімдер бар, — деді мейманы­ның ұсынысын құп алған ақын шын ықыласпен...

 

*  *  *

 

– Менің естуімше, Альвин Эрнестович, Шәкәрім қажының ою-өрнектер сызып, тақтай тастарға қашап бедерлер салатын да шеберлігі бар. Бұларға қоса, ол жүйірік ат, алғыр тазы, қыран бүркіттер ұстап, аңшылық, саятшылық та құрады дейді білетіндер. Ең қызығы, осынау дала қазағының орысша, арабша, парсыша жазылған кітаптарды, философиялық ғылыми еңбектерді еркін оқып, зерделей алатындығы мен керемет музыканттығы және аса дарынды ақындығы дер едім. Білім мен өнерге деген осыншалық құштарлықтың ешқандай да университет бітірмеген дала қазағының бойынан табылуы керемет, – деп Есіл жағалауынан бас­талған әлгіндегі әңгімені тыңнан өрбіткен Николай Финдейзен өзен бетінің толқып жатқан айдынына жанар тіктеді.

 

– Халық творчествасы дегеніңіз мына есіліп ағып жатқан өзендей арналы да, терең, достым! Оның маржандарын ерінбей жинап, төңкеріс мұраттарына жарата білуіміз керек, – деді Альвин де серігінің жүзіне бұрылып.

 

...Өнер атаулыға қасиетті іс ретінде тағзыммен қарайтын екі дос сөздерінде тұрды. 1926 жылы голландық музыка танушы Альвин Бимбоэс нотаға түсірген Шәкәрімнің екі әні Финдейзеннің редакциялауымен шыққан “Музыкалық этнография” жинағына қазақтың өзге де 25 әнінің қатарында енді. Кейін осы жинақты Альвин туған елі Голландияға ала кетті. Шәкәрімнің шет жұртқа жол тартқан ол екі әнінің бұдан арғы тағдыры белгісіз. Мүмкін ұлы жанның жүрегін жарып шыққан сол әндер голландықтардың сүйіп айтар мұңлы толғауларына айналып үлгерген де шығар. Жер мен ел талғамайтын, ұшып жеткен жерін жатсынбай өз жырына бөлейтін қанатты құстардай емес пе ән деген жарықтық!

 

Смағұл РАХЫМБЕК, журналист.

 

 

 Бізді Ахат Құдайбердиев оқытқан еді

 

Кезінде көп нәрсеге мән бермедік, оған өреміз де жетпеді. Оның үстіне уақыттың бағасы басқа болды.

 

Біз бүгінде кешегі 90 жылдығы тойланып жатқа

12
скачать работу


 Другие рефераты
Тоқтар Әубәкіров
Химия сегодня
Жизнь и творчество Людвига Ван Бетховена
Договора ОСВ 1 и ОСВ2. Проблемы ратификации


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ