Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шәкәрім және Пушкин

н енді сені” дейді. Соны дегені қарсыла-сының ит күтушісі – Темушка. Троекуров бұған шалқасынан түсіп ашуланады. “Малым барда бетіме кім шыдайды, Борышқор ондай маған тең бе?” деп кеудесін ұрады. Аңнан қайтқанда Андрейдің егінін таптап өте шығады. Троекуровтың мұжықтары Ан­дрейдің ағашын ұрлап кеседі. Екі мұжық, үш ат Дубровскийдің қолына түседі. Шәкәрімде қолға түскені бір ат, бір мұжық. Атын алып, өзіне дүре соғады. Оқиғаға Шабашкин деген заседатель келіп араласады. Оны Троекуров Дубровскийге қарсы жұмсайды. Көршімнің жерін маған алып бер дейді.

Олай болса жұмысы оңай маған,

Түп-түгел әперейін жерін саған.

Закон-түйе, бұйдалап жетелерміз,

Несі адам осындайда жол таппаған, — деп Шәкәрімнің Шабашкині жылмаң қағады. “Закон түйе, бұйдалап жетелерміз” деген тіркес Пушкинде жоқ, оны Шәкәрім енгізіп отыр, қазақы деталь қазықтай қадалып, текске сіңісіп кетіп тұр. “Махкеме”, “задатка”, “жандарал”, “павеске”, “конвой” сөздері түпнұсқада жоқ, қазақшасында бар. Әр уақыт әдеби жәдігерге өз нышанын, өрнегін салады. Сонымен Дубровский сотқа шақырылады. Секретарь ұзын сонар дәлелдермен жазылған сот үкімін оқиды. Хикаятта бұл тұс егжей-тегжейлі айтылып, тоқсан тоғыз дәлел келтіріліп, жүздеген жала жабылып, ақыры Дубровскийдің атамекен жері Троекуровтікі боп шыға келеді. Пушкинде бұлар бірқатар беттерді алады. Ал Шәкәрім оның бәрін тастап кетеді және дұрыс істейді, өйткені қазақтар үшін соттың сорақы шешімі шешуі табылмас жұмбақтай, миды ашытқан жаңылтпаштай шыдамды жеп, діңкені құртады және өлеңге айналдыруға келмейді. Оның есесіне үкімнен кейінгі Дубровскийдің аянышты халі, Троекуровтың жеңдім деп кеудесін көтеруі, Дубров­скийдің жаралы қасқырдай жан-жағын жайпап далаға атып шығуы түпнұсқада қарасөзбен қалай күшті берілсе, өлең өрнегіне түскенде де сондай қуат алады.

Андрейге қол қой деп келгендерге,

Жауап бермей, аз тұрды қарап жерге

Ақ ісін қара жеңіп кеткендігі,

Оңалтпас оқтай тиіп қайран ерге.

Қайраттанды көзінен оты шығып,

Бір қағып секретарьды кетті жығып.

Оқ тиген арыстандай аласұрды,

Әр ұлықты әр жерге қуып тығып.

Мұндағы: “Ақ ісін қара жеңіп”, “Оңалтпас оқтай тиді”, “Оқ тиген арыстандай”, “Әр ұлықты әр жерге”, деген тіркестерді Шәкәрім өз жанынан қосқан, Пушкинде жоқ. Енді Шәкәрім Владимир оқып жүрген Петерборды, оның өнерлі қала екенін, сабақтас құрбыларын бірер ауыз сөзбен бейнелеп кетеді. Бір күні біреудің оған хат ұсынғанын, Владимирдің өңі сан құбылып, өзгеріске түскенін келтіреді. Бұл хатты Владимирдің сүт енесі Егоровна дейтұғын бір кемпір жазған еді. Шәкәрім хатты кім жазғанын айтпады. Владимирдің әкесіне келер жолдағы толғаныс ойларын, ат айдаушы Антонмен екі арадағы сөзді Шәкәрім тәптіштеп жатпай, бірер шумақпен келтіреді.

Ат быр-быр, арба күр-күр, қоңырау шылдыр,

Тау, ағаш кейін қалып, қақты бұлдыр,

Бұлардан Владимир түк сезбейді,

Түпсіз ой, түссіз қиял неше мыңдап,

Бірі бүйт, бірі сүйт деп тұрады ымдап.

Тұңғиық тұманданған алдыңғы өмір,

Тұрғанын біліп болмас не дайындап.

Бұл жолдарды аударма деп қалай айтасыз. Пушкин тақырыбын негізге ала отырып жазылып шыққан, қазақ топырағында туған жаңа дастан Дубровский туралы дастан емес пе?! Пушкиннің фразасында, детальдарында артық сөз, қимыл кемде-кем ұшырайды. Соның өзінде қазақ ақыны іріктеп толғап, жаннан жаңа ұғымдар, тіркестер, детальдар қосып, барынша қысқарту үстіне ширатып, шымыр дөңгелентеді. Ал поэзиясында шалқып, шабытты шайдай ашып, аңқылдап төгіліп отыратын Пушкин қарасөзге келгенде тым үнемшіл әрі қарапайым, қысып берген фразаларының ішінде иірім-иірім күш жатады. Бояуды үсті-үстіне жақпай, сөз астарына алпауыт сыр беріп, шым-шымдап сыналата береді. Шәкәрім сол әдісті түсініп барып, қаражаяу қотара салмай, немкетті өрнектей салайын демей, он бір буынмен ойнатып, биіктетіп береді. Қазақ оқушыларының эстетикалық талғамын тәуір білетін автор Дубровский хикаясын ана тілінде еркін жүргізеді. Екі шығарманы қатар қойып салыстырушы ғана түпнұсқа мен қазақшасының арасындағы аракідік айырмашылықтарды аңғарады. Керекті жерінде текске қосымша детальдар қосып, тап сол тұсының әрекетіне тереңдеу мән беріп өтеді.

“Дубровский” Пушкинде 19 тараудан тұрады. Шәкәрім сол тараулардың ізімен жүріп отырады, артық-ауыс кетпейді. Әр тарау көгенге тізген қозылардай бірінен соң бірі келесі оқиғаларға саты болып, шығарманы салмақтандыра, қоюландыра түседі. Орыс қоғамында өткен оқиға қазақ топырағына келгенде жаңа бір сазды лепке, дала ырғағына иелік етіп, мүлдем бір бөлек күмбез көтереді. Ш.Құдайбер­діұлы Пушкинше хикаяны тарау-тарауға бөліп, кейде дәл, кейде жекелей, ал кейде асырыңқырап жібереді. Кісі аттарына көп өзгеріс енгізбейді, тек Троекуровтың бұ­рынғы бір баласын оқытқан көңілқос әйелдің атын Мишу деп алады, ол түпнұсқада Мими делінген, Дефоржды сол күйінше алады. Пушкиннің кей тұста толығырақ айтып кететін суретіне Шәкәрім көп тоқтамай, бірер шумақпен бейнелейді де, ілгері өтеді.

Пушкиннің “Дубровскийі” он тоғызыншы тараумен, яғни Дубровскийдің шет елге өтіп кетуімен тәмамдалады. Шәкәрімнің қолынан шыққан “Дуровскийдің әңгімесі”:

“Кетті де заграница – бөтен елге”,

Жайылды қызыл өсек талай жерге.

Жаны ашыр ма, ақылы жанасар ма,

Біздің қазақ сорлының бұндай ерге?

Залым кім, парақор кім, жазасыз кім?

Қайсысы ақ жүректі, қайсысы сұм?

Кекті кім, кекті жеңіп көшірген кім?

Білдің бе күшті екенін махабаттың? – деген сөздермен бітеді. Сөйтіп, XX ғасыр басында әлемдік пушкинианаға тыңнан келіп қосылған қазақ дастанын жаңа қыры­нан байытты. Ендеше, Ш.Құдайбердиев жазған “Дубровский әңгімесі” Пушкин хикаятының аудармасы емес, соның қайта қазақша өлеңмен жырланған формасы. Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі, хикаяттың дастанға айналуы. Шығар­маның негізгі кейіпкерлерінің аттары, іс-әрекеттері сол түпнұсқа күйінде қалғаны­мен, қазақ даласында өтіп жатқандай әсермен суреттелген. Негізі “Дубровский әңгімесі” мен “Боран” 1908-1909 жылдары қатар аударылса керек. “Боран” бес- алты беттен асатын шағын әңгіме, оны Шәкәрім 248 жол өлеңге түсіріпті. Кейбір кісі аттарына жасаған сәл-пәл өзгерісі болмаса, мазмұны сақталған. Шәкәрімнің “Марқұм Иван Петрович Белкин повестерінің” ішінен “Дубровский” мен “Метельді” таңдауы тегін бе, ал, біріншісі, ауыл тұрмысына жақын да, екіншісі қашықтау тұр ғой. Жоқ, әлде жай бір ермек үшін жаза салды ма? Пушкин прозасының сиқыры да сонда-ау: сырт адам қалай кірісіп кеткенін өзі де аңғармай қалады. Бірінен соң бірін еңсеріп тастаған автор көңілін жайлағанға ұқсайды. “Боранның” басталысы сол түпнұсқадағыдай екен. “Мың сегіз жүз он бір жыл шамасында, он екінші жылменен арасында” деп басталады. Саврило Сагролович Нинандарып деген имениесінде шалқып жүріп жатады. “Қызы Мария бек сұлу, һәм әдепті. Сол жылы он жетіге жасы кепті”. (Пушкинде қыздың жасы айтылмайды.) Қонақтар карта ойнаймыз, қарыз аламыз деп, қызды көріп кетіп жүреді. Марияға Владимир дейтұ­ғын жас офицер (Пушкинде армия прапорщигі) ғашық еді.

Бұл сырды бәйбіше мен бай да білді,

Екеуін жолықтырмас айла қылды.

Владимир келгенде кекеп-мұқап,

Мысқылдап айта берді қайдағыны.

Жарқыным, сирек келіп әңгімелес,

Бұл қора солдаттардың лагері емес!

Ертеңді-кеш есікті босатпайсың,

Сандалғанды еш адам мақұл демес.

Бейуақытта қақпаны тарсылдатып,

Эполетін, медалін жылтылдатып.

Осындайлар тыныштық бермеді ғой,

Етегінен қылышын қылтылдатып.

Қалтасының бостығын ұмытып кетіп,

Әскерімсіп төбесі көкке жетіп,

Мұны неге соғысқа жібермеген,

Әр қақпада қойғанша тентіретіп.

Түпнұсқада осы төрт шумақ бір-ақ фразаның ішінде жүр. Қыздың әке-шешесі Владимирді “кекеп-мұқамайды”, қызының кездесуіне тыйым салып, жігітті салқын қабақпен қабылдайды. Пушкинде қыз туған үйін тастап, жігітке қашар алдында шым-шытырық түстер көреді. Түсі жақсы емес. Сыртта боран ұли бастайды. Бұл араны Шәкәрім тастап кетеді де, бірден Марияның үйінен түнде ұрланып шыққанын суреттейді. Қыз сыры әке-шешесіне белгілі болып қалады. “Жазылса офицерге бермек болды”. “Бай, бәйбіше хат жазды офицерге”, “Кешу сұрап жақын­дық іс қыларға”. “Өлсем кегім кетеді ішімде” деп, жігіт соғысқа кетеді. “Сол кезде французбен орыс жау боп, Боробиннің соғысы болды қатты” деп Шәкәрім 1812 жылғы жағдайдан хабар бере кетеді.

Бұл соғыс – тәмам жанға мәлім соғыс,

Көп адам қырғын тапқан зеңгер соғыс,

Басында француздар Мәскеуді алып,

Аяғында қашырып жеңген орыс.

Бұл мысал біздің жаңағы пікірімізді анықтай түсетін секілді. Көп кітап ақтарып оқыған, ізденген Шәкәрімнің қолында 1812 жылғы орыс-француз соғысы жайында деректі жинақ не көркем дүние болуы мүмкін. Қазақ ақыны білгесін айтып отыр, әйтпесе, Пушкинге түзету енгізбек ойында жоқ. Сонымен, Владимир соғыста өледі. “Жығылғанға жұдырық” дегендей, әкесі де қайтыс болады. Мария шешесімен екеуі қалады. Басқа жерге көшіп кетеді. Соғыс жеңіспен аяқталады. Жиырма бес жасар полковник Бермин Марияға ғашық, сөйтсе де, сүйетіндігін айта алмай мүдіре береді. “Бірақ, бірақ… дейсің” де тоқталасың, не қылса бір қысталаң бар ғой сенде” деп ақын айтқандай, Бермин қызбен бір сырласу сәтінде:

Бойымда қатты қайғы, арманым бар,

Адасып бір қышлаққа барғаным бар.

Танымайт

123
скачать работу

Шәкәрім және Пушкин

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ