Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шәкәрім және Пушкин

ын бір қызбен некелесіп,

Байғұстың обалына қалғаным бар, — дейді.

Япырай, бұл сөзінде бір кілтипан бар ғой деп Мария: “Мен мұныңды ұға алмадым, Танымасаң қалайша некеледі”, Сүймей тастап кеттің бе, неге алдадың?” деген соң Бермин сыр ашады. Сөйтсе, баяғы аласапыран боранда, апас-қапаста шіркеуде бұнымен некелескен, сүйісерге келгенде басқа біреу боп шыққан, сосын шіркеуден шығып қаша жөнелген осы Бермин болып шықты.

Сөзінен о да танып Марияны,

Елжіреп шықпай қалды әзер жаны.

Көңілімнің көзіне елестейді,

Берминнің кешу сұрап жылағаны, – деп, ақын “Боранды” тәмамдайды. Пушкин жетектеп, Шәкәрім еріп отырған. Және беталды жүре бермей, әңгіменің ізін басып “қисынын тауып”, кестесін келтіріп, дәмді дастан етіп ашып шыққан. Автор “Дубровский әңгімесінде”, “Боранда” кейбір қазақ ұғымынан қашықтау орыс лек­сикасын, француз сөздерін, музыкалық шығармалардың аттарын әдейі алып тас­таған болуы керек. Пушкин текстерін тұп-тура қайталамағанмен, жалпы сюжеттік желісін сақтап жырлаған. Рас, кейде ирониялы Пушкин фразасы қазақшасынан табылмай қалады, кейде кекесінді Пушкин күлкісін сақтап қалатыны да бар, дегенмен, сирек. Бірқатар Шығыс елдерінің арғы-бергі замандағы аудармашылары Пушкинді екінші тілден, яғни француз, ағылшын не неміс тілдерінен алған. Мысалы, Қытайда Пушкиннің “Сығанын” Проспер Меримеден алып тәржімалаған. Шәкәрімге екіаралық тілдің қажеті шамалы еді, біріншіден, өзі қазақтың жазбаша поэзиясының негізін салушылардың бірі, екіншіден, орыс тілін жақсы біледі. Ресей өмірінен хабары мол жазушының, Пушкин прозасына баруының өзінде заңдылық, үйлесімділік бар. Сөйтіп, Абай, Шәкәрім, одан бері қазақтың халық ақындары Пушкин поэзиясының, прозасының сырлы есігін ашып, Пушкин тақырыбын қырда қайтадан жырлап, ұлттық әдебиетке жаңадан бір тың өріс ашып беріп кетті.

Авторы: Өтеген КҮМІСБАЕВ, филология ғылымдарының докторы, профессор.

123
скачать работу

Шәкәрім және Пушкин

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ