Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шал Мырза

ал Ерімбет, Жалғасбай, Байназар ақындар, күйшілер – Мырза мен Жалдыбай, қобызшы Дайрабай қадау – қадау дара туған өнер пірзадалары емес пе», — деп Мырза күйшіні алғашқылардың бірі болып тілге тиек еткен еді. Бір өлкедегі күй өнерінің темірқазығына айналған Мырза күйші өнер пірзадасы деуге әбден лайық. Дүйім жұрт күйшіні көзі тірісінде – ақ күй дариясы атандырды.

Мырзаның әкесі Тоқтаболат Ырғыз бен Сырға дәрпі тегіс жайылған, Әлім мен Шөмен елінің таразысын тең ұстап билеген қабырғалы биі еді. Ол елге аса қадірлі, беделі басым адам болған. Халық арасында ол туралы желілі әңгімелер айтылады. Соның бірінде Тоқтаболат Шал Пана батырға араша түсе Майдан  Жанқожа батырдың алдына барған екен деседі…

…Қаракесек Ақтан батыр бастаған қалың қол Хиуаға аттанғанда, Шал Пана батыр мінерлік ат – көлік таба алмапты. Сөйтіп, Майдан елінің бір байының түндігін кесіп, жылқысын айдап әкетіпті — міс деген әңгіме бар. Қолға түскен Пананың жазасына Майдандар қылыш қандамақшы болғаны. Батырдың жағдайын, Қарақұмдағы Тоқтаболат естіп, Жанқожа батырдың алдына жүгініске келіпті. Тоқтаболат Майданға өкіл күйеу екен. Бидің сөзіне әбден құлақ қойған Жанқожа:

- Қой, болмас! Тоқтаболаттың өзі келді ғой… Пайғамбар сыйлаған күйеу еді бұл. Бірақ алдымен көрейін сол Панасын, — депті. Алдына келген Панаға Жанқожа ұзақ қарап отырып, қайрат – қажырына, келімі келген келбетіне риза болып:

- Көзінде от бар екен. Болса, болар, босатындар шіркінді! – деген екен. Әйтсе де, Пана батырдың дауы малға бітіспей, Майдан елі түндігін даулапты. Ақыры Тоқтаболат өз түндігін беріп бітіскен екен. Бұл би өмірінің бір сәті ғана.

Тоқтаболат би дүние салғаннан кейін «Әбдіқожа» дейтін қорымға жерленген. Бұл, Қазалы ауданы, Құмжиек совхозынан күншығыс бетке қарай алты – жеті шақырым жерде. Бидің басына белгі қойылған. Тоқтаболаттың мырзалығы мен қонақжайлығы ерекше болған. Бидің төрі босамапты. Елдің сорпа бетіне шығарыларының бірі аттанып, бірі түсіп жатады екен. Мырза ес білгеннен осындай адамдармен дәмдес болды. Жақсылардың өнегесін алып, қызмет қылды.

Бұл шаңырақтың тұрақты меймандары – елдің қобыз бен домбыра арқалаған өнерлілері еді. Олар айлап жатып, сауық – сайран құратын. Содан да болар, Мырза ән – жырға ерте машықтанады.

Ел арасында Мырза туралы аңыз – әңгімелер көп. Солардың бір тарауы – күй өнерінің Мырзаға бала кезінде қалай қонғандығы туралы. Бұл әңгімелер әрқалай айтылып, мың құбылғанымен, оқиға желісі – біреу. Ол күйдің Мырзаға «кие» болып жабысуы хақында.

Бұл күйшінің балалық шағы, алты – жеті жасар кезі болса керек. Әкесі Тоқтаболат ұсталардың біріне қолқалап, Мырзаға домбыра соқтырып береді. Бала Мырза естіген ән – күйлерін домбырасына қосып ойнай бастаған. Бір күні Сыр бойынан Қарақұмға бір топ би – болыстар келген. Жақсылар мен жайсаңдар бидің шаңырағына бір түнейді. Келесі күні түс мезгілінде меймандардың қонақасы сыбағаларына қысыр емген тай сойдырып, құрмет жасайды. Мырза елеусіз ойнап жүре берген…

Ойламаған жерден ғажайып іс болды. Қонақтар жайғасқан би ордасының іргесінен біреудің домбыра ойнағаны естілген. Домбыра кей сәтінде көкірегі қарсы айырылып күңіренеді… Кейде ботасы өлген аруанадай боздайды… Содан – соң сыңарынан айырылған жаралы қудай сұңқылдайды… Әйтеуір, безек қағып, байыз табар емес.

Би – болыстар аң – таң. Меймандарға тігілген орданы қоршап алған халық… Бала Мырзаның мына кереметін көріп, айран асыр… Ойыннан шаршаған бала, үйдің іргесінде жатып көзі ілініп кеткен екен. Көкірек аузында жатқан длмбырасының ішегін жел тербеп, күй төгіп жатты. Кенет Мырза шошып оянады. Содан – соң үзілген күйлердің тәтті әуенін үсті – үстіне тарта беріпті…

Сол күні Мырза тәңірінің күбірін естіп оянады. Осы күннен бастап, домбырасының әр пернесіне күй арнап тартыпты. Кейін, домбыра шертпесе отыра алмайтын халге жетеді. «Мырзаның домбырасының көмейіне адамша тіл бітіпті», — деп шуылдасты халық.

Арадағы азғантай уақытта Мырза туралы бұл аңыз Сырдан асып, Үстірт пен Қаратау бөктеріне тарап үлгірген еді. «Шалдың бір баласына күй қоныпты», — деген сөздерді ұшқан құс қанатына іліп әкеткендей. Сөйтіп, Мырза халық санасында аңыз бейнеге айнала берген.

Осы бір оқиғадан кейін Мырза халық аузына тез ілігіп кетіпті. «Оның кереге басында ілулі тұратын домбырасы өзінен – өзі ызыңдап, күй аңсайтын болыпты», — деседі. Әйтеуір тап сол күнгі, сол жағдайдан кейін Мырзаға шамадан тыс, ерекше күштің әсер еткені – ақиқат.

Кие қонды дейтін халық ұғымы да осы болса керек. Жалпы қазақ халқының ой – ұғымындағы ерекше қасиет дарыған адамдарға байланысты айтылатын «арқалы», «өнер қонған», «кие дарыған», «қыдыр көрген» дегн сөздердің төркіні бекер болмаса керек. Халық Мырзаны да осындай ерекше қасиеті бар киелі күйш дейді.

Ол күй шерткенде, айналасында халықтың бар – жоғын ұмытып, айрықша арқаланып кететін болған. «Қас – қағым сәтте мың құбылып, жанары от шашып, тыңдаушысын еріксіз таңырқататын еді», — деп естеріне алады көзін көріп, күйін тыңдағандар.

Бертін келе Төртқараның атақты Шал Мырзасы атанады. Ұстаз санап, дәстүрін тұтынған Құрманай Төремұрат, Дайрабай, Арынғазы, Үсен күйшілерден алған үлағаты күйшіні биік белдерге шығарды. Өзі тәрбиелеп, батасын берген шәкірттері – Қазанғап пен Жалдыбай күйшілер ұстаз өнегесін дамытып, бағын баянды етті. Сырдың  басқа саңлақ күйшілері сияқты Мырза да, дәстүрлі күйдің байрағын көкке көтерген қалпында өтті.

Мырза өміртарихының соңғы жылдары белгісіздеу. Оның өзіндік себептері де бар. 1928 жылы жаппай мал – мүлікті тәркілеу мен зұлматты аштық жылдары Мырза әулеті Қарақалпақ еліне асып кетеді.

Күйшінің жалғыз баласы – Әлмырза оқыған, сауатты адам болған. Бірақ ел арасында Әлмырзаның өміртарихын білетіндер аз. Ол молда болған, мешіт ұстаған.

Кейбіреулер Мырзаны 1932 жылы кеткен еді дейді. Қалай болғанда да, елден кетуіне себеп – жалғыз баласының үкіметтен қуғын көруі. Мырза Қарақалпаққа барған соң алты жалдан кейін, яғни 1934 жылы Тақтакөпір ауданы, «Батпақкөл» деген жерде жылдың көктем мезгілінде дүние салады. Қазір қабірі сонда.

Мырза күйлері біздің қолымызға толық қалпында жетті деу қиын. Оның әрбір шығармасы түрлі орындаушылық интерретациядан өтті. Қилы уақыт елегінен, дүрбелең замандардың ауыр сын – сүзгісінен шықты. Қолымызға тиіп отырған күй мұраларының басым көпшілігін күн қаққан ,жел тиген, уақыттың топан суы шайып әкеткен. Аңыздардың дені ұмыт болған. Бұл —  Мырзаның ғана емес, бүкіл даналықтар дәстүрінің басындағы қасірет. Сондықтан күйші мұрасының біздің қолымыздағы азғантай бөлігі ат басындай сом алтынның сынығындай ғана деп білген абзал.

Бүгінгі таңда бізге Мырза Тоқтаболатұлының жиырмадан астам күйі белгілі болып отыр. Солардың бір тобы – тартыс күйлері. Қазақ халқының дәстүрлі күй тартысы өнерінде Мырза қайталанбас қолтаңбасымен оқшауланады.  Күйшінің «Қос қыз», «Терісқақпай», «Ташауыз», «Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі» (Шақыру күйі), «Сыр жаңылтпаш» сияқты шығармалары тартыс үстінде шыңдалған дүниелер деуге негіз мол.

Мырза күйлері өзі ғұмыр кешкен заманының озық үлгілері мен ауқымды тарихи мәселелерін өн бойына асыл арқау, биік тұғыр, көркем желі етіп тартқан. Оның қайсыбір шығармасын тыңдап көрсеңіз де айдарынан қазақтың сары даласының  самалы есіп тұратындай. «Қоштасу», «Тәнтән қыз», «Мұңлы қыз», «Мамық», «Раздасу», «Кербез күрең», «Жұма», «Қайран елім, қайтейін», «Бес қыздың бел шешпесі», «Қара жорға» сияқты күйлерді халық Мырзаның өз өмірімен байланыстырады.

Мырза шығармаларын тыңдай отырып, ондағы кейіпкерлермен біте қайнасып, бірге жүресің. Күй образдары  апайтөс далада болып өткен қиянкескі оқиғалармен кезігіп, тылсым жәйттердің куәсі боласың.

Осы жерде бір ауыз сөз Мырза күйлерінің орындалу ерекшелігі хақында. Күйші шығармаларының шарықтау шегі, яғни, кульминациясы кіші саға дейміз. Батыс Қазақстан күйлеріне тән кіші немесе үлкен сағаларда шығарма өз шарықтау шегіне жеткеннен соң, тәптіштеп, астыңғы ішекте (ре) стреотип ойнау керек. Әйтсе де, күйшінің «Қара жорға», «Жемнің ағыс күйі», «Асанқайғы» сияқты күйлерінде кіші сағада негізгі әуеннің стереотипті жаңғырығы ойналады. Тіпті, Н. Жәлімбетовтың орындауындағы «Мамыр Ақжелең» мен Қобылаштың жеткізуіндегі «Мұңлы қыз» күйлері басқа шығармаларынан мүлдем ерекше. Мұнда күй үлкен сағада шалқып, негізгі әуеннің жаңғырығы төменгі (ре) ішекте бедерленеді. Батыс өңіріне тән қасиеттер күйшінің басқа шығармаларында кездесе бермейді. Демек, Мырза күйшінің өзі – көне архаикалық дәстүрден дамыған жаңа сипаттағы классикалық дәстүрге толығымен өтіп болмаған аралық дәстүрдің өкілі деген сөз. Оның шығармаларында көненің асылы мен жаңаның соны қасиеттері тел тоғысып отырады. Қайсыбір күйде болмасын негізгі әуен бас буын мен орта буында қайталанып отыратыны белгілі. Мырза күйлерінде осы шарттардың ылғи да толассыз дамып, шығарманың ішкі динамикасы күрделіленіп отыратын түрі өте жақсы сақталған. Мырза күйлерінің буындық арақатынасындағы әуеннің бірдемділігі ерекше ден қойғызады, яғни, әрбір буыны бір – бірімен үзіліссіз жалғасып, үдей дамып отырады. Осындай жәйттерден кейін шығарма

123
скачать работу

Шал Мырза

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ