Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шал Мырза

өзінен – өзі бөлінбес біртұтас бүтінге айналады. Күйші шығармашылығы оның образ ашу тілінің көркемдігімен қымбат. Күйші шығармашылығының ден қоярлық қыры, оқшау тұстарының бірі – осы.

Күйші шығармашылығы оның образ ашу тілнің көркемдігімен қымбат. Құйқылжыған құйын әуен, сиқырлы сылқым шертіс, шиыршық атқан ұшқыр ой Мырза күйлерінде бір нысанада тоғысып жатады.

Мырзаның астарлы шығармаларының бірі «Бұғының күйі» туралы айтар болсақ, бұл күйдің аңыз – шежіресін түгел айтқан көнекөздер жоқтың қасы. Тек, аңыздың күйекке байланысты екені анық. Сондықтан, толық аңызы сақталынбағаны себепті шығарманың тарихын мына шамада топшылауға болады:

Әр жылдың көктем мезгілінде, күйек кезінде аталық бұғылар аналықтарын бөлісе алмай, өзара қатты қырқысады. Бұл жекпе – жекте аталық бұғының бірі міндетті түрде мерт болуы шарт. Ал мұндай жағдай болмағанның өзінде жеңіліс тапқан аталық бұғы ол өлкеге екінші аяқ баспауға өзіне – өзі серт байлайды екен. Табиғат аясында осы іспеттес құбылыстарды көзімен көрген Мырза сол жекпе – жектегі аталық бұғының көңіл – күйін, өз жаратылысына сәйкес табиғи ниетін адам өміріндегі осы сияқты ұқсас ахуалдармен шендестіре суреттеген.

Қазақта Бұғы туралы күйлер онша көп емес. Бұғыны культ санағандықтан, Бұғыға байланысты ән – күй қазақтан гөрі көрші қырғыз елінде көп сақталған. Негізінен, Бұғы жөнінде түрлі наным – сенім рәсімдерді бедерлейтін деректер көне ескі петроглифтерде сақталған.

Мырза күйлерінің табиғи тұтстығын құрайтын шыңдаулы шығарма – «Ташауыз». «Ташауыз»теңдесі жоқ көркем де күрделі шығарма. Көне домбырашылар бұл шығарманы үш бөлімге бөліп тартқан және «Қос қыз» күйі аңызының бір тармағы осы шығармамен байланыстырылады.

Күйдің бірінші бөлімі түркімен жігіттің күйі. Екінші бөлім қыздың күйі. Үшінші бөлім Мырзаның қорытындысы деп түйінделеді. Күйдің көркем нұсқасы – Мырзаның «Ташауызы». Күй тартысы Ташауыз қаласында өткендіктен күй осылай аталған.

«Ташауыз» күйі аңызының бір тармағы бізге Нәби Жәлімбетов арқылы жетті. Бұл аңызда жас жігіт бір ақсақал адамға еріп Ташауызға жылым тартуға барады дейді. Ондағ домбырашы қыздар – апалы – сіңілі Адай руының қыздары. «Қос қыз» күйі осы қыздарға арналған деседі.

Күй «қолдан келмесе таласпа, әркім өз білгенін айтады» деген дүниетанымға саяды. Күйдегі Мырзаның аузымен айтылатын сөздерден «күйді ерекше таңбаланған, тәңірі қалаған адам тартады, күй көрінгеннің оңтайына көнбейтін киелі дүние» деген ой ұшық береді.

Бұл тартыстың мағынасы – өмір бірін – бірі теріске шығаратын қайшы қағидалардан тұрады деген астарлы сөздің ишарасы. Бұл Мырзаның өзінің алдында өткен ерлердің еңбегіне баға берген, дүниенің қадіріне жеткен кемел шағы болса керек. Бұл шығарма өзінің қадірлескен, заманы бір болған, ат құлағын теңестірген үзеңгілестеріне Мырзаның күйден тұрғызған рухани ескерткіші деуге лайық.

Заманында теңдессіз төкпеші болған Аралдың ақиық домбырашысы Мырза Тоқтаболатұлының күйшілік мұрасы кешегі аумалы – төкпелі кезеңді кешіп, бізге там – тұмдап жетіп отыр. «Ескіше күйді» тартуға тыйым салынып, оны феодолизмнің қалдығы деп атқа ерді теріс салған саясаттың кесірінен не шешен сөздер өлмеді, не дүлдүл күйлер жоғалмады.  Мырзаның да домбырашылық дәстүрі осындай тар жол, тайғақ кешуден өткен. Әйтсе де, өзінің асылдығымен қап түбінде жатпас құндақты пышақтай бүгінге жаңғырып жетіп жатыр.

Айтылмаса сөз жетім, тартылмаса күй жетім, тек Арал мен Әмудің құлағында қалған Мырзаның әсем иірімді ақжелең әуені насихатталмай, қоңылтаяқ күй кешуінің жанға батарлығы сөзсіз.

Шал Мырза  - күй сүйер ұрпақтың Аралы, Көкаралдың желі, оның дарияның саумалындай күйін түсінгеніміз абзал, әйтпесе құмға сіңіп жоғалғандай кейінгі ұрпақтың алдында атан түйе тарта алмайтын күнә арқалауымыз әбден мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.   Берік Жүсіпов   «Жиделі Байсын күйлері» А., 2000.
  2.  Қарасай Сайжанов   «Жетіқарақшы»  Астана 2005.
  3. Б.Мириманов  «Өнердің ықшам тарихы» А., 1989.
  4.   «Ғасырлар пернесі»
123
скачать работу

Шал Мырза

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ