Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ШЕШІМ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗІ

усыз құқықтармен игіліктерге  айналады.

Соттармен  шығарылған  шешімдер  мен  олардың  талаптары барлық мемлекеттік  қызметті  жүзеге асырушы тұлғалармен, барлық азаматтар және заңды тұлғалармен орындалуы міндетті. Олардың орындалмауы  жауапкершілікті көздейді. Сот  азаматтар мен заңды  тұлғалардың бұзылған құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруде негізгі  әрекет етуші   тұлға  болып табылады.

Сот жүйесі әлі де, бүгінде  жүргізіліп отырған  реформаларды                  қоса  алғанда,  одан әрі тиімді  дамуды  қажет етеді. Осы арада заңды               шешім шығарудың дұрыс тәжірибесінің саласын қалыптастырудың орны      өте  ауқымды. Өйткені, елде дұрыс  қалыптасқан және  ұйымдастырылған сот жүйесінің  болуы, сонымен қоса жеке судьялардың  имиджінің   өте жоғары дәрежеде негізді  болуы,   бүгінгі  жақандану  заманында ең  алдымен «Кұқықтық мемлекет»   құруда  негізгі  бастаулардың  бірі болмақ.                                                                                             Соттар шешім шығаруда ешкімге  тәуелсіз, ешкімге есепсіз.  Азаматтық сот өндірісінде   сот шешімі  құқық қолданушылықтың  актісі  болып  табылады. Барлық сот актілеріне тән ерекшелік, ол істі қараушы тұлғамен, яғни  судьямен мемлекеттің еркін  білдіруі.  Сот шешімдерінің маңызы  Қазақстан Республикасының   азаматтарын және өзге тұлғаларды елдегі  әрекет  етуші заңдарға  сыйгершілік  қатынаста болу рухында тәрбиелейді. Сот  шешімі  туралы  мәселелер  азаматтық іс жүргізушілік ғылымда  негізгі  орындарға  ие  және әрдайым  ғылыми   зерттеулердің объектісі болады, өйткені бүгінгі сот  тәжірибесінің  қажеттіліктері  азаматтық  іс  жүргізушілік  ғылымында    аталған  тақырыпты өзекті етеді.          Өткенімізге көз жіберсек, қазақ қоғамында да сот билігі даулы істерді шешуде тегеурінді, әрі сенімді процесуалдық қызмет атқара білді. Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты — сот процесіне қатысушылардың «жеңуі», не «жеңілуінде» емес, екі жақтың «жеңілдеп» шығуында еді. Өйткені, оның басты мақсаты — бітім, бітімгершілік болатын. «Дау мұраты — бітім» деген аталы сөз де сол кезден қалса керек. Елді бірлікке, татулыққа шақырған ұлы билеріміздің даналығы да осында жатыр [5].

 

Пайдаланылған әдебиеттер:                                                                                        

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. «Қазақстан Республикаының сот және соттар мәртебесі туралы» конституциялық заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2009 ж.
  3.  «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексі», Алматы: ЮРИСТ,  2010ж.;
  4.    «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» оқу құралы, Ү Нұрмашев., Ф Нұрмашева, Алматы: Жеті жарғы, 2009 ж. ISBN 9965-11-305-Х
  5. Әбдірайымов Б.Ж., Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. — Алматы: Борки, 1998. — 3-б.

Еділова Б. М.

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ   МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ ИНСТИТУТЫНЫҢ  2-ШІ  КУРС МАГИСТРАНТЫ

12
скачать работу

ШЕШІМ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ