Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ШЕШІМ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗІ



 Другие рефераты
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі құқықтық реттеу механизмдері (Шет мемлекеттер тәжірибесін зерттеу мен Қазақстанда енгізу мәселелері) ҚАСАҚАНАЛЫҚПЕН АДАМ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫНЫҢ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА МӘСЕЛЕСІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

Қазақ елінің тарихи  дамуын еліміздің констиуциялық  тәжірибесі айқын бейнелейді. Қазақстанның тарихында бүгінгі күнгі қолданылып  жүрген бүкіл актілердің бастаулары ретінде көрінген біршама тарихи актілерді XVI ғасырдағы «Қасым   ханның қасқа жолы» және  XVII ғасырдағы Тәуке ханның  «Жетi жарғысы» осы  тектес  біршама заң  көздерді  жатқызуға болады. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі  туралы»  ҚР Конституциялық заңы, билік бөлісінің үшке бөлініп, оның бір тармағын сот саласының  иеленуі де  негіз болды. Бүгінгі  күнге  дейінгі  мемлекеттің дамуы  барысында,  әр салада заңдар, заңға тәуелді актілер және де әр саланы реттейтін нормативтік актілер сол сияқты, әр  алуан қатынастарға  қатысты   сот  актілері, яғни сот  шешімдері, ұйғрымдары, қаулылары, сот бұйрықтары шығарылғаны бар.    Ендігі кезектегі негізгі  мәселе бұл – шығарылған  сот  актілерінің  заң талаптарына сай болуының деңгейі. Осы арада туындайтын негіздің бастауы келесі жағдайларға байланысты. Азаматтардың құқықтары, бостандықтар мен заңды мүдделерін сотпен шынайы қорғауда, яғни  қаралып отырған даулы іс бойынша шешім шығаруда соттардың  біліктілік дәрежесі мен тәуелсіздігі негізгі орында. Жоғарыда аталған құқықтар мен бостандықтардың негізді,  шынайы заң талаптарына  сай қорғалуын қамтамасыз етуге ыңғайлы аяны қалыптастыру  жоғары  білікті, ешкімге және  қандай да  бір  материалдық құндылықтарға  тәуелділіктен аулақ, тек  өз ісінің нағыз маманы ретінде және еліміздің  заман  ағымына  сай дамуына  шынайы  жаны  ашитын азаматтар, яғни  судьяларға байланысты болмақ. Соттардың тек,  ата заңға және  елде  әрекет  етуші  заңдарға бағына  отырып, іс жүргізушілік нормаларды және  бүгінгі күнге  дейін қалыптасып үлгерген іс жүргізуге  қатысты  механизмдерді  басшылыққа ала отырып,   шешім шығаруда олардың тәуелсіздігі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-ші бабында және өзгедей соттардың  ұйымдастырушылық және іс жүргізушілік  қызметтерін бекіткен заңдарда  көрініс  тапқан.  Соттардың  тәуелсіздігі  мен олардың, тек  заңды  нормалар талаптарына  бағыну  арқылы  шешім қабылдау жағдайлары  жалпы соттарды қалыптастыру мен олардың қызметтерін  дұрыс  ұйымдастырудағы   басты  негіз болып табылады.  Өйткені,   әділ сотты  жүзеге  асырушы  судьялардың  тәуелсіз  болуы ең алдымен, олармен   жоғарыда  атап  өткен  заң талаптарын сақтауларын, оларға  сай  шешімдер  қабылдауларын  атауға  және   олардың қандай да билік  ету иелерінің ысрап етулерінен  аулақ болғанда ғана мүмкін болады. Азаматтардың субъективтік құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, әділ сотты жүзеге асыруда әр тектес даулы мәселелерді шешу елдегі әрекет  етуші  судьялардың есесінде. Бұл мәселелерді шешу соттың еркін білдірумен, сот билігін жүзеге асыруда жазба құжаттарда - сот актілерінде  көрініс табады, яғни заңды көздерде арнайы белгіленген талаптарға сай мемлекет  атынан құзырлы тұлғалардың қағаз жүзінде рәсімдеуі деп білеміз. Бірінші сатыда азаматтық істерді сотта қарауда қаралуға жататын мәселелердің құрылымына қарай   сот өз шешімдерін Азаматтық іс жүргізу кодексінің 18–ші тарауында белгіленген баптарға негізделе отырып, Конституция мен заң талаптарына  бағына  отырып шығарады.

 Сонымен қатар,  соттар іс жүргізу барысында  өзгедей   сот  актілерін  ұйғарымдар, қаулылар, сот бұйрықтарын да шығарады.  Олардың ішінен сот шешімін  алып  қарастырар болсақ,  Азаматтық іс жүргізу кодексінің 217-ші бабында сот шешімі бұл бірінші  сатыдағы азаматтық  істерді сотта қарауда  қаралуға  жататын мәселелерді мәні бойынша  қарап, арнайы сот актісін  шығару болып  табылады  деп  белгіленген. Қазақстан  Республикасының  Конституциясының 76-шы  бабына  сай соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар. Осы  арада  сот  актілерінің  бүкіл мемлекет  аумағыда алатын орнының зор екенін байқауға  болады. Сондықтан да бұл актілердің шығарылуына  аса  зор назар бөлінуі қажет және  сот  актілерін шығарушы  тұлғалардың, яғни судьялардың ерекше  ынталығы мен біліктілігі негізгі  орында.

Азаматтық сот өндірісінде  нақты  бір  даулы мәселеге қатысты    шешім шығаруға, яғни іс қараудағы басты сот актісін рәсімдеуге іске қатысты тұлғалардың барлық процессуалдық қызметтері    бағытталады.     Әділ  сотты  соттар мемлекет  атынан тәуелсіз, ешкімге  есепсіз,  тек Қазақстан Республикасының Конституция мен «Сот және сот мәртебесі  туралы» 25-ші желтоқсан 2000 жылгы конституциялық заңына бағына  отырып және  бүгінде Республика  аумағында  әрекет етуші заңдармен   белгіленген нормаларға сүйене отырып, нормативтік  актілерде  белгіленген  принциптерді  басшылыққа  ала  отырып  жүзеге  асырады. Соттарды азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған  құқықтары мен  заңды  мүдделерін  қалпына  келтірудегі    негізгі  әрекет  етуші орган деп саналады.  Еліміз тәуелсіздік алғалы жылдар бойы сот жүйесінің мәртебесін жоғарылатуда және әр бір судьяның имиджін көтеруде сындарлы, өте ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ең алдымен әділ  сотқа жүгіну  құқығы бұл адам құқықтары  аясындағы белгіленген талаптарға сай  жүгіну болғандықтан, әділ сотты жүзеге  асырушы  судьялар  қандай  да  бір билік етудің иелерінен тәуелсіз  болуы тиіс. Сол сияқты соттың бейтарапты болуы оның  конституциялық міндеті, сол арқылы өз қызметін жүзеге  асырудағы судьяның негізгі қызметі сот  шешімін заң талаптарына сай, тек Ата Заңмен, мемлекетте  әрекет   етуші заңдар  мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларына, сол сияқты іс бойынша шешім  шығарудың белгіленген материалдық және процессуалдық тәртіптілікті сақтай отырып жүзеге  асырылуы шарт.  Шешім шығаруда  адам  мен азаматтардың   теңдігі   олардың бірдей құқықтарға  иелігіне де аса көңіл бөлінуі қажет. Бұл теңдік  әркімнің  табиғи  және қоғамдық ерекшеліктеріне  байланыссыз бірдей  қолданылуы  тиіс,  өйткені олар конституциямен кепілденген.    Әділ сотты  жүзеге  асырушы судьямен  әділ  шешім шығаруда міндетті  түреде  заңдармен белгіленген іс жүргізудің нормаларын сақтау, соның ішінде іс жүргізудің   белгіленген  мерзімдерде  қаралуы  үшін  ынталандыру   негізгі  мәселердің бірі болып табылады.        Шешім шығаруда сот өз  көзқарасын тек,  істегі  құжаттар және сот мәжілісіне іс бойынша  тараптармен  ұсынылған негізді және заңды  қайнар  көздерден алынған  дәлелдемелер негізінде  ғана  қалыптастыру  керек, өзгедей жолмен қалыптастырылған көзқарастың болуының өзі  іс бойынша  дұрыс және заңды шешімнің шығарылуына  күмән  тудырады. Істі  қараушы судья  істің толық және  жан-жақты қаралуына, іске қатысушы  тараптардың құқықтарымен мүдделерінің тең сақталуын қамтамасыз ету жан-жақтылықты және  біртараптылықты сақтай  отырып, оларға құқықтарының сақталуына  жағдай  жасауға, іске  қатысушы   тараптарға  бірдей   сыйлы  көзқараста  қарауға  міндетті.                                                                                        Сот актілері сот  шешімі мен сот ұйғарымының айырмашылығы                    сот шешімі мен заңды тұлғалардың, азаматтардың бұзылған субъективтік құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін  қалпына келтіруде осы мәселелер аясында әділ сотты  жүзеге асыруға қатысты әділдік  актісін шығарумен   байланыстырылады. Сондықтан, іс өндірісіне  қаралу үшін түскен  арыз – шағымдар, талап арыздарды сотпен қанағаттандыру     не болмаса қанағаттандырусыз қалдыруда тараптардың субъективтік құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағыттаған әрекеті  арнайы  сот  актісімен белгілі  бір тараптың мүддесін қорғай отырып, келесі тарапқа қаралып отырған мәселеге қатысты істің мәні бойынша шешілуіне байланысты  шектеулер  қойылады. Сол арқылы, яғни сот шешімі  шығару нәтижесінде даулы сұрақтар да

12
скачать работу


 Другие рефераты
Древние цивилизации Америки
Социально-психологические издержки безработицы
Зороастризм
Қалқанша безі және қалқанша маңы бездері


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ