Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сібір жұртындағы қыпшақтар

қтауынша түрлі мәдениеттер үстем еткен немесе мемлекеттік мәдениеттіңықпалымен тегістеліп жатады деген тенденцияны айтады. Осындай "мемлекеттік мәдениет" Батыс Сібірдіңорманды далаларында ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениеті болды, ол қыпшақ елініңэтникасы мен шаруашылығын қамтыды [17. 19 б.].

Х ғасырдыңортасында қыпшақтар алғаш рет Ежелгі Русьтіңшығыс шекарасына шықты. Ертеден белгілі Дешті – Қыпшақ ұғымы оңтүстік орыс далаларына тарай бастады. Бұл Дешті – Қыпшақтыңшығыстағы шекарасыныңкішірейгені туралы ұғым қалыптастырды. Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қара теңіз өңірінен Солтүстік Алтайға дейін қоныстанған кезде болған күрделі этномәдени процестер жөнінде мәлімет береді.

Х ғасырдыңаяғында Сросткинск мәдениеті өмір сүруін тоқтатады, ал бұл кезде Қимақ мемлекеті де құлап, қыпшақ тайпаларыныңжаңа этноәлеуметтік қауымдастығы құрылады. Қимақ-қыпшақ федерациясындағы саяси биліктіңауысуы сыртқы жағдайларға да (найман тайпаларыныңЕртістіңжоғары жағын алуы), ішкі жағдайда қыпшақтар әлеуметтік-экономикалық жағынан күшейді. В.Бартольдтыңайтуынша, қимақтардыңтарихи маңызы сонда, олардыңарасынан қыпшақтар шықты [20. 549 б.]. Қимақтар біраз уақыт Ертістіңсол жағында тұрады [15. 86-87 бб.].
 

ХІІ – ХІІІ ғғ. Оңтүстік орыс далаларына қоныстанған қыпшақтар сросткинск формаларына ұқсас мәдениетті (ауыздықты, белдікті, айылбас, үщ айыр, т.б.) әкеледі. Азиядағы қыпшақ кешенініңтолық қалыптасуы сросткинск мәдениетініңжоғары шекарасы (Х ғ. аяғы) шығыс Еуропа далаларында (ХІІ ғ. басы) кеңтараған кезеңімен анықтауға болады, яғни ХІ – ХІІ ғғ.

Батыс Сібірдіңоңтүстігі бұл кезеңніңескерткіштері аз болғандықтан олардыңтарихи жазбасын қиындатады. Олардыңішіндегі негізгісі Томск қаласыныңжанындағы Басандайка грунтовый могильнигі. Бұл кешенніңқұрылысы жөнінде жазған авторлар (К.Э.Гриневич, А.П.Дульзон, З.Я.Бояршинова) оларды үш кезеңді қарастырды: Х – ХІІ ғғ. (монғол дәуіріне дейін), ХІІІ – ХІV ғғ. (Монғол дәуірі), ХVІ – ХVІІ ғғ. (Мұсылман молалары). Осыныңалғашқы екеуініңхронологиялық топтары мен түрлі жерлеу дәстүрлері тығыз байланысты екені айтылған (өлікті жерлеу, аттарды жатқызу, өртеу). "Түрік мәдениеті мен Камалық Чуд мәдениеті" араласқан, яғни жергілікті мәдениетпен сырттан келген оңтүстік мәдениетініңкомпоненттері болды. Табылған материалдарға сай сараптама жасалғанда Басандайка қабатының"жоғары енисей мотивтері" (оюлы әшекейлер, бір – біріне қарсы тұрған құстар, жүрек тәрізді подвески) ерте Басандайка кешенін сросткинск мәдениетімен байланыстырады. Жалпы жерлеу дәстүрі, сонымен бірге заттардыңнегізгі формалары Басандайка моласыныңкөп бөлігі этникалық жағынан қыпшақтарға жатады деп анықтауға мүмкіндік береді; жоғары қабатындағы молаларды таштык мәдениетініңформалы заттары бар. В.И.Матющенко зерттеген Еловка І обасы Басандайка обасына ұқсас, ол ерте кезеңге жатады, мұнда сросткинск мәдениеті нақты бейнеленген [18. 156 б.]. Жерлеудіңкүрделі дәстүрі Басандайка дәстүріне ұқсас. Кейінгі дәуірге жататын Сылвенск мәдениетініңПахомов обасы (ХІІ – ХІІІ ғғ.) авторлары угорлықтармен байлансытырып және қыпшақтардыңшығыс тобымен – қимақтардыңәсері болған, оныңішінде ежелгі Сібір рулары мен тайпалары болған [4. 65 б.]. Бұл кезде қимақтар мемлекеті болмағанын ескерсек, Сылвен мәдениетініңқыпшақ компоненті екені даусыз.

Кеңтерриторияда қыпшақ этномәдени қауымдастығыныңқалыптасуына байланысты күрделі этникалық процестер мен миграциялар жөніндегі ХІ – ХІІ ғғ. Оңтүстік және Батыс Сібірден табылған археологиялық ескерткіштер көрсетеді. Мысалы Пахомов моласындағы ескерткіштер Красноярскідегі Часовенногрск моласындағы ескерткіштермен ұқсас (ауыздық пен таға формалары, оюлы бляхи, т.б.), ал А.А.Гаврилова ондағы кейбір сросткинск элементтерін атап өткен [19. 182 б.]. Часовенной тауларындағы ескерткіштер ХІ – ХІІ ғғ. Тува мен Минусинск котловинасындағы мәдениеттіңкейінгі кезеңіне жатады. Әрине, осыныңбәрі қыпшақтардыңэтникалық тарихына қатынасы болған. ХІ – ХІІ ғғ. Тувадағы обалар, Басандайка мен половецтердіңгрунтовый молалары, Шығыс Еуропа далаларында өз мүсіндерін жасаған, іс жүзінде бір келкі болған. Қыпшақтардыңтас ескерткіштерінде Сібірдегідей заттар көп (екі тісті шанышқы, белдіктегі ілгіштер). Бұл б.э.д. ІІ мыңжылдықтағы кейбір Сібір ескерткіштерініңқыпшақтарға жататынын дәлелдейді және монғол шапқыншылығына дейін Дешті Қыпшақтыңтүрлі аудандары арасындағы тығыз мәдени байланыстыңболғанын көрсетеді.

Қыпшақтардыңшекарасына мән берсек, Батыс Дешті Қыпшақ шығыстан батысқа Жайықтан Днестрге дейін, оңтүстік пен солтүстікке Қара теңіз бен Каспий теңізінен кек қаласына дейін (қазіргі Саратов маңы) созылып жатты. Шығыс Дешті Қыпшақтыңшекарасы шығыста – Ертіс, батыста – Жайық өзені, солтүстікте – Тобыл өзені, оңтүстікте – Балқаш көлі мен Сырдарияныңорта ағысына енетін жерлер жатты. Осы шекараларға байыптап қарасақ, Сібірдегі Тобылдыңжері де енгенін “Дотан батырңжырындағы мәліметпен де дәлелдеуге болады деп пайымдаймыз.

…Ел сонда көшті дейді мақұл көріп,
Қырық мыңүй бір Дотанныңсоңына еріп
Тобыл дейтұғын жерге қонды,
Бір ай жарым арада көшіп келіп.

Сарғуанныңаяғы ұлан Тобыл
Сол жерге келіп қонды көшкен ауыл
Маңайына дұшпан жау жолатпастан,
Дотан хан болып тұрды біррнеше жыл [22.209 б.].

Шығыс Дешті Қыпшаққа он алты тайпа енген: бөрілі, тоқсоба, иетиоба, дуртоба, ал-арс, бөржоғлы, манқұроғлы, йимак, тағ, башқұрт, құманлы, базанак, баджна, қарабөріклі, үз, жортан. Батыс қыпшақтарға он бір тайпа енді: тоқсоба, иетиоба, бөржоғлы, елбөрілі, кангароғлы, анджоғлы, дурутоба, құлаоғлы, жортан, қарабөріклі, котан.

Обь бассейнініңсолтүстік жағасы мен оныңсағасы Ертісте түркілену процесі жүрді. Бұл жерді мекендеген угра тілдес халыққа қыпшақ тайпалары үлкен әсер етті. Қыпшақтар орта Ертіс пен Тобылда мекендеген угорларды солтүстікке ығыстырып, біраз ассимиляцияланды. Тобыл және Бараба татарларыныңтілі түркі тілдерініңқыпшақ тобына кіреді [23. 473 б.].

ХІІ – ХІІІ ғғ. Алтын Орда дәуірінде Половецская мәдениеті қалыптасты. Бұл кездегі ескерткіштерге Поволжье мен Қазақстандағы ХІІ – ХІV ғғ. Жошы монеталары жатады. Сонымен Батыс Сібірдіңоңтүстік аудандары қыпшақ этногенезініңнегізгі аймағы болды. Сросткинск мәдениеті оныңәр кезеңініңтамырын құрады.

ХІІІ-ХІV ғасырдыңбірінші жартысындағы оқиғаларды сипаттайтын деректерде Жошы ұлысыныңкөшпелі халқын “татарлар», “монғолдар», “түріктер», “қыпшақтар» деп атаған. Осылардыңішінен “татар» атауы көп қолданылды. ХV-ХVІ ғасырларда Орыс мемлекеті араласқан Қазан, Астрахань, Қырым және Сібір хандықтарын да “татарларңдеп атаған, сөйтіп Қазаннан Астраханьға дейінгі, Қырым мен Батыс Сібірдіңтүркі тілдес халықтары “татарлар» деп аталды. Еділ бойы, Қырым мен Батыс Сібір татарларыныңэтникалық негізін осы жерде бұрыннан тұрған түрік тайпалары мен қауымдастығы құрады. Ертіс, Тобыл және Тұра жерлері орыстар жаулап алғанша Сібір деген атпен белгілі болды [21. 195 б.].

Монғолдар келместен бұрын Ресейдіңоңтүстік-шығыс бөлігіндегі сан жағынан көп тайпалар қыпшақтар еді. Сондықтан Алтын Орданы орыстар Қыпшақ Ордасы деп те атаған. 1237 жылы Батый Ресейдіңшығыс және оңтүстік бөліктерін жаулағанда қыпшақтарды талқандады. Қыпшақтардыңөз ішіндегі алауыздықтар монғолдардыңтез жетістікке жетуініңбір себебі болды деуге болады.

Сібірдегі “татарларңдегенде оныңішінде қыпшақтардыңболғанын ескереміз. Орыс жылнамаларында да бұл кездеседі. Сібір жылнамаларындағы “Көшім хан» деген тарауда Көшімді “Қазақ Ордасынан келген Мұртаза ұлы…»,- деп жазған [24. 55 б.]. Демек, Көшім Қазақ Ордасыныңадамы болғандықтан Ібір-Сібір жұртыныңтарихы қазақ халқыныңтарихымен бірегей-бірлікте қарастырылады. Едігерді тақтан тайдырған Көшім құрған Сібір хандығыныңқұрамына қыпшақтар да енген. Жалпы Ертістіңжоғары жағы мен Омнан әрі, Бараба мен Құлындыда, Есіл мен Тобылдыңжоғары жағында қазақтардыңжазғы жайлаулары болған. Осы бір кеңістікте қыпшақ тектес халықтардыңрухы басым болды десек қателеспейміз, өйткені Алтын Орданы, кейінірек Астрахань, Қазан, Қырым, Ноғай және Сібір хандықтарын жеке-жеке мемлекеттік құрылымдарға енгізгенмен, қыпшақ тектес бір ғана халық мекндегені белгілі.

Батыс Сібірдіңоңтүстігінде қыпшақтардыңэтникалық тарихы мен мәдениетініңтөрт кезеңін бөліп көрсетуге болады: 1) VІІІ ғасырда қыпшақ этносыныңқалыптасуы; 2) ІХ-Х ғғ. қимақ мемлекеттік бірлестігіне қыпшақтардыңенген кезеңі. Бұл кезеңдегі мәдениеттіңнегізі сросткинск мәдениеті болып, оныңсолтүстік аудандарында қыпшақтар қабылдады; 3) қыпшақ этномәдени қауымдастығыныңүлкен территорияда, оныңішінде Батыс Сібірдіңоңтүстігінде қалыптасуы (ХІ-ХІІ ғғ.). Бұл мәдениет синкретті мәнде болды, алайда негізгі айқындаушы компоненті сросткин мәдениетініңдәстүрлері сақталды; 4) ХІІІ-ХІV ғғ. қыпшақтардыңМонғол мемлекетініңқұрамына енуі. Жошы ұлысыныңқұрамында біртіндеп жаңа мемлекеттік мәдениет қалыптасады.

Жоғарыда аталған Тобыл жерінде 1587 жылы Тобыл қаласы Мәскеудіңбұйрығы бойынша Данил Чулковтыңжетекшілігімен салынады. Мұндағы мақсаты Батыс Сібір орталығындағы түрік тілдес тайпалардыңарасына бекініп, өз үстемдігін жүргізу еді. Көшім хандығы құлағаннан кейін оныңорнына болған Сейтек ханды 1588 ж. Данил Чулков тұтқындап, Мәскеуге жібереді. 1590 жылы Тобыл Түменге бағынуын тоқтатып, Сібірдіңдербес уездік қаласына айналады. Алғашқы кезде Тобыл уезіне Тобыл өзенініңтөменгі жағынан басқа Ертіс, Обь, Тавда және Конда бойындағы барлық орыс иеліктері енді. Алайда ХІХ ғ. соңында Пелым, Березов, Сургут, Тара қалаларыныңсалынуымен Тобыл уезініңжері едәуір қысқарды. ХVІІ ғ. Тобыл уезінде түрік тілдес халықтардыңсаны өскенін байқауға болады:

123
скачать работу

Сібір жұртындағы қыпшақтар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ