Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сиыр лейкозын балау

Космос елді мекеніндегі №1 база

Ол жерде АӨК-ң кеңсесі, ферманың төменгі жағында сүт зауыты бар. Сауын сиыр саны 753 бас, ал жаңа тұған бұзау саны 250. Космос ауылының солтүстік шығысында орналасқан Жаңашар елді мекеніндегі 2-ші базаға 4 айдан асқан құнажындар жіберіледі. Бұл фермада құнажындарды жасанды жолмен ұрықтандырып, буаздықтың 5-ші айында Космос ауылының оңтүстігінде орналасқан Базаргелді ауылындағы 3- ші базаға ауыстырады (4 — кесте).

Кесте 4- Шаруашылықтағы малдың саны

“Адал” АӨК ферма аты Мал түрі Саны
Космос Сауынсиыр 753

Бұзау 250
Жанашар 4-айдан асқан құнажын 525
Базаргелді Буаз сиыр 650
Барлығы 2178

3. Малдың қора жайы. Сиыр қораларында көп қатарлы мал орындары қолданылған. Бір қатарда жиырма орыннан бар. Әрбір секциядан серуендету алаңына ыңғайлылығы қамтамасыз етілген. Қора бір қабатты етіп салынған. Еден бетондалып, резина төсеніш төселген. Мал тұратын орынның әрбір қатарының ішкі жағында оттықтар орналасқан. Қораның төбесінен су өтіп, көгерген. Қораның оңтүстік жағында серуендету алаңы бар. Қора табиғи жолмен желдетіледі.
Фермада жаңа тұған бұзау үшін профилакторийлер бар. Профилакторийда бұзау жеке клеткада ұсталады. Профилакторийдың әрбір секциясы жаңа тұған (айырмашылығы 3-4 күндік) бұзаулармен толтырылады. Олар 8-12 күннен соң, секциядан топтап күтіп-бағуға арналған бұзау қораға көшіріледі.
Секциялар босатылған соң, жеке клеткалар, еден, қабырға, төбе жуылып, ластан тазартылады да күйдіргіш натрийдың 3-4% ыстық ерітіндісімен дезинфекцияланады. 1 м2 ауданға 1литр ерітінді жұмсалады, экспозиция — 3сағат. Бір тәуліктен соң бәрі сумен қайта жуылады.
Профилакторий секциялары бұзаудың жаңа тобымен олар әбден тазартылып, кептіріліп және ауа температурасы +18-200 С-ға дейін жылытылған соң толтырылады (4-сурет) .

Сурет 4 — Бұзауларға арналған профилакторий

4. Малдың жаз айларындағы күтімі. Шаруашылықта малды қолда — жайылымда үстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора — жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи өрісте ұсталады. Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық жағдайына толық сай келеді. Себебі мұндайда мал еркін жүріп күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, витаминге, микроэлементке бай аса құнды шөпке жайылады. Жазда тұяқ ауруларының алдын алу үшін креалинді ваннаға түсіреді (5-cурет). Малды суару жүйесі Қан сорғыш буынаяқтылар көп кездеседі, Оларға қарсы инсектицидтер қолданады Малды суару үшін автосуат бар.
5. Малды азықтандыру. Жаз айларында көк шөп құрама жем, қыста сүрлем, пішендеме береді. Бұзауларды сүтпен қоректендіреді.
6. Шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық жағдайы:
Ферманың қоршауы. Шаруашылық 3 аймақтан тұрады: өндіріс аймағы, шаруашылық әкімшілігі, тазалау немесе көң сақтау аймақтары.
Өндірістік аймағында сиыр қора, төл үйшіктері, сауын және мал тудыратын бөлімшелер жатады.
Әкімшілік шаруашылық аймақтарына кеңсе, көлік қоятын орын орналасқан. Сонымен қатар ветеринарлық санитарлық өткізу пункты, көлік құралдары үшін зарарсыздандыру блогы кіреді.
Мал қораларында қиды УС қырғыш қондырғылармен күреп шығарады. Мал серуендеу алаңдарындағы қиды бульдозер арқылы шығарады. Көңсақтағыш мал қорасынан 60м қашықтықта орналасқан. Көңсақтағышта қи органикалық тыңайтқыш жасау үшін сақталады. Шаруашылықта мал өлекселері үшін биотермиялық шұнқыр бар. Ол тұрғын үйлерден 1км қашықтықта орналасқан, тереңдігі 9м, түбі бетондалған, апанның бетін қақпақпен жауып, аузына құлып салыған.
Қора — жайлардағы кеміргіштерді жою үшін химиялық зат – зоокумарин қолданады.

Сурет 5 — Сиырларды креалинді ваннаға түсіру

7. Індеттің сипаттамасы. Лейкоз алғаш 1992 ж. тіркелген. Ауырған және өлген мал есебі жоқ. Лейкоздан айлық жоспар жоқ. Сырттан мал әкелінбейді. Өз төлінен көбейеді.
2.2.3.1 «Адал» АӨК сиыр лейкозын серологиялық балау

ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесінде ИДР-ң меңгеру әдісін меңгердім.
Әдістің мәні жануардың қан сарысуында иммунодиффузия реакциясы көмегімен ірі қара малдың онковирусын С түріндегі антигендерге қарсы преципитирлеуші антиденелерін анықтауға негізделген.
Зерттеуді өткізу. Антиген мен бақылау сарысуын жоба сызық бойынша енгізеді. (А) антигенін ортаңғы ұяшыққа енгізеді, 2 диаметралді қарма-қарсы ұяшықтарға бақылау сарысуы (Бс) құйылады. Қалған шеткері ұяшықтарға (1, 2, 3, 4) сыналатын қан сарысуы құйылады. Табақшалардағы гелдің шетіндегі нүкте сыналатын сарысуы бар ұяшықтар нөмерленуін көрсететін болады. Компоненттерді ұяшықтарға енгізу үшін залалсыздандырылған түтікшелерді қолданады. Барлық ұяшық толтырылған соң табақшаларды қақпақтармен жауып, ылғалды камерада 18-ден 270 C-ға дейінгі температурада сақтайды.

Сурет 4 — Вирусология бөлімі боксында СЛ-на ИДР-сын қою

Реакцияны 48-72 сағаттан соң есептейді. Табақшаларды қарарда фокустелген жарық сәулесін табақша түбіне 30-450 бұрышында бағыттап қарайды. Реакцияны преципитаттың бақылау сызығы бойынша бағалайды. Егер ол болмаса қайта орындайды.
Агар геліндегі иммунды диффузия реакциясын қою және бағалау жобасы төмендегі 5-ші кестеде келтірілген.

Кесте — ИДР нәтижесін оқу
Ескерту: 1-теріс реакция беретін сарысу; 2-оң реакция беретін сарысу; 3-әлсіз оң реакция беретің сарысу; 4-екінші приципитация сызығы бар оң реакция беретін сарысу; 5-күрт оң реакция беретін сарысу; 6-өзіндік емес приципитация сызығы бар оң реакция беретің сарысу; 7-өзіндік емес приципитация сызығы бар теріс реакция беретін сарысу; 8-опалесценция аймағы бар теріс реакция беретін сарысу; А — ірі қара мал онковирусының антигені; БС — ірі қара мал онковирусының гликопротеидті антигеніне қарсы бақылау сарысуы

Нәтижелерді өңдеу: Онковирус антигендеріне қарсы өзіндік антиденелер болуы мен титіріне байланысты сарысулар оң, теріс және күмәнді реакция беретіндерге жіктеледі. Оң реакция беретін қан сарысуына: егер антиген мен сыналатын сарысу ұяшықтар арасында приципитация сығызы пайда болып, бақылау сызығымен қосылса, 2-ші жағдай (сызбаны қараңыз); егер сарысулы және антгенді ұяшықтар арасында прициптация сызығы болмаса, алайда бақылау сызығы сыналатын сарысу ұяшығы қасында антиген ұяшығына бағытталған имекті сызық тудырса, 3-ші жағдай. Егер сыналатын сарысу ұяшығына жақын орналасып, сарысуды екінші антигенге қарсы ірі қара малдың С типіндегі онковирусы антиденесі (р24) бар екендігін білдіретін екінші приципитация сызығы пайда болса, 4-ші жағдай. Егер бақылау сызығы сыналатын сарысу ұяшығы жағынан айтарлықтай қысқарса және антигенді ұяшық жағында айқын емес имекті сызық жасаса немесе антигенді ұяшықты өте жақын орналасса, 5-ші жағдай.
Ескерту: егер осындай сарысуды 1:4 не 1:8 қатынасында араластырса айқындалады. Егер өзіндік емес приципитация сызығы пайда болса 6-шы жағдай.
Теріс реакция беретін қан сарысуына: егер приципитацияның бақылау сызығы саналатын сарысу ұяшығына дейін имексіз созылса не аздаған имекті бақылау сарысуына қарай жасап созылса 1-ші жағдай. Егер өзіндік емес приципитация сызығы туындаса, 7-ші жағдай. Осы кезде ол бақылау сызығымен тоғысады. Егер приципитациялаудың бақылау сызығы өзіндік емес приципитациялау сызығы болуына орай нашар көрінетін болса- сарысуды күмәнді реакция беретін деп санайды.
Күмәнді реакция — оң реакция беретін сарысудың теріс реакция беретін ұяшығындағы агар астына құйылуы не теріс реакция беретін сарысудың оң реакциясындағысымен контаминациялануы нәтижесінде туындалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуді қайта орындайды.

2.3 Экономикалық тиімділікті есептеу

Сиыр лейкозы Адал АӨК -де 1992 жылдан бастап тіркелген. Бұл аурудың таралуы жөнінде материалдар, індеттанулық зерттеу, клинико-гематологиялық тексеру нәтижелері осы шаруашылықта жиналған. Бірақ экономикалық тиімділік тек соңғы 5 жылда есептеліп келеді.
Экономикалық шығын өлген мал санымен, лажсыз сойылған мал, жарамсыздыққа ерте шығару нәтижесінде сүт өнімін толық ала алмау, алған өнім сапасының төмендеуін есептеу арқылы шығарады.
1. Шаруашылықта 5жыл (2002-2007жж.) ішінде лейкоздан 8 сиыр өлген. Қазіргі уақытта 1кг ет бағасы 500теңге. Орта есеппен сиыр 463 кг ет береді. Малдың өліміне байланысты шеккен зиян: 8*500*463=1852000 теңге.
2. Шаруашылықта лейкоз салдарынан 203 сиыр етке өткізілді. Оның 57-ін ветеринарлық-санитарлық тексергенде ішкі мүшелерінде лейкозға тән өзгерістер болған. Малдың орташа салмағы 463 кг (57*463=26391). Патанатомиялық өзгеріспен өткізілген ет салмағы 26391кг. Оның 7% өтелдеуге жіберілді. Лажсыз сойылған малдан шеккен шығын 1847 кг.
3. Шаруашылықта жылына 100 сиырдан 73 бұзау алынады. Осы жылдары 203 сиыр етке өткізілді. Олардан 148 бұзау алуға болар еді. Әр бұзау 1500 теңге тұрады. Малды уақытынан ерте етке өткізу салдарынан алынбай қалған бұзаудан келген шығын: 1500*148=220000 теңге.
5. Бухгалтерлік есеп беру мәліметі бойынша 1 сиырдан жылына 306 кг сүт алады. Әр бұзауға 225 кг сүт беріледі. Етке өткізілген мал саны 203 бас. (3006-225)*203=5645т. Ерте жарамсыздыққа шығару салдарынан шаруашылық 5645т. cүт ала алмаған.

3 ҚОРЫТЫНДЫ

Сиыр лейкозы дамыған сүт бағытындағы шаруашылықта кездесетін аурулар ішінде бірінші орында тұр. Бұл бүкіл дүние жүзінде кең тараған ауру. Лейкоз “Адал” АӨК-де 1992 жылдан бастап тіркелгенін ескерсек, 15 жыл ішінде ауру кең етек жайып бара жатыр. 2004-2006 жж. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижесін талдасақ, басқа обылыстарға қарағанда Еңбекшіқазақ ауданында өршіп тұр. Мысалы, 2004-2006 жылдар аралығында Жамбыл ауданынан 2053 қан тексеріліп, теріс нәтиже алынған. Қарасай ауданынан 2394 қан тексеріліп онда да теріс нәтиже алынған 2004ж. 2004 ж. Іле ауданынан 570 қан сарысуы тексеріліп, 14-і оң нәтиже берді. 2005 ж. 450 қан сарысуы өткізіліп, оның 37 о

1234
скачать работу

Сиыр лейкозын балау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ