Сиыр лейкозын балау
Другие рефераты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………………………3
1 Әдебиетке шолу…………………………………………………………………..4
1.1 Лейкоз туралы түсінік…………………………………………………………..4
1.2 Сиыр лейкозын балау әдістері……………………………………………… 5
1.2.1 Серологиялық балау………………………………………………………..7
1.3 Әдебиетке шолуды қорытындылау………………………………………….9
2 Өзіндік зерттеулер……………………………………………………………….9
2.1 Зерттеу нысандары мен әдістері…………………………………………… .9
2.2 Зерттеу нәтижелері……………………………………………………………9
2.2.1 ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесіне сипаттама……………………………..……………………………9
2.2.2 2004-2006 жж. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижесін талдау……………………………………………………………………….………..12
2.2.3 “Адал” АӨК-не сиыр лейкозына індеттанулық талдау…………………14
2.2.3.1 “Адал” АӨК сиырларын лейкозға серологиялық балау………………18
2.3 Экономикалық тиімділікті есептеу………………………………………….20
3 Қорытынды………………………………………………………………………22
4 Ұсыныс…………………………………………………………………………..23
5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….24
Еңбекті қорғау……………………………………………………………………25
Қосымша……………………………………………………………………………26
КІРІСПЕ
Сиыр лейкозы үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Малдың өнімділігі төмендейді, малды ерте жарамсыздыққа шығаруға, сонымен қатар міндетті түрде лажсыз сойылған малдың ұшасын жоюға тура келеді. Қазіргі уақытта лейкоз мәселесі бірінші орында тұр. Ең алдымен жоғары өнім беретін сиырлар зақымдалады. Әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай зиян келтіруде. Лейкозбен күрес шараларының басты буыны балау.
Осыған байланысты жұмыстың мақсаты ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасында сиыр лейкозын серологиялық балау әдістерін меңгеру болды. Бұл мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасы жұмысына талдау.
2. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижелерін талдау.
3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау жүргізу.
4. “Адал” АӨК сиырларының қан сарысуын лейкозға тексеру.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Лейкоз туралы түсінік
Сиырдың лейкозы (Leucosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота) -қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру [1].
Ең алғаш лейкозды неміс патоморфологы Р.Вихров 1845 ж 55 жастағы әйел мәйітін сойып зерттегенде анықтаған. Ол талақтың үлкейгенін және жүрек пен қан тамырларда іріңге ұқсас массаның жиналғанын көрген. Микроскоппен қарағанда масса лейкоциттен тұрған [2].
Қоздырушысы ¬– Bovine leucosis oncovirus Retroviridae туыстастығының Oncarnoviridae туыстық тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, көбейгенде
ДНҚ көшірмесі бар провирус түзеді. Провирус иесінің торшасындағы хромосоммен бірігіп, торшаның негізгі қалпын өзгертіп трансформацияға
ұшыратады. Сиыр лейкозының вирусы (СЛВ) онковирустардың С типіне жатады. СЛВ сыртқы ортада төзімсіз. Жоғары температураға сезімтал. Дезинфекциялау үшін күйдіргіш натрий, формальдегид және тағы басқа дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында пайдаланылады. СЛВ сиырмен қатар буйвол, қой мен ешкі бейім [1].
Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының қай жастағысы болмасын ауырады. Әйтседе ауру 4-8 жас аралығында жиі байқалады.
Лейкоздың қоздырушысының бастауы ауырған жануарлар. Ауруға шалдыққан сиыр ауру белгісі біліне бастаған мезеттен бастап вирусты сүт пен уыз арқылы бөліп шығарады. СЛВ табиғи жолмен жұққанда сиырлардың
сүті мен уызындағы торшаларда орын тебеді, ал сілекей, танаудан аққан сора, несеп пен шәуеттен вирусты бөліп алу мүмкіндігі дәлелденген жоқ.
Ауру бұқаның шәуетінде СЛВ болмайды, бірақ жыныс жолдарында қабыну процесі болса, шәуетке вирус алып жүретін лимфоциттер өтіп кетеді.
Табиғи жағдайда СЛВ инфекциясы туғанға дейін және туғаннан кейін беріледі. Туғанға дейінгі вирустың гамета арқылы генетикалық немесе хромосомдық трансмиссия, ал бөтен вирион эпигенетикалық немесе экстрахромосомдық трансмиссия жолымен, ал туғаннан кейін сүтпен немесе жанасу арқылы беріледі.
1.2 Сиыр лейкозын балау әдістері
Сиыр лейкозына диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі — гематологиялық тексеру.
Әдістің негізгі шеткері қандағы лимфоидты қатардағы көп мөлшердегі лейкоциттерді, әлсіз дифференцияланған торшаларды, сонымен қатар полиморфты, тән емес түрдегі қан түзетін мүшелер торшаларын айқындауға негізделген (1 кесте).
Кесте 1 — Лейкозға сау, күдікті және ауру сиырдың 1мм3 қанындағы лейкоциттер мен лимфоциттер саны
Малдың жасы Сау кездегі лейкоциттер Лимфоциттер
ауруға күдікті Ауру
2-4
12000-ға дейін
8000-10000
100000 артық
4-6
12000-ға дейін
6500-9000
9000 артық
6-дан жоғары 9000-ға дейін 5500-8000 8000 артық
Егер жануардағы лейкоциттер саны кестеде көрсетілген көрсеткіштен
төмен болса, нәтиже теріс деп саналады.
Егер лейкоциттер саны кестеде көрсетілген көрсеткіш деңгейінде болса, нәтижені күдікті деп санайды, егер кестедегі ең аз көрсеткіштен төмен болса, нәтижені теріс деп санайды. Егер 1см3 қандағы лимфоциттер саны кестедегі көрсеткіштен көп болса, нәтижені оң деп бағалайды.
Лейкозға күдікті жануарларды екі-үш рет, арасына 30 күн салып, зерттейді. Егер 2-ші және 3-ші қосымша зерттеулер кезінде теріс нәтижелер алынса, мұндай жануарларды теріс деп таниды, ал қанда күдіктілерге тән өзгерістер анықталса, оларды ауру деп санайды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Энзоотиялық лейкоздың екі патологиялық-анатомиялық түрі болады. Біріншісі лимфоциттердің қан түзу ағзаларына шоғырланып, дерттің сүйек майына шабуымен сипатталады. Мұндай лейкоз қан торшаларының басым түрлеріне байланысты лимфоидты, миелеоидты, шала түрленген (гемоцитобластоз), түрленбеген (дифференцияланбаған) деп аталады. Екінші түрі лимфосаркома, ретикулосаркома, лимфогранулеметоз түрінде сөл түйіндерін, көк бауырды және басқа да лимфоидты ұлпаларды зақымдайды. Өлексені сойғанда қан түзу мүшелерінде, сірі қабықтарда, ішекте, жүректе, бауырда, бүйректе, жатырда және басқа ағзаларда ошақты немесе шашыранды пролиферация (азғындаған) торшалардың шоғырлануы байқалады. Көк бауыр ісінеді, пульпаның консистенциясы жұмсақ, қызыл түсті (1-сурет).
Сурет 1- Сиыр талағы: 1- ауырған малдан, 2- сау малдан
Лимфа түйіндері ісініп, пульра болбыр, кесіп көргенде сұр түсті қан құйылу болады (2-сурет).
Сурет 2- Сиыр ұшасының лимфа түйіндеріндегі ісіну
Лейкозбен ауырған сиырда клиникалық белгілер аса байқалмайды. Сондықтан, нақты ди
| | скачать работу |
Другие рефераты
|