Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сыныптан тыс оқыту



 Другие рефераты
Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі Тәрбие психологиясы Сәбит Мұқанов Бейімдік бағдарлап оқыту

Оқыту  - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
    Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
    Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың  түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту,  жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
    Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың  жас ұрпаққа берері көп.

    Қорытынды.
    Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.

                     Пайдаланылған әдебиеттер.
Асқарбаева А.   Сыныптан тыс оқу.  Алматы, 1992.
Бітібаева Қ.    Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.  Алматы, 1990.
Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау.     Алматы, 1996.
Жұмажанова Т.  Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту.  Алматы, 1992.
Қуанышева Т.      Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 1974.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.
Әдебиет. (оқулы)   5 – 9 сынып.
Әдебиет оқу кітабына қосымша материал.  Аллматы, 1997.

скачать работу


 Другие рефераты
Влияние рекламы на ценообразование
Музыкальная жизнь Санкт-Петербурга XIX века
Декабристы в Крыму
Лизинговые операции банков


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ