Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейімдік бағдарлап оқыту



 Другие рефераты
Сыныптан тыс оқыту Сәбит Мұқанов Бейімбет Майлин Ахмет Байтұрсынов

Бейімді –бағдарлы  оқытудың мәселелері:

Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек?
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығы бойынша бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерінің ІІІ сатысы бейімді – бағдарлы  оқыту жағдайына көшпек. Және де бұл мәселе, кейін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшкенде емес, 11 жылдық білім беру аясында 2006-2007 оқу жылынан бастап іс жүзіне асырылмақ.
    Кез-келген жаңа нәрсені толық түсіну, оны жүзеге асыру  барысында бұған дейінгі тәжірибелерден байқағанымыздай мәселені басқаша түсіну немесе дағдылы жағдайдан шыққысы келмеу сияқты жағдайлардың болатыны сөзсіз. Оның үстіне аталған маңызды мәселе жайлы қазақ тілінде ақпараттың тым мардымсыз болуы (ресми құжаттардан басқа, бейінді оқытуды методологиялық,  педагогика-психологиялық, әлеуметтік-социологиялық тұрғыдан талқылаған мақалалар немесе іргелі еңбектер бұл күнге дейін көпшілік талқысына ұсынылған жоқ) да бұл жағдайға өз көлеңкесін түсруде. Осы  жағдайларды ескере отырып аталған мемлекеттік мәселе жайлы өз білгенімді, тұжырымдамаларымды көпшілік талқысына салып отырмын.
Жалпы, бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз не?
Бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын  және олардың  келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Бесінші немесе сегізінші сыныпта қандай-да пәнді оқытуға оқу жоспарының вариативті бөлімінен бірер сағат қосымша бөліп, біз пәленбай пәнді бейімді-бағдарлы оқытып жатырмыз деуге болмайды.
Бұл жерде туындайтын бірінші мәселе «Неге мектептің жоғарғы сатысы бейімді-бағдарлы болуға тиісті?» деген сұрақ болып отыр. Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан, дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға, нашар емеске, дұрысқа пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай. Осы тұрғыдан қарағанда біз неге бүгінгі мектептің жоғарғы сатысын бейімді-бағдарлы  оқытумен ауыстырғалы отырмыз? Басқа сөзбен айтқанда бүгінгі мектептің жоғарғы сатысының кемшілігі неде, бейімді-бағдарлы оқытудың жетістігі неде?
І.   Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жирмаға жуық пән оқытылады. Және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама мәжесі деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз  оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар еш бір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі (кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде. Салыстыру үшін айта кетсек, К. Маркстың заманында яғни осыдан шамамен 150 жыл бұрын адамға қажетті білім мөлшері елу жылда екі еселенетін еді).
Сондықтан да  бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен  қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді.
ІІ.    Қазақстанның сегіз мыңнан аса мектебінде үш миллионның ар жақ – бер жағында бала оқиды. Оның шамамен жыл сайын 220000-ы жалпы білім беретін орта мектепті бітіреді. Ал жоғарғы оқу орындары үшін бөлінген мектептің гранттардың саны шамамен 30000 (2005 жылы  32000, ал 2006 жылы 32490 болды). Бұл дегеніміз мектеп түлектерінің шамамен 14 пайызы мемлекеттік грант бойынша ЖОО түседі деген сөз. Тағы да осыншама бала дұрыс, жүйелі білім беретін ЖОО ақылы негізде оқуға түседі. Бұл жерде айта кететін бір мәселе статистикалық мәлемет бойынша ақылы негізде оқуға түсетін балалардың саны әрине бұдан әлдеқайда көп. Алайда, көптеген жерлерде ақылы негізде оқытады деген бос сөз. Ондай жерлерде балаға білім берілмейді, әйтеуір «оқып жатыр», «оқып жатырмын» деген алданыш,  әйтпесе, қалтасында дипломы бар күзетшілер, жүргізушілер, жолсеріктер, сатушылар әрі-беріден соң «жол-жол» деп айқайға басып жүрген арбакештер қайдан шықты немесе дипломды кадрлардың саны көбейгенімен көптеген сала бойынша мамандардың тапшылығын қалай түсіндіруге болады?  Яғни ЖОО ақылы негізде оқып жатқандардың елеулі бөлігі бос жүргендер.
Демек, орта білім алған жеткіншектердің шамамен 30 пайызы мемлекеттік грант, шын мәніндегі ақылы оқу, колледждер, шет елге оқу деген сияқты жағдайлар бойынша білім алуларын жалғастырады. Ал қалған 70 пайызы не оқыған оқу жоқ, дұрыс жұмыс істейін десе  мамандығы  жоқ әрі-сәрі жағдайда қалады. Сонымен, олардың аз бөлігі кәсіптік білім алуға ұмтылады, ал қалғаны әсіресе ауыл мектебін тәмәмдағандары өз елінде, өз жерінде, ата-бабасы мыңдаған жылдар бойы қанын төгіп қорғаған, ұрпағы үшін қалдырған жерде түріктің, американдықтың, қытайдың немесе корейдің сатып алған немесе құрған фирмасының арзан жұмысшысы болып шыға келеді. 
Оның үстіне, бәрбір кейін жоғарғы оқу орнына түспейтін осы 70 пайыз ол дегеніміз шамамен 140000 оқушының 10-шы, 11-ші сыныптарда отыруы ешкімге, атап айтқанда, өзіне, әке-шешесіне, қоғамға  пайда емес. Қайта бәріне зиян. Және олардың ең үлкен зияны білім алайын, жоғарғы оқу орнына түсейін деп талпынып отырған, жоғарғы айтқанымыздай 30 пайыз болатын 80000 балаға тиіп отыр. Бұл бағдарламасы күрделі болып есептелінетін 10-шы, 11-ші сыныптардағы оқушылар санының тым көп болуы, олардың тәртібі сияқты мәселелерде көрініс табуда. 
Мысалы, психологтардың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша сыныпта 30 оқушы болса, мұғалім бір сабақта әр балаға тек қана 1 минут уақыт арнай алады екен. Бұл  жағдайда қазір көбіміз айтып жүрген «оқыту барысында әр оқушының ерекшеліктерін ескеру» қағидасын іс жүзіне асыру мүмкін ба? Немесе, оқушылардың Ұлтық біріңғай тестілеуге дайындау мүмкін ба?
Демек, біз негізгі мектепті тәмәмдаған барлық оқушыны 10-шы сыныпқа отырғызбауымыз керек. 10 сыныпқа тек  қана кейін ЖОО түсемін деген ниеттегі, білім деңгейі жақсы оқушы  ғана отыруы керек. Ал басқалары құры салпақтап екі жыл бос жүрмей ерте бастан өмірдегі орнын табуға яғни сан-саналы жұмысшы мамандықтарының бірін иеленуге ұмтылғаны жөн. 
Бұл жерде ескеретін бір мәселе Қазақстан Конститутциясы бойынша әрбір азамат орта біліммен  қаруландыруға міндетті. Сол себепті – техникалық, кәсіптік – ауылшаруашылық оқу орындарында, мектептерде оқушыларға орта білім алуға мүмкіндік беретін кешкі мектептердің, жұмысшы – жастар мектептерінің тіпті сыртан оқитын 10, 11 сыныптардың жүйесі жасалынуы керек деген ойдамыз. 
ІІІ.  Мектептің жоғарғы сатысында барлық балаға бірдей білім берілуге тиісті болғандықтан, білім беру деңгейі сөз жоқ орташа балаға лайықталады. Мұның жақсы  оқитын  балаларға зияны ұшан-теңіз. Атап айтқанда,  олардың білімге деген талпынысы, құштарлығы ЖОО түсем деген ниеті не тежеледі,  не олар бұл жағдайларды қанағаттандыру үшін мектептен тыс  мекемелердің,  жекелеген мамандардың құзыреттілігіне жүгінуге мәжбүр болады. Осыдан келіп барып әрбір ЖОО жанындағы ақыл дайындық курстары, оқушыларды ЖОО дайындайтын жекелеген курстар, репетитор арқылы оқыту сияқты мәселелер қазір қалаларда дүрілдеп тұр. Жарайды,  интелектуалдық деңгейі жоғары қалаларда мұндай болғанымен ауыл жайлы бұлай дей алмасымыз хақ. Ол дегеніміз барлық мектеп оқушыларына бірдей жағдай жасап отырғанымыз жоқ дегенді білдіреді. Яғни, қазіргі оқыту жүйесіндегі кемшілікті оқушылардың жартысы қандай –да деңгейде жөндей алғанымен, қалғанына мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ.
ІV.   Бізге ұнасын-ұнамасын, жақсы көреік-көрмейік бір кездері өз бабаларымыз бастап берген ғылым-білім деген ұлы мәселеде бұл күнде бізден алда тұрған әлемдегі дамыған елдердің іс-тәжірибесін ескермеуге қақымызжоқ. Ал оларда (Франция, Голандия, Англия, Шотландия, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және т.б.) бейімді - бағдарлы оқыту негізінен жүйелі түрде 7- сыныптан соң-ақ басталады.
Өнер-білім-ғылымға  ерекше мән берудің арқасында жұмыртқадан жүн қырқып, жоқтан бар жасап отырған бұл елдер егер бейінді оқыту дұрыс болмаған болса оған барар ма еді, барғанның өзінде оған жабысып қалар ма еді. Бір шоқып екі қарайтын жерде ол мүмкін ба?
V. Ресей Федерациясы білім беру министірлігінің «Әлеуметтік зерттеулер»  Орталығының жүргізген сауалнамасын нәтижесіне қарасақ (өкінішке орай өзімізде мұндай бағытта А.Қ. Құсайынов, Қ.Ж. Қожахметова, М.Е. Демеуованың ары қарай  жалғасын таппай қалған «Біз өз балаларымызды білеміз ба?»  деген тақырыппен жүргізген кең көлемдегі зерттеулерінен басқа жұмыстарды айта алмаймыз).  Оқушылардың 70/-75 пайызы 9- сынып соңынан болашақта айналысқысы келетін кәсіптерін анықтайды.
Демек, қазіргі кезде кейбір ғалымдарымыз айтып жүрген «9-сыныптан соң оқушы өзіне қажетті оқытудың бағытын саналы түрде айқындай алмайды» деген тұжырыммен келісуге болмайды. Тіпті бұл тұжырым «он үште отау иесі деген» атам қазақтың қағидасымен  де мүлде үйлеспейді емес пе?
VІ.     Осындай жағдайларды ескере отырып 2006-2007 оқу жылында бейімді – бағдарлы  оқытуға көшеді керек. бұл жерде ерекше айтатын бір мәселе мұнда көшеміз, көшпейміз  немесе қалай болар екен деген сияқты тұжырымдар болуға тиісті емес. 2006-2007 оқу жылында яғни биылғы қыркүйектің бірінен бастап дайын болсақ та

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Культура эпохи Возрождения и Реформации
Химия платины и ее соединений
С.Ю.Витте и П.А.Столыпин - крупные политические деятели
Тіршілік формалары. Биотикалық қатынастар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ