Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сырбай Мауленов

Шегінетін жерім қалмады:

– Ағалар, менен бір ағаттық болды, бағанағы өлең оқыған Сырекең емес, мен едім! – деп ағымнан ақтарылдым. Біреуі: сен кімді мазақ қылып тұрсың деп, маған қарай ұмтылып еді, екіншісі: тоқтай тұр, бұл әлгі Тұрғынбеков деген бала болса, онысы рас шығар, дауысы Сырбайдан айнымайтын көрінеді! – деп тоқтам айтты.

Радиодан лезде тараған бұл хабар дүйім елге жайылып кете берген. Ақыры «шаш ал десе, бас алатын” сол кездегі аупарткомның да құлағына жеткен. Оның белсенді «бишікештері” менің соңыма шам алып түсті. Сонау Алматыда жүрген Мәуленовті Торғайға әкеп, өтірік хабар таратты… Гу-гу әңгіме. Ақыры, не керек айлығыма қосымша «нәпақа” боп жүрген жұмыспен қош айтысып тындым.

Әйтсе де мен бұл оқиғаға мұқалған жоқпын. Қайта менің Сырбайға деген сезімім сейілмей, Сырбай жырларына құштарлығым күшейе түсті. Бір күні Ғафу Қайырбековтің «Қосбасар” деп аталатын кішкене кітабы қолыма түсті. Оқып қарасам, ішінде Сырбай туралы өлеңі бар екен. Онда Ғафекең:

Құрдастай ойнап онымен

Інідей жүрдім именіп.

Жаралы сол қолымен

Жіберсе жақтан бір періп.

Бетіме ыстық нұр теуіп,

Көзімнен оттар ұшатын.

Уатып, қолмен көтеріп,

Төсіне қайта қысатын.

Тапқасын құрдас ағаны,

Жанынан қалғым келмейтін.

Кетуші ек кезіп даланы

Көруге ғажап жер көркін.

Киімді кидім сол құсап,

Сондай ғып қойдым шашымды,

Қызық-ау жастық сол бір шақ

Айнытпаушы едім даусымды.

Бір күні басын шайқады ол:

– Өз қалпыңа түс, бала!

Өзіңше үнмен айтар бол,

Үйренсең де, ұқсама.

– Мәссаған! Ғаламат ақын Ғафудың өзі Сырбайға еліктеген екен ғой. Маған не жорық! – деймін. Әйтсе де, Ғафекеңнің осы өлеңі маған зор сабақ болды. Дауысымды айнытпағанмен, өлеңде өз соқпағымды іздей бастадым. Сөйтіп, өзіме – Серікке тән серпін таптым. Өлеңде өз жолымды тапқанмен, Сырағаңның дауысын қайталап салудан оңайлықпен құтылып кете алмадым. Алматыға келіп радиода жұ­мыс істеп жүргем, Рауия, Назила сынды журналист апаларым қызық көріп, Сырбайдың дауысын салдыртады. Бір күні апайлардың көзінше үйіне Сырбай боп телефон шалдым. Бұл оқиғаны мен кейін, «Сырбайдың дауысы” деген балладамда баяндаған болатынмын. Ұзын-ырғасы мынадай: Телефон тұтқасын Күнжамал жеңгей көтерді. Күнжамал менің дауысымды естіген соң: «Моншаға кеттім деп ең, нағып кешігіп жатсың!” – деді.

Мен Сырбай болып: моншада бір топ ақын балалар кездесіп қалып, солармен енді бір буырқанып, бусанып дегендей…” дей бергенімде Күнжамал «трубканы” тастай салды.

Біраздан кейін Сырағаң үйіне келеді. Күнжамал бұрқан-талқан. – Ендігі қалғаны қайдағы бір балаларға қосылып… деп сөйлей жөнеліпті. Сырбай аң-таң. Күнжамал да Сырбайдың жаңағы сөзіне өзінің ұқсамағанына көзі жетіп тұр.

– Ендеше, телефон шалғаныңа жөн болсын! – дейді жеңгей.

– Қайдағы телефон? – деп Сырағаң зар қағады.

Бәрін «бүлдірген” – мен. Ақыры, олар бұл оқиғаға амалсыз таңғалып, қала береді.

Міне, осындай оқиғалар көп болды. Кейіннен Сырағаң менің бұл қылығымды біліп қалып, «бала, байқа!” деген. Содан кейін байқайтын болдым.

Сырағаңның ақындығын айтып, оған анықтама берудің әсте қажеті жоқ. Әйтсе де, ел арасында ол кісінің тап басып айтатын тапқыр сөздері, табан астында суырып салатын импровизаторлық қасиеті аракідік сөз болып қалып жатады. Құрдастар арасындағы әзіл-қалжыңдары да аз емес. Оның көбісі Ақселеу Сейдімбеков, Серікбай Оспановтардың құрастыруымен баспасөз беттерінде, жалпы жинақтарда жарияланып жүр. Солардың ішінде Сырбайдың Нұрханмен қағысуы ел арасында әрқалай айтылады. Дұрысы мынау. Сырағаң Отан соғысынан жараланып, елге ерте оралады. Қостанайға келіп, облыстық газеттің редакторының орынбасары қызметін атқарып жүреді. Туған ауылы Торғайға жиі келіп тұрады екен. Бірде үш адамдық ұшақпен ұшып келеді де бірден Нұрханның үйіне келсе, Нұрекең үйде жоқ, кемпірі «көрші үйге кеткен” дейді. Сырағаң шай ішкенше Нұрекең келіп қалса оқысын деп бір шумақ өлеңді бір жапырақ қағазға жазып дайындап қояды.

Қостанай болса асқар тау, Торғай – төбе,

Болғанда сіздер қайық, біздер кеме.

Үйінде шайып ішер шалабың жоқ,

Әр үйден шарап іздеп жүрген неме?!

Былай қарағанда, намысқа тиетін сөз. Әйтсе де, айтыс ақынын осылай қаузамаса шамырқанған сөз шыға ма?! Нұрекең келеді бір кезде. Амандық-саулықтан соң, Сырағаң өзі дайындап қойған қағазын қолына ұстата қояды. Сол кезде Нұрхан табан астында:

Айтпайсың ақын болсаң жатқа неге,

Мінбейсің жігіт болсаң атқа неге.

Торғайға тойынуға келіп жүрсің,

Қалада көксу ішкен қатпа неме – деп, бірден бір шумақ өлеңді төгіп тастайды.

Сол дос ағасы дүниеден өткенде егіле жырлаған. Сырағаңның өзі де 1993 жылдың қытымыр ақпанында о дүниеге аттанып кетті. Артында еңіреген елі қалды. Жыр-жұлдыздары қалды, ұл-қыздары қалды. Аяулы жары Күнжамал атақты Ахмет Байтұрсынұлымен бірге туысқан Қали деген кісінің қызы еді. «Халық жауының” қарындасын алған Сырағаңның көрген құқайы аз емес-тін. Бірақ, оны қиын-қыстау кезеңнің бәрінен ақындығы алып шықты. Иә, ол шынында да аса талантты ақын еді. Алайда, орыс өз заманында Александр Твардовскиін ардақтағанда, Дағыстан Расул Ғамзатовын дәріптегенде, башқұрт Мұстай Кәрімін көтеріп жатқанда, қалмақ Давид Кугульдиновын қастерлегенде, солардан талант қарымы бірде кем емес Сырбай Мәуленов қазақ әдебиетінде өзінің тиесілі бағасын алды деп айта алмаймын. Қазақ әдебиетінің шеңберінен еркін шығып, әлемдік деңгейге көтерілген Сырбай ақынның сырбаз жырлары оқушысына өз құпиясын әлі ашып болған жоқ. Оның тылсымын ішке бүккен сырлы да мұңлы жырлары болашақ ұрпақтың жүрегіне еркін бойлап, ертеңгі күннің ерен бағасына ие болары хақ.

Сырағаңмен ширек ғасыр бірге ғұмыр кешіп, оның рухымен іштей ұғысып, сырласып сұхбаттасқан сәттерімнің біраз жайларын осылайша баяндай отырып, осынау естелік – толғауымның түйінін бұл күнде әлем таныған Әбіштің бір ауыз сөзімен түйіндегім келеді. Өзінің «Көш бастаған көрнекті ақын” деген мақаласында Әбіш Кекілбаев былай деп баға берген еді.

– Біз бала кезімізден бастап Сырбайша оқуға, Сырбайша жазуға, Сырбайша сөйлеуге ұмтылып өскен ұрпақпыз. Қазіргі әдебиеттегі алпысқа келгендер мен төменгі буынның барлығының әдеби болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сырбайдың әсері бар десем, асыра айтқан болмаспын. Сырбай тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жаңа кезеңге көтеріп бере алған кемел құбылыс. Бұл тұрғыдан келгенде Сырбай қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі. Классик деген ұғым кез келген кісіге айтылуға тиісті емес. Кез келген дарынды, талантты адам классик бола алмайды. Тек қана өзі емес, бүкіл ұлттық әдеби болмысқа өзінің ізін, өнегесін тастаған адам ғана осындай атаққа лайық болуға тиісті. Бұл бір жай азусыз сөз емес. Өйткені, оның өлеңі күні бүгінге дейін сол тірі қалпында тамаша әсер қалдырып, тәнті етеді. Келешек ұрпақтың да дәл солай қабылдап, осылай тамсанары сөзсіз.

Бұған ешкімнің де алып-қосары болмас. Өйткені, Сырағаң туралы қанша әңгіме айтсаң да, Әбіштің осынау алтын қазық, асыл сөзіне табан тіремей кету мүмкін емес.

Авторы: Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, халықаралық «Алаш” сыйлығының лауреаты, ақын.

12
скачать работу

Сырбай Мауленов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ