Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сырым Датұлы көтерілісі

nbsp; жалақы     белгіленді.    Бірақ,   бұл   «реформа» Кіші жүздің ірі старшындары мен билерінің қарсылығына, әрі бұған Орта жүздің ханы Уәлидің, Түрікменнің ханы Пірәлінің құптамауына байланысты жүзеге асырылмады. Бұған қоса патша үкіметі Францияда басталған буржуазиялық революциядан сескенген-ді. Осындай жағдайда ел басқарудың ескі жүйесіне қандай да болса өзгеріс енгізу революциялық  іс тәрізді болды.

1790 жылы тамызда Нұралы Уфа қаласында кайтыс болғаннан кейін   билер тобы Кіші    жүздің    хандық   тағына   Есім сұлтанды отырғызды. Патша әкімшілігі бұл сайлауды тән алмай, үкіметтің бекітуіне Ералы сұлтанды ұсынды.  Ресми   тәртіпті  сақтаған   болып, сұлтандар мен старшындардъщ жаңа сайлайтын   жиынын   1791жылы   тамыздың   ақырында   шақыру    белгіленді.   Хан  «сайланатын»  жерге   (Ор қорғанына таяу)   патша  әскері келтірілді.  . Осындай жағдайда халық жаратпайтын   Ералы сұлтан   хан «сайланды». Бұл хабар халық наразылығын тудырып, елді   қатты   дүрліктірді. Соның салдарынан   малшы    шаруалар   сұлтандардың ыркына көнбей, өз бетінше   көтерілді.   Бұл   қозғалыстың   феодалдарға қарсы  белгілері  айқып көріне  бастаған-ды. Осындай жағдайда билер   мен   сұлтандар   арасында  хандықты  қалпына   келтіру,  сұлтандармен келісімге келу деген пікір ашық айтылды. Халық   қозғалысының   осы  кезеңінде  Сырымның басында   толқу пайда болды. Ол хан үстемдігін жою   райынан    қайтып,   «өзіміздің    ырқымыздан   шықпайтын   хан   сайлайық» деген    билер     мен     старшындардың көпшілігінің талабына қосылды.  Сырым   Ералыға   карсы   күресе   отырып, Кіші    жүздің    хан    тағынан    дәмелі Әбілғазы   Қайыповты   жақтауға   ден қойды. Әбілғазы  көп жанды   әрі қолды Шекті   руының   билеушісі   және Хиуа   ханымен   де берік   байланыста еді. Сырым  Сырға  қарай  көшті. Бұхар мсн Хиуа хандарына, феодалдарына арқа сүйеген Әбілғазы сұлтанға Сырымның иек артуы қарапайым халықтың мүддесіне қайшы келді. Бұхар мен Хиуа шонжарлары, діни ағымдары қазақтың кейбір бай-манаптарымен жең ұшынан жалғасып, қазақ  жерін  Россиядан  бөлуге   ат  салысты. Бірақ олардың көтерілісшілер арасына жүргізген үгіті ықпал етпеді. Кіші жүз Россияның қол астында 60  жылға  жуық  болуының да  әсері тиді.  Көтөріліске   шыққандар   бүкіл     казақ жұртшылығы   сияқты   Россиямен  шаруашылық  байланыстың  пайдасын бұзып,  байырғы  жайылымдық   жерлерін сақтап қалуға тырысты.  Соған қарамастан Кіші жүздегі көтеріліс   өрісі жаңа   қарқынмен   үдей түсті де, 1792 жылдың жазында бүкіл   жүзді толық дерлік қамтыды. Еңбекші халық хандықты қалпына келтіру жолында    күресті.     Олар     қозғалысқа қарсы    билер    мен    старшындардың ауылдарын    шапты.    Қазақ    даласына жазалаушы отрядтардың шығуы, көтерілісшілердің шекара қорғаныстарына шабуылын үдетті. Сырым көп кешікпей көтерілісшілердің қонысына келді.

1792 жылдың  күзінде көтерілісшілердін негізгі күші Елек қалашығына таяу жерге орналасып, қорғанға шабуыл жасауға әзірленді. Бұдан бұрынғыдай, сұлтандар көтерілісшілер отрядының қай жерге орналасканын, олардың мақсатын шекара өкіметіне алдын-ала хабарлап қойған-ды. Сондықтан қорған гарнизондары тойтарыс беруге әзір еді. Сырым бастаған отряд 29 қыркүйекте Елек қалашығына шабуылға шығып, корғанды ала алмады. Патша қорғаныстарына тұтқиылдан жасаған бірнеше шабуылы сәтсіз аякталғаннан соң көтерілісшілер күрес тәсілдерін өзгертті. Олар партизандық соғыс тәсіліне көшті. Аз топпен қимыл жасаған көтерілісшілер отряды ізін білдірмеді. Ауылдар бар көмегін жасады. 1794 жылдың жазында Ералы дүние салды. Патша үкіметі жана хан сайлауды ұзақ ойластырды. 1796 жылы қазанда ғана билердің аз ғана тобынын қатысуымен Кіші жүздің ханы Нұралының баласы Есім сұлтан болды деп жариялады. Есім хан көтерілісті басуға барлық жазаны қолданды.

1795—96 жылдың қысында қазақ даласын жұт жайлады да, көтпеген ауыл ақсүйек болып қалды. Мал қырылған соң, ел аштыққа ұшырады. Еңбекшілердің осындай ауыр жағдайына қарамастан Есім мен оның сыбайластары әр түрлі алым-салық жинауды тоқтатпады. 1797 жылғы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер отряды хан ауылын шапты. Есім ханды өлтіріп, ауылы талкандалды. Ханның тумалары бытырай қашты. Ханнық өлімі, халық дүмпуінің барған сайын арта тусуі шонжарларды сескендірмей қоймады. Олардың   жана    ханды   құптайтъінын    патшаға білдірді. Алаш, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш тағы басқа ру-тайпа старшындары ханды өлтірген көтерілісшілерді жою үшін Орал әскерінің атаманы Донский ұйымдастырған жазалаушы отрядтың жорығына қатысты. Сонымен қатар патша үкіметі айлаға көшті, хан сайланбай хан кеңесі құрылды. Хан кеңесінің басшылығына Айшуак сұлтан, мүшелігіне алты старшын, патша әкімшілігінің уәкілі мүфти Құсайынов сайланды. Кеңеске сұлтандар мен старшындардың уәкілдері енді. Бұл феодалдардың халыққа қарсы күресін біріктіруге жағдай туғызды. Хан кеңесі 1797 жы тамызда шақырылды. Көп кешікпей жиын өтіп жатқан жерге, құрамында 7 мыңға  жуық адам бар   отрядты бастап Сырым   келді. Ол   халықтың қатты күйзелгеніне   және хан   кеңесінің құрылуыыа байланысты күресті тоқтатқанын мәлімдеді. Сырым кеңестің мүшелігіне алынды. 1797 жылы қазанда патша үкіметі қаусаған қарт Айшуақ сұлтанды хан сайлады.

 

Қорытынды.

Көтеріліс стихиялы түрде 1797 жылдың аяғына дейін созылды да, тоқтады. Оның жеңіліске ұшырауының негізгі себебі — ұйымшылдықтың болмауы, нақты мақсатсыз, стихиялы өтуден еді. Сонымен қатар сұлтандармен жең ұшынан жалғасқан билер мен старшындардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датұлының толқуы, күретің ақырына дейін тұрақты болмауы да жеңіліске себепкер болды.

Көтеріліс    14  жылга    созылды.    Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға еді. Сондай-ақ хан өкіметінің үстемдігін біржолата жоюға ықпалын тигізді. Көтерілістің ішкі қайшылығы, әлсіз жақтарына қарамастан, оның ұлт-азаттық сипаты әрі прогрестік маңызы болды.

Қолданылған әдебиеттер:

1.    «Қазақстан тарихы журналы» 1995 №5.

2.    Рысбеков Т. «Өскен өлке тарихы».

3.    Қазақ совет энциклопедиясы.

12
скачать работу

Сырым Датұлы көтерілісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ