Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сырым Датұлы көтерілісі



 Другие рефераты
Тоқтар Әубәкіров Тарих сабақтарында тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры

Кіріспе бөлім

Қазақ  шаруаларының  феодализмге   және  отаршылдыққа   қарсы    күресі.  .

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.

 

Қазақ  шаруаларының  феодализмге   және   отаршылдыққа    қарсы    күресі.  .

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.

Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге  мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.

1782 жылғы жарлық бойынша хан шекаралық басшылардан рұқсат алғаннан кейін ғана ауылдар Жайықтан өтіп, көшіп-қонатын болды. Нұралы мен оның жақын тумалары Оралдың казак әскерлерінің старшындарымөн сөз байласа отырып, көштің қоныс тәртібіне қол сұғып, ауылдарды бірігіп тонап отырды. Малшыларды ашықтан-ашық тонау, заманнан қалыптасқан көш жолдарын, қоныстарды өзгертуі ецбекші халықтың шаруашылығын күйзелтті.

Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды.

Шаруалар   мен    феодалдардың арасындағы   қарама-қайшылықтар  шиеленісумен    қатар,    феодалдық    таптың өз ішінде де бплік  үшін   тартыс жүріп жатты. Дала ақсүйектері (сұлтандар) патриархалдық   феодалдық    билеушілердің  (би, старшын, батырлар)  ықпалының күшеюімен    келіскілері   келмеді.   Әртүрлі    феодалдық   топтардың   арасындағы күрес-тартыс таптық күштердің белгілі дәрежедегі ықпалына жәнө көтерілістің    барысына    әсерін    тигізді. Оның    негізгі   күші    шаруалар   еді. Көтеріліске   билер  мен   старшындар, батырлар да қатысты. Олар қаналушы халықтың   дүмпуін,   наразылығын өз мақсаттарына жұмсамақ болды. Қарапайым     шаруа       старшындар      мен батырлар қауымның мүддесін ойлайды,   сонымен   қатар,   олар   хан   мен сұлтандардың     тепкісінен    халықты азат етпек деген жалған ойда болды. Сондай-ақ,      бұлардың     бастауымен

Орал казак әскерлерінің шабуылынан да  құтыламыз деп ойлады. Патриархалдық   феодалды   бай-манаптардың көздеген   мақсаты   шаруалардың   мақсатымен     ұштаспайтын    еді,    олардың арасында      қарама-қайшылық      болды.   Көтеріліске   шыққан    шаруалар феодалды және отаршылдық қанаудан құтылмақ    ойда    еді.    Олар    хан    мен сұлтандардың      тарапынан      зорлық көріп,   алым-салықтар    төлеп   тақыр кедейге      айналғанды.       Шаруалар феодалды құрылысты   жою   туралы   міндетті қойған   да жок,   және   қоймақ та емес еді. Көтерілісті  бастаған үстем таптың  өкілдері хан мен сұлтандардың  хұқтарына  ғана  шек  қойып, жүздегі өзінің беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеді. 1782—83 жылдардың   қысында   «Ішкі   жаққа»   өткен Кіші жүз малшыларының 4 мыңнан астам  жылқысын  Орал  казак  әскерлерініц   старшындары   айдап   әкетгі.   Осыдан кейін іле-шала Орал әскерлері таяу жатқан ауылдарға шабуыл жасайды екен деген қауесет тарады. Сонымен   Кіші   жүздің  батыс  аймағында дүмпу пайда болды. Бұл қауесет басқа  жерлерге   де   жайылды.  Көтерілісшілер топтары ұйымдасып, әдеттегідей оларды ру старшындары басқарды. Солардың ішінде  ерекше көзге түскені Сырым батыр еді. Ол ірі феодал, Байбақты   руының   старшыны   болатын.

 Сырымның ауылы Ембі мен Жайықтың арасын жайлайтын. 1785 жылдың  басында Сырым Датовтың отрядында 2700 адам болды. Бұл кезде көтерілісшілердің жалпы саны 6 мыңнан астам еді. Олардыц негізгі ұйытқысы Сағыз өзенінің бойына топтасқан. Бұлардың саны барған сайын арта түсті.

Көтерілістің етек   алуынан   сескенген Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы     патша     әкімшілігінен көтерілісті  басу үшін  әскер жіберуді өтінді. Шекарадағы патша әкімшілігі бұл жағдайды Петербургке мәлімдеп, қазақ даласында көтерілістің етек алуы ханға ғана емес, патшаға да қатер туғызатынын білдірді. Орынбордағы көтерілісті басу үшіп генерал Смирновтың отряды құрылды. Бұл отряд 1785 жылы ақпанның орта шенінде Елек бағытына қарай қозғалды. Сол кезде Жайықтан Ембі бағытына Колпаков жәнө Паномаревтардың зеңбірекпен қаруланған отряды да шыққан еді. Бірақ бұл кезде көтеріліске араласқан ауылдар Ембіден әрі көшіп кеткен-ді. Қазақ отрядтары көтерілісшілердің топтасқан жеріне іздеу салып жүргенде Сырым батыр 500 жігітпен олардың ту сыртынан аттанып, Антоновск бекінісіне шабуыл жасады. Содан кейін Сахарная тағы басқа бірнеше қорғандар мен беіністерді шапты.

Көтерілісшілердің хан мен сұлтанға патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы күресі еңбекші халықтан қолдау тапты. 1785 жылы 24 наурызда майор Назаров бастаған жазалушы отрядтың Каршинск бекеті мен Сахарная қорғанысының аралығында көшіп жүрген бейбіт ауылды тонап,  талқандауы еңбекші халықты қатты ызаландырды. Бұған дейін қозғалысқа қатыспаған көптеген ауылдар енді көтерілісшілерге қосылды. Қол астынан кетіп қалған ауылдарды қайта өзіне қаратпақ болған ханның қарекетінен ештеңе шықпады. Оның өкіметі дағдарысқа ұщырады. Кіші жүз ішіндегі осындай жағдай патша әкімшілігіне ханның ықпалынан тыс көтеріліске шыққан  ру басшыларымен байланыс жасауға мәжбүр етті. 1787 жылдың жазы мен күзінде өткен старшындардың съезінде патша үкіметінің қарары талқыланып, одан қазақтарға Ембі мен Жайық арасынан көші-қоныс жер беруді және Орал казак әскерлерініц әскери жорықтарына тыйым салуды талап етті. Сол съезге көтерілісшілер де кеңінен қатысты. Талаптың басты тармағы Нұралы ханды тағынан түсіру еді. Сырым бастаған старшындардың бір тобы хан өкіметін бүтіндей жою талабын ұсынды. Ал өзге тобы хан тағын сақтап, Нұралыға ғана қарсы шықты.

Осы кезде көтерілісшілер хан ауылына шабуыл жасады. 1786 жылы сәуірде көтерілісшілердің қысымынан ығысқан хан патша үкіметін паналауға мәжбүр болады. 1786 ж. маусымда Екатерина IIНұралы ханды хандықтан шеттету туралы рескриптке қол қойды. Нұралы Орынборға шақыртылып, одан әрі Уфаға жөнелтілді. Патша үкіметі казақ даласындағы дүмпуді әрі үстем тап арасындағы тартыстарды пайдаланып, Кіші жүздегі хандық өкіметті жоюды ұйғарды. Патша әкімшілігінің кеңесіне құлақ қойып, съезд старшындары 1785 жылдың күзінде Кіші жүзді үшке бөлу туралы шешімге келді. Бұл бөліктердің әрқайсысын съезд сайлаған старшындар билейді. Патша үкіметі Кіші жүзде хан өкіметінің  жойылуы — отаршылық  саясатты жүргізуге ыкпалын тигізеді деп  ұйғарды. Сонымен қатар патша үкіметі патриархалдық-феодалдық       шонжарларға арқа    сүйеп   отырды. Ықпалы   күшті деген беделді   старшындарға «Бас старшын»  деген атақ берді. Бұларға  өзге   де    руларды    бақылау    міндеті жүктелді. Басқару жүйесіндегі төменгі  буын — ру старшындарына да&

12
скачать работу


 Другие рефераты
Химические волокна
Денежно-кредитная политика: анализ мирового опыта
Радиациялық ластану
Международная экономика


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ