Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәселелері: импорттық операциялар маңызы

н Республикасында орындалса, ондай тауарлар біркелкі, не бірыңғай болып есептелмейді.

  1. Құннан шегеру негізінде кедендік құнды анықтау әдісі- бұл әдіс біркелкі немесе бірыңғай тауарларды бастапқы қалыптарынан өзгермей сатылған жағдайда қолданылады. Құннан шегеру әдісін тауардың кедендік анықтау үшін негіз ретінде пайдаланғанда тауар бірлігінің бағасы алынады, бағаланатын біркелкі немесе бірыңғай тауарлар сатушы адаммен өзара тәуелді немесе мәмілеге қатысушыға бағаланатын  тауарлар әкелінген күннен бастап, 90 күннен әрі асырмай, сол баға бойынша мейлінше көп партиямен сатылады.

Тауар бірлігі бағасынан мына компаненттер шегеріледі: комиссиялық сыйақыға төленген шығындар, пайдаға байланысты жалпы шығындар;тауарларды әкелгендегі пошлиндер, салықтар, алымдар, тауарларды сырттан әкелуге не сатуға байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиісті басқа да төлемдер;ҚР тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу және түсіру жұмыстарына жұмсалатын әдеттегі шығындар.

  1. Құнға қосу негізінде кедендік құнды анықтау әдісі. Құнға қосу негізінде бағалау әдісін тауардың кедендік құнын  анықтау үшін негіз ретінде пайдаланған кезде материалдардың құндары және бағаланатын тауарды өндіруге байланысты дайындаушының шығарған шығындары; сондай тауар түрдегі шығаратын елден Қазақстан Республикасына сатуға тән әкелінген  шығындарды, соның ішінде тасымалдауға, жүкті тиеуге және түсіруге, ҚР кедендік шекарасынан өтетін жерге дейін сақтандыруға жұмсалатын шығындарды және басқа шығындарды; мұнай тауарларды Қазақстан Республикасына жеткізу нәтижесінде, әдетте, экспорттаушы алатын пайданы қосу жолымен есептеп шығарылған тауар бағасы қабылданады.
  2. Кедендік құнды анықтаудың резервтік әдісі. Егер тауардың кедендік құнын мәлімдеуші кедендік құнды анықтаудың жоғарыда көрсетілген әдістері рет-ретімен қолдану арқылы анықтай алмаса немесе кедендік органдар дәлелдеп отырып, кедендік құнды анықтаудың бұл әдістерін пайдалануға болмайды деп есептесе, кедендік құн резервтік әдіспен анықталады. Резервтік әдісті қолданғанда Қазақстан Республикасының кеден органы кедендік құнды анықтау үшін тауар бағасы негізінен оның жіктелуіне,  сапасының сәйкестігіне  тәуелсіз түрде сараптау (инспекциялау) нәтижелері бойынша алынған мәліметтеріне, сондай-ақ өздерінде бар бағаға сүйенеді.

Резервтік әдіс бойынша кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде: Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы бағасы; үшінші елдерде шығарылған тауардың бағасы; тауардың қалай болса солай белгіленген немесе анықтығы расталмаған бағасы; ұқсас немесе бірыңғай тауарлардың есептеу жолымен шығарылған бағасы пайдаланылмайды.

Егер де бірінші әдісті пайдалану мүмкіндігі болмаса, онда 2-6 әдістерді пайдалану керек.

Кеден органдарының депозитіне салынған кеден төлемдері мен салықтарының сомасын сақтау мерзімі 60 күннен аспауы тиіс, егер де олардың төлем құжаттарында 60 күннен асатын мәмілелердің шарттары болса ғана асуы мүмкін. Жарияланған кедендік құжаттармен бірге декларациясы ұсынғаннан кейін, артық төленген кедендік төлемдер мен салық сомасын қайтару (немесе зачетка жатқызу) немесе толық төленбеген сомасын өндіріп және кеден құнын түзетудің нысанын толтырумен бірге жүзеге асады.

Кеден құны бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.

Алынған әрбір тауар түрінің құны оның жасалған төлеміне қарап есептелінуі тиіс.

Мысал. Шетел жабдықтаушыларынан алынған тауар бірлігінің құны мынаны құрады:

А тауары – 961 АҚШ доллары немесе 146072 теңге (961х152);

Б тауары – 183 АҚШ доллары немесе 27816 теңге ( 183х152);

В тауары – 219 АҚШ доллары немесе 33288 теңге (219х152).

  1. Жоғарыда келтірілген формуланы пайдалана отырып, шығындар коэфицентінің қатынасын анықтаймыз.Әкелінген тауарлармен байланысты шығындардың сомасы 3958437 теңге құраған (212500+1732800+69312+31035). Сатып алынған тауардың құны 15200000 теңге құраған. К=3958347/15200000=0,260418.
  2. Енді тауар бірлігінің құнын анықтаймыз:

А тауары

Се=961х152х(1+0,260418)=184111,71 теңге;

Б тауары

Се=183х152х(1+0,260418)=35059,78 теңге;

В тауары

Се=219х152х(1+0,260418)= 41956,78 теңге.

  1. Әрбір тауар түрі бойынша есептелініп шығарылған мәліметтерді 1330 “Алынған тауарлар” субшотының дебеттік  айналымымен салыстырамыз, егер де олар тең болса, онда есеп дұрыс шығарылған болып саналады:

А тауары                        25х184111,71=4602793 теңге;

Б тауары                         110х35059,78=3856576 теңге;

В тауары                         255х41956,78=10698978 теңге;

 

Жиыны                                       19158347 теңге

    Консигнация жағдайында импортталған тауарлар.

Консигнация жағдайында импортталған тауарлар мен өнімдерді сатқан кезде консигнацияға консигнант пен консигнатор арасында келісім-шарт жасалынады. Тараптар келісімшарттың барлық реквизиттерінің толтыруына жеке көңіл бөлуі қажет, ол екі данада жасалады,  әрбір тараптар үшін бір-біреуден. Бұл операциялардың есебі валюталық операциялармен, бағамдық айырмамен, кедендік рәсімдеумен, консигнаторлармен есеп айырысу тәртібімен, бюджетке төленетін қосылған құн салығымен, сақтау жағдайымен және консиганцияға алынған тауарларды рәсімдеумен байланысты болып ерекшеленеді.

Тауарларды консигнацияға әкелген кезде ”кеден-қойма“  (ИМ-74) тәртібі бойынша рәсімдеу әдісі пайдаланылуы мүмкін.

Бұл тәртіп әкелінген тауарлардың уақытша сақталмайтындығын көрсетеді және ол кеденнің бақылауында болады, бірақ олар сол сақталған тауардан кеден салығын және басқа да салықтарын өндіріп алмайды, тек сақтау кезеңінің барысына экономикалық шараларды қолданады. Кеден қоймасы болып кеден қоймасының тәртібімен сәйкес келетін тауарды сақтауға арналған кез келген арнайы бөлігін және керек-жарақтарымен қамтылған ғимараттар танылады.

ҚР Орталық кеден органы мекемелердің қоймасына лицензия береді.Тиісті керек-жарақтарымен қамтылған кеден қоймасы кеден бақылауынсыз қоймаға тауарлардың сақталуын қамтамасыз етелі. Қойманың жан-жағы қоршалады. Кеден қоймасынан тауарларды босатқан кезде кеден оргадары берген кедендік жүк декларациясымен қоса мына құжаттар да ұсынылады:

-         әкелінген тауарларға жүк және тауармен ілесіпжүретін құдаттары (накладной, коносаменттер, шот-фактуралар, жасап шығарылған затты сипаттайтын құжаттар – спецификациясы т.б.);

-         кеден бақылауы мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру үшін қажет басқа да құжаттар.

Кедендік қойма тәртібінде тауарлар орналастырған кезде кеден құнынан 0,2% деңгейінде Қазақстан Республикасының валютасында кедендік рәсімдеу  үшін кеден алымы алынады.

Кеден органы қойма иесінің пікірін ескере отырып, қоймада сақталатын тауарлардың түріне, конструкциясына, босату қабілетіне және де басқа да қойманың нақты функционалдылығын қозғайтын фактілеріне байланысты кеден қоймасының қолдану режимінің процедурасын бекітеді.

Тауар қоймада үш жылға дейін сақталады.  Көрсетілген мерзім кейбір жеке тұлғалар үшін шектелуі мүмкін. Тауарды сақтаудың нақты мерзімі тауар сақтаушы мен қойма иесінің арасында анықталады.

Сақтау мерзімі аяқталған тауарлар бойынша олардың басқа кеден тәртібіне көшкендігі туралы хабарланады. Тауарлардың кедендік құны олар еркін айналысқа түспей тұрып және жаңакеден тәртібіне көшпей тұрған кезінде анықталады.Бұл кезде тауардың құны  кеден қоймасына өткізбей тұрғандағы бағасынан кем болуы тиіс.

Кәсіпорын импорттардан консигнацияға қабылданған тауарды сатқанда (меншік құқығының ауысуына) дейін, олар кеден қоймасының тәртібі бойынша рәсімделуі мүмкін.

Консигнациялық мәмәіле консигнациялық шартпен құжатталады, онда жалпы ережелерденбасқа: тауарларға меншік құқығының ауысу кезін; консигнаторға берілетін сыйақы ережелерін (сатылатын тауарлардың құнынан есептелетін пайыздары немесе тауардың ең арзан және ең қымбат бағасының арасындағы айырмашылық түрінде); тауардың сатылатын аймағын; тауардың ең арзан және ең қымбат бағасын; тауардың қоймада сақталу мерзімдерін жәнеегер бұл тауар толық не жартылай өтпесе, оны консигнатордың консигнантқа қайтару ережелерін көрсетеді. Кедендік құжаттау кезінде консигнацияға сырттан әкелінетін тауарлар уақытша әкелінген мүлік ретінде рәсімделеді (яғни Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы орындары ауыстырылатын заттарға кедендік шекарадан өткен кезде не қазақстандық заңды тұлғаға, не одан меншік құқығы ауыстырылмайды) және бұл мүліктен кедендік рәсімдеуді жүргізгені үшін ғана төлем алынады. Кедендік құжаттарды жүзеге асыратын мекемелер өздерінен өткен мүліктің есебін жүргізеді. Мүлікке байланысты әрекеттер жасалынып,  соның нәтижесінде ол тауарға айналғанда, жалпы белгіленген тәртіп бойынша кедендік жаңа жүк мәлімдемесін табыстау арқылы қайтадан мәлімдеумен кедендік құжаттауға жатқызылады. Мәлімдемеші белгіленген талаптарды орындаған жағдайда кеден органдары “Шығаруғы рұқсат етілген” деп белгі соғады, Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналуына, яғни тауардың

123
скачать работу

Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәселелері: импорттық операциялар маңызы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ