Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық реттелуі және оның бір түрі тәуекелді контрактілер

ал сатушы қысқа (short) позицияға ие. Сатушы позициясының «қысқа» болуы ол өзі иеленбейтін тауарды сатады (бұл жерде валюта), ал сатып алушы позициясының «ұзын» болуы ол болашақта тауарды сатып алуға мәміле жасасты деп түсіндіріледі [8,3].

Форфейтингтік мәміле – бұл кредитордан айналымсыз негізінде айналымдағы құжатта көрсетілген қарызды сатып алу. Ашып айтсақ, қарызды сатып алушы (форфейтер) өзіне қарыз алушыға қанағаттанбағанда кредиторға міндет салудан бас тартуға міндеттенеді. Айналымдағы міндетті сатып алуға жеңілдік беріледі.

Форфейтингтің механизмі мәміленің екі түрінде қолданылады:

  • қаржылық мәмілелер – ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерін тез орындату мақсатында;
  • экспорттық мәмілелер – шетелдік сатып алушыға несие берген экспорттаушының ақшаны қолма қол алуына жәрдемдеседі.

Форфейтингтің айналымдағы негізгі құжаты – вексель. Бірақ форфейтингтің объектісі бағалы қағаздардың басқа да түрлері бола алады. Бұл қағаздардың «таза» болуы міндетті[9,45].

Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Халықаралық сауданы қаржыландыру бойынша бай тәжірибесі бар Цюрихтың бірнеше банктері осы әдісті АҚШ-та Батыс Еуропа елдерінің бидайды сатып алу үшін қаржыландыруда пайдалана бастады. Осылайша, халықаралық экономикалық алмасуда несиенің рөлі өсті, жеткізушілер өздерінің мәмілелерін қаржыландыру үшін жаңа әдістерді іздеді.

Опцион – сатып алушыға сатушыдан опционды сатып алуға немес сатуға құқық беретін (міндеттемейді) сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім. Опцион – туынды бағалы қағаз.

Опцион валюталық тәуекелді толығымен жабудың бір түрі. Форвардқа қарағанда опцион тәуекелге өте жоғары дәрежеде қауіпсіздік береді, өйткені опционда сатып алушы мәмілені жүзеге асыру немесе асырмау құқығына ие.

Қазақстан рыногында опциондар фьючерстік және форвардтық контракттарға қарағанда дамымаған. Опционның олардан айырмашылығы – бір тараптың оны орындауға міндетті еместігі. Осыған байланысты опционның екі түрін айырып көрсетуге болады:

  • «колл» опционы («call» ағылшын етістігінен – шақыру дегенді білдіреді), яғни алдын ала келісілген бағада белгіленген активтерді эмитентке сатуға міндеттесе, ұстаушыға сатып алуға құқық береді;
  • «пут» опционы («put» ағ. Етістігі – қою дегенді білдіреді), мұнда сол талаптар негізінде жасалады, тек керісінше эмитентті базалық активті сатпы алуға міндеттесе, ұстаушыға осы активтерді сатуға құқық береді.

Опциондар тек базалық активтер бағасының тұрақсыздығы кезінде ғана фьючерстік және форвардтық мәмілелерге қарағанда тиімді, ал ұзақ мерзімді бағалық трендтерде тиімсіз [10, 48].

Сыртқы экономикалық мәмілені халықаралық құқықпен реттелуін қарастырайық. Сыртқы экономикалық қатынастардың ерекше қасиеті құқықтық регламентацияның әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануды міндеттейтін субъектілік құрылымы жағынан түрлі қатынастарды бірыңғай жүйеге келтіру болып табылады. Қатынастың екі деңгейі бар: біріншіден, мемлекетаралық және халықаралық құқықтың әмбебеп, аумақтық, локальдық сипаттағы басқа субъектілері арасындағы қатынас (көбіне мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасында), екіншіден, әр түрлі мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалар арасындағы қатынас. Әсіресе жеке және заңды тұлаға арасындағы қатынас сыртқы экономикалық қызметте аса маңызды рөл атқарады. Бірінші қатынас халықаралық (жария) құқық нормаларымен реттелсе, екінші қатынас ұлттық заңнамамен, оның ішінде халықаралық жеке құқықпен реттеледі.

Сыртқы экономикалық мәмілені реттеудегі халықаралық құқықтың рөлі екі бағытта жүзеге асырылады: 1. Халықаралық экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда құқықтық негізін, яғни құқықтық режимін орнату; 2. Материалдық-құқықтық нормаларды унификациялау негізінде сыртқы экономикалық мәміленің бірыңғай құқықтық реттелуін құру. Бірінші бағыттың ішінен екі жақты шарртарды атап кеткен жөн. Бұл шарттар тек сауда емес, сонымен қатар келісуші меемлекеттер арасындағы кез келген экономикалық қатынастардың жалпы құқықтың негізін орнатады. Соңғы уақытта сауда шарртарының дамуында олардың орнына сауда, ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім-шарттар жасалуда. Осы шарттар қатысушыларға маңызды мәселелерді шешеді: әр келісуші мемлекет тарапынан сауда немесе экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға құқылы субъектіні анықтайды; кедендік алымдар; тауарды кіргізу-шығару тәртібі; транзит; тауарды тасымалдауға қатысты қатынастарда бір біріне құқықтық режим береді, бір мемлекеттің жеке заңы және заңды тұлғасының екінші мемлекеттегі қызметінің құқықтық режимін анықтайды.

Сыртқы экономикалық мәмілені реттеудегі құқықтың екінші бағыты әр түрлі мемлекеттерде бірыңғай құқықтық режим құрудан көрінеді, ол тиісінше коллизиялық құқық нормалары мен азаматтық материалдық құқық нормаларының унификациялануы арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы экономикалық мәмілені реттеудің тағы бір ерекшелігі мемлекеттік емес реттеу болып табылады. Мұндай реттеудің негізігі нысаны «контракттік талаптар»: шартты жасай отырып, тараптар келісім бойвнша өздерінің құқықтары мен міндеттерін еркін орнату бостандығына ие. Бірақ бұл бостандық шексіз емес. Біріншіден, жария құқық нормаларымен, екіншіден, азаматтық құқықтың жалпы диспозитивтілігімен (тыйым салынбағанның бәрі рұқсат етіледі), үшіншіден, азаматтық құқықтың императивті нормаларымен шектеліп отырады.

Мемлекеттік емес реттеу жүйесінде халықаралық сауда әдет–ғұрыптары ерекше орында. Әдет-ғұрыптар – тәжірибеде қалыптасқан, бірақ міндетті заңи күші жоқ бірыңғай тұрақты ережелер жиынтығы. Егер шартта сауда әдет ғұрыптарына сілтеме жасалса, ол онда сипатқа ие болып, шарттың талаптары ретінде қабылданады. Дүниежүзінде халықаралық сауда әдет-ғұрыптарының бірнеше түрлері бар. 1994 жылы жасалған және жарияланған халықаралық коммерциялық контракт қағидалары УНИДРУА (Жеке құқықты унификациялау жөніндегі халықаралық институт). УНИДРУА қағидаттары халықаралық шарт болып табылмайды, мемлекеттердің қосылуын талап етпейді, тек ұсыныстық сипатта болады.

Сауда терминдерін талдау жөніндегі халықаралық ережелер жиынтығы – ИНКОТЕРМС, Халықаралық сауда палатасы құрған (1990 жылы және 2000 жылы). Қазіргі уақытта ИНКОТЕРМС 13 сауда термині және оның талдау ережелерінен тұрады.

Сыртқы экономикалық мәмілені мемлекеттік емес реттеу нысанына сот және арбитраж тәжірибесін жатқызуға болады. Оның маңызы – халықаралық сауда әдет-ғұрыптар және қолданбалы құқық нормаларының талқылауы мен мазмұнын анықтау; әр түрлі салалар мен жүйелерге жататын құқықтық нормалардың келісімді қолданылуын қамтамасыз ету; сыртқы экономикалық мәмілені реттейтін халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық нормалардың дамуына жағдай туғызу[11, 203].

 

Пайдаланылған әдебиеттер :

  1. ҚР Азаматтық Кодексі, 27 желтоқсан 1994 жыл – 56-318 б.
  2. Испаева Г.Б. Понятие внешне экономической сделки в доктрине международного частного права// «Право и государство». 1998.-№3.-32 б.
  3. Лунц Л.А. Международное частное право. Особенная часть.-М.: «Юридическая литература», 1975.-132 б.
  4. Под ред. М.К. Сулейменова Право и иностранные инвестиции в РК – Алматы: «Жеті Жарғы», 1997.- 210 б.
  5. Ахмадиева Г.Д. Правовое регулирование внешнеэкономических контрактов в РК.-Алматы: «Ғылым», 1996.-17 б.
  6. Anson W. Law of contract.-London: «LLP Limited»,1985.
  7. Резников М.Т. Международные сделки банков.-Свердловск: «Economics»,1998.-65 б.
  8. Мауленов К.С. Фьючерстные контракты// «Предприниматель и право».-2002.-№42 (118).-3 б.
  9. Козлов С.А. «Форфейтинг сегодня».-М.: «Economics»,2000.-45 б.
  10. Гончаров Д. Комплексный подход к управлению рисками.-М.: «Вершина», 2008.-48 б.
  11. Богуславский М.М. Международное частное право.-М.: «Международные отношения», 1994.-203 б.

 

Темірханова Н.Н.

Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ ХҚ-1 магистранті

12
скачать работу

Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық реттелуі және оның бір түрі тәуекелді контрактілер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ