Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық реттелуі және оның бір түрі тәуекелді контрактілер



 Другие рефераты
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АСПЕКТІЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМДІ ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әлемде экономиканың жаһандану кезеңіне өтуі әр континенттің мемлекеттерін бір-бірімен тығыз байланыстырды. Бұл процестердің көпшілігі сыртқы экономикалық мәмілелерде көрініс тапқан. Халықаралық шаруашылық қызметін реттеу әр түрлі құқықтық құралдарды қолдануды қажет ететін түрлер мен нысандарда жүзеге асырылады. Соның ішіндегі нарықтық экономика жағдайында маңыздысы өзара қатынастары жеке құқықпен, яғни азаматтық құқық және халықаралық жеке құқықпен реттелетін жеке тұлғаның қызметі болып табылады. Сондықтан да жеке құқықтық мәміле халықаралық экономикалық қызметті реттейтін негізігі құқықтық нысан. Әдетте жалпы түрде оны халықаралық коммерциялық мәміле деп атайды.

 

Әрекет етуші 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған ҚР Азаматтық Кодексінде 153-баптың 3-тармағы, 1104-баптың 2-тармағында «Сыртқы экономикалық мәміле» термині қолданылғанымен, заңнамада «Сыртқы экономикалық мәміле» терминіне түсінік берілмейді [1,56-318]. Осы мәселеге байланысты отандық авторлардың арасында келіспеушіліктер туындады. Дегенмен, «Сыртқы экономикалық мәміле» ұғымы осы күнге дейін жүйелі сипатқа ие болған жоқ.

1991 жылға дейін ҚазССР заңнамасы бойынша «Сыртқы сауда мәміле» терминін қолданып келдік. Халықаралық шаруашылық қызметі тек саудамен байланыспайды, ол сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты, валюта және қаржы-несие операцияларын, басқа да қызмет түрлерін қамтиды. Осылайша, «Сыртқы экономикалық мәміле» термині ауқымды болып келеді, ол өзіне сыртқы сауда мәмілесін де қосады.

Біздің заңнама сыртқы сауда мәмілесіне де, сырқы экономикалық мәмілеге де анықтама бермейді, дегенмен заңнама мен тәжірибе осы ұғымды пайдаланады. «Сыртқы экономикалық мәміле» ұғымы қолданбалы құқықпен тікелей байланысты болғандықтан, оның мағынасын ашудың маңызы зор. Егер мәміле «ішкі» болса, онда ол ұлттық заңымен реттеледі. Ал егер мәміле «халықаралық (сыртқы экономикалық)» болса, ол бірнеше мемлекеттің жеке құқығының қызмет ету аясында болады және сол жерде қай елдің құқық нормалары қолданылатыны мәселесі туындайды. Кейбір жағдайларда осындай мәмілелерден туындайтын қатынастарға халықаралық (жария) құқықтың қағидалары мен нормалары қолданылуы мүмкін. Осы жерде халықаралық сауда әдет-ғұрыптары немесе кеңінен қолданылатын термин – халықаралық іскерлік айналымның әдет-ғұрыптары, lex mercatoria қолданылады.[2, 32]

Ресей заң ғылымында осы мәселеге байланысты доктрина қалыптасты.  1984 жылы басылған «Международное частное право» оқулығының 11-тарауы сыртқы сауда мәмілелеріне арналған, оған келесі екі белгіні тән деп көршартсеткен:

  1. Тараптың біреуі басқа мемлекетте, яғни көп жағдайда шетелдік;
  2. Осындай мәміленің пәні – сыртқы сауда операциялары.[3,134]

Ал қазақстандық авторлар СЭМ-ні сыртқы экономикалалық келісім-шарт деп қарастырып, мынадай тұжырымдарға келді. «Сыртқы экономикалық келісім-шарт екі дефинияциядан: «сыртқы экономикалық» және «келісім-шарт» терминдерінен тұрады. Сәйкесінше, «сыртқы экономикалық» ұғымы екі құқықтық мазмұны бар сөзден тұрады: «сыртқы» және «экономикалық». Олардың ойынша, «экономикалық» деген ҚР АК 10-бабының 1-тармағы бойынша кәсіпкерлік өызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті жүзеге асырады.

«Сыртқы» деген ұғым қазақстандық кәсіпкер мен шетел мемлекетінің азаматтық құқық субъектісі арасында шарттың жасалуымен түсіндіріледі. Сыртқы экономикалық қызметтің объектісі: тауар, жұмыс, қызмет және инвестиция. Шетел азаматтық құқық субъектісінің ҚР территориясында жұмыс істеуі мен қызмет көрсетуі «сыртқы экономикалық келісім-шарт» түсінігімен қамтылуы тиіс, «шетел инвестициясы» терминіне келіп түседі. Г.А. Ахмадиева осы көзқарасты ұстанады. Ол шетелдік капитал салуды сыртқы экономикалық контрактқа жатқызады.[4,210]

Сыртқы экономикалық келісім-шарттың түсінігін ашу үшін азаматтық-құқықтық шарттың анықтамасына негізделеміз. «Келісім-шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп тараптардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі» (АК 378-бабының 1-тармағы). Келісім-шарт мәміленің бір түрі болғандықтан, сыртқы экономикалық келісім-шарттың белгілері сыртқы экономикалық мәмілелерге де тән. Сонымен, сыртқы экономикалық мәміле – нәтижесінде қозғалмайтын мүлікті иеленетін (айырылатын), тауарлар мемлекеттік шекарадан өтетін немесе шетелде қалатын, жұмыстар мен қызметтер Қазақстан
Республикасынан тыс орындалатын және көрсетілетін, ал мемлекеттік шекараны кесетін инвестициялар қозғалмайтын мүлік, тауар, жұмыс, қызметке айналатын құқықтық қатынастарды орнататын, ақылы негізде азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған, ұлттық кәсіпкер (кәсіпкерлер) мен шетел мемлекетінің азаматтық құқық субъектісі (субъектілері) арасындағы келісім [5,17]. Әрине сыртқы экономиканың түсінігі сыртқы экономикалық келісім-шарттан ауқымды.

Құқық қолдану тәжірибесі мен терминология көзқарасынан атап өтетін тағы бір маңызды мәселе бар. Тәжірибеде сыртқы экономикалық келісім-шартты әдетте контаркт деп те атайды. «Контракт» термині АК қолданылмағанымен, жеке нормативтік актілерде қолданылады. Президенттің Заң күші бар Жарлықтарын атап көрсетсек жеткілікті: 1996 жылғы 27 қаңтардағы «Жер қойнауы және оны пайдалану» (5-тарау «Барлау және өндіру үшін контракт), 1995 жылғы 28 маусымдағы «Мұнай туралы» (5-тарау «Контракт»). Онда контракт жер қойнауын пайдалану үшін және мұнайға жасалатын операциялар жөніндегі шарт ретінде анықталған. Сондықтан біз «контракт» теминін легитимді емес деп айта алмаймыз. Дегенмен, кодификацияланған актілерде «келісім-шарт» терминін қолданған жөн. Ағылшын елдерінде «келісім-шарт» (treaty, agreement) және «контракт» (contract) әр түрлі мағына береді [6]. Жария құқық субъектілері арасындағы келісім-шарт, ал контракт тек азаматтық құқықтың субъектілері арасындағы келісім. Сондай-ақ құқықтың англо – саксондық жүйесі елдерінде «контракт» емес, «халықаралық коммерциялық мәміле» (international business transaction) термині қолданылады.

Контрактілер немесе нақтырақ айтқанда, сыртқы экономикалық мәмілені  қарастырсақ, құқық саласында тәуекел көптеп кездеседі, бірақ толығымен зерттелмеген. Бұл мәселе тәжірибеде қолданылғанмен, теориялық зерртеу жағынан қарастырылмаған. Соңғы он жылда жағдай бірталай өзгерістерге бет бұрды: осы мәселеге аса назар аударыла бастап, құқықтанушы ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. Зерттеулер нәтижесінде экономика, құқық саласындағы ғалымдар мен тәжірибесі бар мамандардың бірқатар еңбектері бар. Олардың қатарына әлемдік экономикада тәуекелдің классикалық және неоклассикалық тероияларын белгілеген, негізін қалаушылар: Дж. Милль мен И.У. Сениор, XX ғасырдың 30-жылдары неоклассикалық теорияны әрі қарай дамытқан А.Маршалл мен А. Пигудиді жатқызуға болады. Сонымен қатар, Л.Н. Тэпманның «Риски в экономике» кітабы, И.Т. Балабановтың «Риск-менеджмент», Д.Гончаровтың «Комплексный подход к управлению рисками», отандық автор Г.Д. Ахмадиеваның «Правовое регулирование внешнеэкономических контарктов в Республике Казахстан» және т.б. көптеген авторлардың еңбектері бар.

Сыртқы экономикалық мәміленің бір түрі – тәуекелді контрактілерге тоқталып кеткен абзал. СЭМ-нің келесі түрлерін атап көрсетуге болады:

- форвардтық мәміле;

- фьючерстік мәміле;

- форфейтингтік мәміле;

- опцион.

Форвардтық мәміле. Форвардтық операциялар мәміленің жылдам түріне жатады. Форвардтық контракт (forward contract) – курс осы уақытпен бекітіледі де, валютамен алмасу болашақта болады.

Сипаттамасы:

  • валютамен алмасу (есеп) контракт жасасқаннан кейін 3 жұмыс күнінен кейін болады;
  • болашақ валюта курсы мәміле жасасқанда бекітіледі;
  • есептесу мерзімі контрактта көрсетіледі;
  • өтімділік мәселесі есептесу мерзімі болғанға дейін көтермелейді.

Форвардтық контракт – болашақта келісілген уақытта, белгіленген орында, белгілі бір мөлшерде валютаны жеткізу туралы екі тарап арасындағы міндетті сипаттағы келісім. Контрактінің орындалуы белгілеген уақытта келісілген тараптарға сай орындалады.

Форвардтық котрактінің жеке сипаты оның негізгі кемшіліктерін айқындайды: оның талаптарына келісу үшін уақыттың қажеттігі және оның орындалуына кепілдіктің болмауы. Форвардтық контракт валютаны реалды сату немесе сатып алу мақсатында, сонымен қатар сатушы мен сатып алушыны бағаның қолайсыз өзгеру қаупінен сақтанддыру үшін жүзеге асырылады. Сонымен бірге мәміленің бұл түрі баға айырмашылығы ойыны үшін жасалады, валюта бағасы өскенде сатушы жеңеді де, сатып алушы ұтылады[7,65].

Фьючерстік мәміле (ағылшын сөзінен «futures») – негізгі активті сатып алу-сатудағы стандартты жедел биржалық контракт. Мәмілені жасасқанда тараптар активтің тасымал бағасы мен мерзімі жөнінде келіседі және биржа алдында ол орындалғанға дейін жауапкершілікте болады.

Фьючерстік мәмілеге cұранысты алдын ала айту қиын. Шетел валютасы, ақшалай болсын, сонымен қатар жеткізу банкаралық форвардтық және фьючерстік нарықтардағы операциялардың пәні болып табылады. Фьючерстік мәміле стандартты нысанға ие және тек баға ғана өзгермелі компонент.

Әрбір мәміле екі тараптан тұрады: стаушы және сатып алушы. Фьючерстік мәміледе сатып алушы тарап ұзын (long) позицияға,

12
скачать работу


 Другие рефераты
Межбанковская расчетная система
Методы оценки управленческого персонала в организации
Анализ акцента литовца, говорящего по-русски
Анаксагор


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ