Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕСІ-БАЯНДАУЫШ



 Другие рефераты
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ — ТОЛЫҚТАУЫШ СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ-АНЫҚТАУЫШ БАСТАУЫШ БОЛАТЫН СӨЗ ТАПТАРЫ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Баяндауыш жеке я бірігіп келіп негізінде мына сөзден құралады: етістік, зат есім, сын есім, есімдік, шылау, үстеу, құрама сөздер. Негізгі сұраулары: Не қылды? Кім? Не? Қандай? Нендей? Қанша? Неше? Неткен? Не қылған? Қайда? Неде?

1.      Етістік баяндауыш

Бұлар екі түрлі: жалаң түрі (дара), күрделі түрі. Дара баяндауыш бір ғана етістіктен құралады.  Мысалы: Шайдан кейін Малбағар аттанды. Түлкінің жүгірісін қыран байқар. Аяқ баспас жерге араласпа, ағайын! – деп қатал қайырды. Еліміздің шаруашылығы мен мәдениеті өсуде, өркендеуде.

Күрделі баяндауыш бірнеше етістіктен құралады. Мысалы: Алма сақ-сақ күліп жіберді. Екі ұдай болып айтысып жатыр. Есікке жеткенде Айдар түсіп қалды. Олар біріне-бірі шаршадым, қажыдым дегенді айта қоймайтын.

Көмекші етістіктің екі түрлі мағынасы болады, кейде ол алдыңғы етістіктің мүлде шылауы болып келетін түрі бар. Мысалы: Шай үстінде колхоз жайын сұрап жатыр. Жұрт қарай қалды. Мұрат өз сұрағанын ала алмады.

Шылаулыққа жатыр, тұр, отыр, жүр деген төрт етістік , алдымен жатады. Бұлардың мағыналыға жататын да жерлері бар. Ол қалада оқып жүр. Мұндағы жүрдің өзін де баяндауыш деуге болады. Мұны контекстен ғана айыруға болады. Әдетте, көсемше етістіктің жағын, шағын көмекші етістік айырады. Нақтылы көмекші етістікті мүлде баяндауыштан айырып қарауға келмейді; көсемшеге я басқаға шылауланбаған немесе жартылай мәнін жоймаған еиістіктің өзі-ақ баяндауыш болуы керек.

Көп етістіктен құралған баяндауышқа үлгі етіп көрсетуге болады. Абай келсе, ауыл жатып қалған екен. Ол сол сәтсіздіктің себептерін ашуға бойлай беріліп кетуші еді.

Бұл күрделі баяндауыштардың екіден беске дейін көмекші етістіктері бар. Ол етістіктердің ішінде есімше де, көсемше де бар. Бұлар бара-бара қысқаруы мүмкін. Ондай тенденцияны алып барды ның апарды болуынан оңай байқауға болады.

2.      Зат есімнен болатын баяндауыштар

Зат есімнің баяндауыш болуы объект пен субъектінің қарсы боболуынан шығатынын жоғарыда айттық. Мысалы: Алтын – металл. Мұнда металдың қарама-қарсы болуынан, екуінің бірлігі шығады. Етістік баяндауыштар сияқты, зат есім баяндауыш та күрделі болып та келе береді. Күрделі есім сөздер күрделі баяндауыш болады: Сонда аранын ашқан ажалға қорықпай барған адамның бірі – Жақып Қыстаубаев. Бұл келген – Сапаров Оспан. Марияның бетке алғаны – аудандық жастар комитеті.

Ілік септікті тіркесте тұрған зат есімдер де күрделі баяндауыш болады. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. Біздің елде баспасөз – шындықтың үлкен құралы.

Ілік септіктегі зат есім сөздер мен көмекші есімдер тіркесуі арқылы күрделі баяндауыш жасалады. Соған қарай тартатын төте жол Орданың үсті. Осы – Тереңсайдың тұсы. Сөйлемде белгілі бір септік жалғауда тұрған зат есімдер де баяндауыш бола алады:

Жатыс жалғаулы сөздің баяндауыш болуы: Қасымдағы қартаң былғаушы ұйқыда. Сіздің барлық байлығыңыз біздің иығымызда.

Ал «Ақыл жастан, асыл тастан», «Босағасы алтыннан, Шаңырағы күмістен, Белдеулері жібектен, Уықтары келіскен», деген сөйлемдерде баяндауыш шығыс жалғаулы болса да, сөйлем тиянақты болып отыр. Жоғарғы екі сөйлем қатар келмесе, «шығады» — деген сөзді керек етіп тұрады. Екі сөйлем қатар бір жерде келіп тұрғандықтан, белгілі тиянақты ойды көрсетіп тұр. Соңғыда «жасалған», «істелген» сөзі түсірілген.

3.      Сын есімнен болатын баяндауыштар

1)            Сын есімдер сын күйінде баяндауыш болады. Мысалы: Төңірек көкпеңбек. Тақтайдай жауырыны, иығы тік. Советтік Қазақстанның табыстары орасан зор. Солардың нысайы жаман. Ахмет те жас па? Қыстың күні қысқа. Күмістен алтын ауыр. Алтай Тарбағатайдан байырақ. Бұлар субъектінің сапасын көрсететін баяндауыштар. Туынды сын есімнен жасалған баяндауыштарды да осы топқа жатқызуға болады. Мұхаметқали тартатын домбыра, — Арқаның екі шекті, сегіз пернелісі.

2)            Сын есімдер затқа айналып, яғни, заттың рнында тұрып та баяндауыш бола алады. Мұндайда сын есімге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: Келешектің тұтқасы – жастар. Бұлар субъектінің дерегін көрсетеді. Сын есім күрделі түрде де баяндауыш бола алады. Бұл да субъектіні түрлі жағынан көрсетеді. Бұлардың осылай көрінуінде заңдылық бар. Нәрсенің сипаты жан-жақтан жарқаштанып көрінеді. Мысалы: Оның өзі қоян жүрек – деген образды сөйлем, сондықтан ол не артынан, не алдынан сөз керек қылып тұр. «…Қоян жүрек адам» дегенде ол айқындалады. Сын есімдер конкретті болу үшін, соңынан зат есім керек етіп тұрады.

Екі зат есімді қатар қоюға байланысты жаңа сапа шығады. Бірақ, алдыңғы тұрған зат есім үнемі тек сынына айналады деуге болмайды. Мысалы: темір күрек, қоян көз, болат қанжар.

Сын есім негізінде атаулы түрде де, тәуелді, көптік жалғаулы түрде де баяндауыш болады. Септік жалғаулы болса, мүлде субстантивке айналып кетеді. Мысалы: 1) олар жақсы, олар жақсылар, олардың жақсысы т.б. 2) абырой жақсыда. 3) Ақыл – жастан.

4.           Сан есімдердің баяндауыш болуы

Субъектінің есебін, мөлшерін, шамасын, санын көрсету деген сөз – сан есім баяндауыш болады деген сөз.  Оны көрсете алмаса, баяндауыш бола алмайды. Бұлар баяндауыш болса, сын есім сияқты сөйлемнің соңында келеді. «Оның жасы жиырмада» дегенді егер «оның жасы жиырма» десек, «жиырма» баяндауыш болмайды. Бұл санның заттылығын көрсетудің бір жолы. «Екі екі – төрт» мұндағы сан тең, алдыңғылардың жинақты көрінісі соңғы.

«Жиырмада» дегенде, баяндауыш атау түрінде тұрмауының себебі, сан есімнің тиянақсыз нәрсе болуына да байланысты. Жалғау жалғану арқылы ол зат сияқты тиянақты болып тұр. «Төрт» деген баяндауыштың әуелгі атау түрінде тұру себебі – басқа мүшелер тек сан есімнен болуына байланысты.

Сан есімдер күрделі баяндауыш та жасайды: Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.

Сан есім сөздер баяндауыш болғанда атау тұлғада тұрумен бірге, септік, жіктік жалғауында да тұра береді: Берерменге бесеусің. Мен елу екідемін, — деді Жақып.

Сан есім де әуелде зат есім болған. Бірақ, бұл абстракт болып көрінеді. Оны түрлі халықтың тілімен салыстыру табу керек, айқындау керек.

5.      Есімдердің баяндауыш болуы

Зат, сын, сан есімдердің мағынасын абстракт түрде алса ғана, есімдік баяндауыш болады. Есімдік өзі субъект болса да, қарсылық заңы бойынша субъектінің болмысын көрсетеді.  Есімдіктер мынадай жағдайда баяндауыш болып келеді:

а) Бастауыш атау тұлғалы есімдіктен болғанда, есімдік баяндауыш жіктік жалғауымен де, жіктік жалғауынсыз да келе береді: Сен – менсің, мен – сенмін. Осынша киімді тегін әперетін сен кімісің оның? Кім, әй, бұл? – деген дыбыс бердім мен.

ә) Бастауыш есім не басқа сөз болса, есімдік атау күйінде тұру керек. Игіліктің түйіліп келген жері де осы. Ақыл айтыпты: дүниеге пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен. Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі.

Бастауыш болған есімдіктер ой екпінін өзіне тартқыш келеді. Кейбір болымды, болымсыз есімдіктер (әрбір, барлық, ешбір т.б) баяндауыш бола алмайды.

6.              Үстеу сөздердің бастауыш болуы

Қазақ тілінде мезгіл, мекен, сын-қимыл баяндауыш болады. Оспанның келгені түнде, тағы қайда жұмсамақшысыңдар? Сәлімнің үйі төменде, Омардың үйі жоғарыда. Тамылжыған бөлме тым-тырыс.

Мезгіл, мекен үстеуі үстеулік қалпын сақтайды, ал, сын-қимыл үстеуі сынға айналып кетеді. Бұлар баяндауыш болу үшін, етістіксіз-ақ, сөздері тиянақты болуы шарт. Мезгіл, сын-қимыл үстеулер баяндауыш болғанда, бастауыш қызметіндегі сөз көбіне тәуелдік формада тұрады.

а) Мағауияның жақсы оқығаны биыл Баязиттің мылтық атып үйренуі жаңада. Сенің келуің кеш. Біздің кетуіміз әлдеқашан; ә) Оның ісі қолма-қол.

Мезгіл үстеу де объект-субъектінің қарым-қатынасынан шыққан нәрсе. Мысалы: Баланың қайтуы қашан? Логика жолымен қарағанда, предикат болатын сөз тәуелді жалғау жалғанатын болғаннан кейін, субъектіге айналып кеткендігі «қайтуы» деген сөзден көрініп тұр.

Үстеулердің ішінде кейбіреуі басқа сөзді тіркестіріп қарап та баяндауыш болады. Менің оқып жүргенім былтырдан бері.

7.      Етістік пен есім сөздерден болған құрама баяндауыштар

Таза етістіктен болған күрделі баяндауыштан басқа етістік пен есім сөздер араласқан баяндауыштарды құрама баяндауыш дейміз. Бұл баяндауыштарды сөздердің құрылысына, мағынасына қарай екіге: 1) бернелі идиомалық құрама сөздер; 2) бернесіз құрама сөздер.

Бұл екеуінің ұқсас жері бар, екуінің бірінші ұқсастығы – ақырында етістік келіп, ориасында, басында есім сөздер келіп отыруында. Екінші, бұлардың бірінен-бірі ажырамауында; сонымен қатар:

1)            Идиомдық құрама сөздердің кейбіреуінде субъект пен предикат я объект пен предикат ажырамастық халге келіп, байланыс жасайды. Кейбіреуі жеке алуға келмей,

12
скачать работу


 Другие рефераты
Социальная культура
Үстірт (Маңқыстау)
Воспитание младшего школьника на основании мифов о Геракле
Сон, гипноз


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ