Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Спандияр Көбеев



 Другие рефераты
Украина мемлекеті Сырбай Мауленов Сөз тiркестерi Сапарғали Бегалин

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады. Жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ беріп жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды. Бұл саладағы қызметін Спандияр ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік үлгісімен жүргізді. Би-болыстардың қырына ілінген қыңыр әкенің кесірінен мектепке іліге алмай қалған кедей баласын алғаш орналастырған да Торғайдың оқу инспекторы еді. Ұлы ұстазы алдында жаутаңдап, оның мейірімділігі мен кең пейіліне риза болған Спандияр ішінен соған ұқсауды армандаған-ды. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман-тілегі еді.

  Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

  Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.

  Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.

  1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

  Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен
марапатталған.

  Өз дәуірінің прогресшіл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады.

скачать работу


 Другие рефераты
Анализ обеспечивающих подсистем системы управления
К.Д. Ушинский о народном учителе и его подготовке
Введение в базы данных и СУБД
Учебные материалы курса Социальная психология


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ