Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры

лынған жердің жалпы мөлшері жөнінде әр түрлі мәліметтердің өзара едәуір айырмашылығы бар. Мәселен, 1917 жылы қоныс аудару органдарының құзыретті шенеулігі В.А.Тресвятский жариялаған деректер бойынша, 1916 жылға қарай Дала өлкесінде зерттелген 106 миллион десятина жердің 30 миллион десятинасы, яғни үштен біріне жуығы басы артық жер дейтінге жатқызылған және қазақтардан күштеп тартып алуға арналған. Алайда «Оралдың арғы жағына қоныс аудару және жерге орналастыру бойынша шолулар» деректеріне сүйеніп Ә.Б. Тұрсынбаев жасаған есептеулерде 1906-1915 жылдар кезеңі ішінде Ақмола, Семей және Торғай-Орал қоныс аудару аудандарында нақты алынған қазақ жерлері 15,8 миллион десятина болған. Оның үстіне Жетісу қоныстандыру округінде – 3,3 миллион десятина, Сырдария округінде – 2,5 миллион десятина жер тартып алынған. Қорытынды цифр 21 206 118 десятина болды. Б.С.Сүлейменов нақ осы деректерді келтірген. Жергілікті халықтан тартып алынған жер 9 111 учаскеден тұрды. Бірақ іс жүзінде қоныс аударушылар бөлінген барлық учаскелерге орналастырылған жоқ. Көптеген қоныс аудару учаскелеріне болашақтағы 10-15-20 жылда орналастыру жоспарланды. Мәселен, Зайсан уезінде шаруалар өздеріне бөлінген учаскелерге соқпай өтіп, «Қытайдағы суармалы егістікке қарай ұмтылды». Ал мұндай жағдайлар көп еді. Қоныс аударушылар орналасқан жердің нақты көлемін, әсіресе өз бетімен қоныс аударушылар санының көп болу себепті анықтау мүмкін емес. Бірақ, қоныс аудару қорына бөліп берілген жермен қоса қазақтардың жер пайдалануынан қазақ әскерлеріне арналған орман, саяжайларына және басқа да қазыналық қажеттерге, қалалар мен темір жолдардың орналасуына арнап тартып алынған жерлерді қоса есептегенде қонастандыру қорына тартып алынған жердің жалпы көлемі 45 миллион десятинадан астам болып шығады. Дала өлкесінің уездері мен облыстары бойынша тартып алынған жердің көлемі тең бөлінбеді. Мәселен, Омбы уезінде бұл барлық жердің 52%-ы, Ақмола уезінде - 73%-ы, Қостанай уезінде - 54%-ы болды және т.б. Жердің неғұрлым көп ауқымы тартып алуға жатса, егіншілік жөнінен бұл жерлердің соғұрлым қолайлы болғанын аңғару қиын емес. «Басы артық жердің ең көп мөлшері солтүстік, топырағы қара топырақты және қою-сұрғылт топырақты, мейлінше құнарлы өңірде орналасқан уездерде болып табылады» деп жазып, кезінде Қоныс аудару басқармасы шенеуніктерінің өздері де атап өткен.

Алайда осындай жер алқабының өзі де барлық қоныс аударуға тілек білдірушілерді орналастыра алмады. Бұған бүкіл қоныс аудару қозғалысындағы жер учаскелерін бөлуге байланысты ілесе жүретін түсініспестік себепші болды. 1906 жылдан 1915 жылға дейін дала өлкесінің қоныс аудару аудандарына 580 587 адам келді ( еркек адамдар ғана есепке алынған). Олардың 47 пайызы – Ақмола қоныс аудару ауданына, 38-%-ы Торғай-Орал, 15%-ы Семей қоныс аудару ауданына жіберілді. Егер қоныс аударушылар санының серпінділігін жылдар бойынша қарастыратын болсақ, 1906 жылғы жарлық шыққаннан кейінгі алғашқы жылы қоныс аударушылар толқыны көбейе түсті. 1906 жылы Дала өлкесіне ерлерден 25 100 жан, ал 1907 жылы 80 360 жан қоныстанды. Қоныс аудару деңгейі аздаған ауытқуларымен 1908 жылмен 1909 жылы осы деңгейде тұрды, содан соң толқын тәрізді төмендейді және көтеріледі, ал 1914 жылға қарай 53 360 жанға дейін төмендеген. Реформаны жүргізудің алғашқы жылдарында Ресейдің еуропалық бөлігі шаруаларының бірқатары өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуға деген үміттерін Қазақстанға көшумен байланыстырғаны көрінеді. Қоныс аударушылар санының қысқаруы реформаның сәтсіз қорытындысын көрсетеді. Қоныс аударушылардың едәуір кері қайтуы да нақ осыны білдіреді. Мәселен, 1906-1915 жылдарда жыл сайын қоныс аударушылардың 20%-ынан 34%-ына дейін кері қайтып кеткен.

П.А. Столыпин реформасының қауымдарды күйретіп, хуторлық шаруашылықтар құру туралы идеялардың бірі де сәтсіздікке ұшырады. Елде фермерлік шаруашылықты дамыту туралы ой дұрыс айтылған болатын. Бірақ Қазақстан жағдайларында, игерілмеген жерлерде шаруалар арасында, керісінше, тірі қалу кепілі ретінде қауымдардың рөлі арта түсті.

Қазақ халқының жаппай жерсіз қалуы, қайыршылануы және соның салдары ретінде әлеуметтік шиеленістің өсуі реформаның күйінішті қорытындысы болды. Қарсылықтың стихиялық көріністері қожайындарды, өкімет өкілдерін соққыға жығудан, салықтар төлеуден бас тартудан, малды айдап әкетуден, егістіктерді таптаудан және басқаларынан көрінді. Ежелгі жерінен айырылған байырғы тұрғындар өз құқықтарын заңды әдістермен-өтініштер беру арқылы қорғауға тырысты, оларды көп мөлшерде мұрағат қорларында кездестіруге болады. 1913 жылдың қаңтарында Есімболат Досбаев пен Ғали Оспанов өз аулының атынан Торғай-Орал ауданы қоныс аудару ісінің меңгерушісіне «Шыңғырлау болысының №4 ауылы қырғыздарының ең жақсы шұрайлы жерлері қоныс аудару қорына тартып, алынды, ал бізге жарамсыз жерлер ғана қалдырылды» деп шағым жасап, учаскелер кесіп беруді сұрады. Іс жүзінде қалған өтініштер сияқты, бұл өтінішке де бас тартылған жауап қайтарылды.

Сонымен бірге қоныс аударушылардың едәуір көпшілігі де өздерінің жерге орналастырылуына риза болмады. Торғай облысы Ақтөбе уезінің Полтава болысы Қарашай поселкісінің шаруалары қоныс аудару бөлімінің меңгерушісіне белгіленген жерге орналасқаннан кейін өздеріне бөлінген учаскелер «бізге бөлінген жерде астық өсіру үшін қолайлы жер мөлшері мүлдем аз болып шықты» және әр адамға жазылған 12 десятинаның егістікке 4 десятинаға жетер-жетпесі ғана жарамды деп жазды. Қорыта келгенде, жер пайдалану үшін қоныс аударушылар мен қазақтар арасында да, жергілікті халық арасында да даулар мен қақтығыстар пайда болды. Мәселен, Белоярск және Каменск поселкелерінің шаруалары Қостанай уезінің Кеңара болысы қазақтарының жерлеріне өз бетімен қоныстанып алып, бастапқыда олардан жерді жалға алды, ал сонан соң 1905-1907 жылдар кезеңінде Ресейде шаруалардың жерді басып алуы жөнінде естіп, жергілікті тұрғындардан өздері ұнатқан учакелерді күштеп басып алуға тырысты. Олар Лучанск поселкесі казактарының жерлеріне де осындай ниетте болды. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру үшін олар Ресейден әлі де бір «өте батыл адамдардың» келуін күтті.

Жерін тартып алып қысым көрсету және дәстүрлі көшу жолдарына айыру көшпелі халық арасында да толып жатқан жанжалдар туғызды. Олар көбінесе қайғылы аяталып отырды, мысалы 1907 жылы Торғай облысының Ырғыз уезінде солай болды, онда күзеу ретінде пайдаланылатын Қаракөл алқабы үшін даудың салдарынан екі адам қаза тапты.

Ал қоныс аудару аудандары шенеуніктерінің қиянат жасауында шек болмады. Жетісу облысының Жаркент уезі Аралтөбе селосының шаруалары шаруашылық жүргізуге арналған ақшалай қарыздың төленуін екі жыл күтті, әбден қайыршыланған олар Жаркент ауданының қоныс аударушыларды жерге орналастыру бөлімінің меңгерушісі Тепловқа барады. Олар оны күтіпқабылдауына кіріп «екі әйел мен бір шаруа оның алдында құдай ананың алдындағы сияқты тізерлеп тұрып, жәрдемақы беруді сұрағанда, оған жас балалары аш-жалаңаш деревняда қалғанын айтып жалынғанда бастық мырза шаруаларды балағаттап қуып шыққан».

Қоныстандыру саясатының проблемаларын жұртшылықтың кең талқылағанын айтып өткен жөн, бұл әр түрлітүсініктегі толып жатқан жарияланымдардан көрінді.Үкіметтің аграрлық саясатының құрамдас бөлігі ретіндк бұл мәселе Мемлекеттік Думада өте қызу айтыс туғызды. Аграрлық мәселені шешу Ресей империясының шет аймақтарын мекендеген халықтардың саяси құқықтарын қарастырумен ұштасты. Бұған Үкіметтің Ресейдегі шаруалардың жерге деген мұқтаждығын кедейлерді шығысқа жаппай қоныс аудару жолымен қанағаттандыруға тырысуы себеп болды. Жергілікті тұрғындардың мүдделері мүлде ескерілмеді. І мемлекеттік Думаның отырыстарында (1906) Орынбор губерниясына сайланған депутат Т.И.Седельников қазақ халқының да, орыс қоныс аударушыларының да мүдделерін қорғау туралы мәлімдеді, ол «жүз мыңдаған қазақтар сөздің тура мағынасында жерсіз болып табылады. Ал егер жері аз қазақтарды алсақ, олар миллионнан кем болмайды» деп мәлімдеп жұртшылықтың назарын жер пайдалану мәселелеріне аударды. Оңшыл депуттаттардың бір бөлігі, мысалы, кінәсіз Голицын сияқтылар бұрынғысынша «қоныс аудару ісін мүмкін болған барлық әдістермен күшейтуді» талап етті. Т.И.Седельников бұл жағдайға ашық қарсы шығып, қоныс аудару көшіп бармақшы болып шешкен шаруалардың ең кедей бөлігін де, жері сол қоныс аударушылар үшін зорлықпен тартып алынған жергілікті тұрғындарды да күйзелтеді деп ашығын айтты. Сондықтан ІІ Мемлкеттік Думада да (1907) аграрлық мәселе талқылаудың өзегі болды. Оңшыл депутаттардың бір бөлігі 1906 жылғы 9 қарашадағы столыпиндік заңды қорғап шықты. Алайда Қазақстаннан сайланған депутаттар бұл көзқарастарға өз қарсылықтарын білдірді. Орал облысының сайланған депутат И.И.Космодаминский Столыпинді «бүкіл заң шығарушы жиналыстың, бүкіл елдің және бүкіл орыс халқының жауы» деп жариялады, өйткені «үкімет өз саясатының зардаптарымен титтей де санаспай... қырғыз жерлеріне қоныстануды және оған шаруаларды кеңіненқоныс аударуды ұсынып отыр». Аграрлық комиссияның мүшесі Б.Қаратаев қоныс аудару әдістерін сынап сөз сөйледі, ол бұл үрдісті «күштінің әлсізге зорлығы» деп атайды. ІІІ мемлекеттік Думада (1908) қазақ халқы тіпті Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан да айырылды. Дегенмен, қазақтардың жерге құқықтарының бұзылуы туралы өткен думалық айтыстардың қызу өткені соншалық, Думаның бюджет және қоныс аудару комиссиясы үкіметке қазақтардың жерге орналастырылуы туралы заң жобасын өте тез арда әзірлеп, қабылдау жөнінде ұсыныс енгізді. Мұндай заңды қолданысқа енгізгенге дейін (ол жарыққа шықпаған күйінде қалды) ІІІ Думаның мұсылман фракциясы Закавказьеден сайланған депутат Хас-Мамедов арқылы Қазақстанға орыс шаруаларын қоныс аудару «Қазақ халқының өз пайдалануындағы жерге ғасырлар бойындағы құқықтары әділетті және ізгілікті шешілуі үшін» барлық байырғы тұрғындар жайғастырылғанша тоқтатылуға тиіс деп мәлімдеді. Басқа

123
скачать работу

Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ