Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы

сыруымыз керек. Бәрінен бұрын біз денсаулық сақтау саласындағы қызметтің осы заманғы қағидаттары мен стандарттарына жедел көшуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ана мен баланы қорғау, медициналық білім мен ғылым мәселелеріне қатысты.

 

 Бесінші ұзақ мерзімді басымдықты: Энергетикалық ресурстарды дамытуды іске асыру

Өткен жылдары мұнай-газ өнеркәсібі экономиканың басқа салаларын соңынан ілестірген локомотив болды. Сондықтан энергетикалық ресурстарды дамытуды біз Стратегияның ұзақ мерзімді басымдығына дараладық. Бұл ретте біз түрлі “голланд ауруларына” ұрынбай, мұнай табыстарын ұтымды жұмсай алдық.

Еліміздің аумағында Қазақстанда мұнай елдерінің алғашқы ондығына шығаратын мұнай мен газ кен орындары бар.

2010 жылға қарай Қазақстанда болжанған мұнай өндіру 80 миллион тоннаны құрайды, 2015 жылы 25 млн. тоннадан аспайтын ішкі тұтыну жағдайында 130 миллион тоннаға жетеді. 2010 жылы шикі газды өндіру 40 миллиард текше метрге дейін, 2015 жылы 80 миллиард текше метрге дейін өседі деп күтілуде.

Біздің энергетикалық әлеуетімізді одан әрі дамыту бірқатар маңызды міндеттерді шешуді көздейді. Бәрінен бұрын мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты терең өңдеу салаларын озық дамытуды, қосымша құн үлесі жоғары өнімдерді халықаралық рынокқа жедел шығаруды қамтамасыз ету керек.

Біздің назарымыз сондай-ақ энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға жеткізудің тұрлаулы арналарын әртараптандыруға және қам¬тамасыз етуге шоғырландырылуы тиіс.

Қазақстан жаһандық энергетикалық тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігін толық мәнінде түсінеді. 2017 жылға қарай біз көмірсутегін аса ірі экспорттаушылардың онды¬ғына кіреміз. Және бұл ұстаным ХХІ ғасырдағы әлемдік шаруашы¬лық байланысының серпінді өзгеріс үстіндегі жүйесінде Қазақстанның экономикалық рөлін көп ретте анықтап береді. Біз бұл мәселеде ЕО-мен тығыз ынтымақтастыққа үміт артамыз. Энергия ресурстарын өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін жарастыру мақсатында мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында энергия жеткізілімдері тұрақтылығының Еуразиялық пактін қабылдауды ұсындым.

 

 Алтыншы ұзақ мерзімді басымдықты: Инфрақұрылымды дамытуды іске асыру

Соған орай бұл салада көп іс атқарылды. Бірер цифрды ғана келтірейін. 1997-2006 жылдары республикалық бюджет қаражатынан 280 миллиард теңгеден астам қаржы игерілді, осының есебінен 4 мың шақырым шамасында автожолдар салынып, қайта жөнделді, 13 мың шақырымнан астам автожол күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабылданды. Оның аясында қаржыландырудың түрлі көздері есебінен 30 миллиард АҚШ доллары шамасындағы сомаға 80-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

 

Біздің ұлан-байтақ аумағымыз үшін көліктің, оның үстіне транзиттік көліктің зор маңызы бар. Экономикамызды нақты дамыту Қазақстан қандай көлік жүйеле¬ріне ие болатынына келіп тіреледі. 1600 шақырым шамасында жаңа және 2700 шақырым темір жол электрлендіріледі, 50 мың шақырым шамасында автожол салынып, қайта жөнделеді, әуежай инфрақұрылымын қайта жөндеу және жаңғырту, ұлттық теңіз-сауда фло¬тын дамыту, теңіз порттары мен ішкі кеме жүру жолдарының инфрақұрылымын өркендету жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.

Бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансконтиненталдық маршруттарды дамыту үшін серпін береді.

Стратегияға сәйкес елде телекоммуникация саласын дамыту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін 50 адамнан астам тұрғыны бар барлық ауылдық елді мекендерге телефон жүргізіледі. Қалған 50 адамнан аз халқы бар және жалпы тұрғындары 14 мың адам болатын 200-ге жуық елді мекен келесі жылы байланыс қызметіне қол жеткізе алады. Жылдың аяғына дейін бұрынғы жылдары телефон орнатуға өтініш берген қалған адамдардың сұранысы қанағаттандырылады.

 

 Жетінші басымдықты: Кәсіби үкіметті қалыптастыруды іске асыру

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру біздің ұзақ мерзімді басымдықтарымыздың бірі болып қалып отыр.

Бұл стратегиялық міндетті іске асыру мақсатында өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғынан бастап Қазақстан терең әкімшілік реформаларды жүргізуге кірісті.

Осынау жылдары Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік құрылып, “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Әкімшілік ресімдер туралы” заңдар, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі қабылданды.

Мемлекеттік қызметке қабылдаудың конкурстық жүйесі енгізілді. Мемлекетке тән емес функциялардың бір бөлігі бәсекелестік ортаға берілді. Жуырдағы конституциялық өзгерістерге сәйкес жергілікті орындардағы билік күшейтілді, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктеріне ие болды.

Халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалау саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өзінің заңнамасы мен ресімдерін халықаралық стандарттарға жақындатты.

Бірақ та бұл салада әлі көп іс атқаруымыз керек. Сондықтан да Үкімет менің тапсырмам бойынша әкімшілік реформаларды жалғастыру жөнінде белсене жұмыс істеуде.

 

 Астана – өсу үстіндегі елдің нышаны

Қауырт өсу үстіндегі ел қуатының, оның жоғары даму әлеуетінің басты бір нышаны жаңа елорда – Астана болды. 1997 жылғы қазанда біз “Қазақстан-2030” Стратегиясын жария еттік, сол айда мемлекеттік органдарды Астанаға көшіруді бастадық. Сол жылдың желтоқсанында шешуші мемлекеттік органдар Астанада жұмыс істеп жатты. Осылайша, Астананы көшіру іс жүзінде біздің Стратегияны іске асырудың бастауына жол салды. Қазақстан елордасы – посткеңестік кеңістіктегі жедел өсіп келе жатқан қала.

Астананың халқы соңғы сегіз жылда 3 есе көбейді. Елорда халқы 2005 жылға қарай 400 мыңнан аса қоймайды деп болжанса, бүгінде ол 700 мыңды құрап отыр.

Соңғы жылдарғы құрылыс көлемі мен мерзімдері бұрын-соңды болған емес: білім және денсаулық сақтау нысандары тұрғызылып, тұрғын үйлер, жаңа өнеркәсіптік нысандар, индустриялық парк салынуда. Елорда көшкен сәттен бастап Астананың аумағы 2,5 есе ұлғайды. Негізгі капиталға бір жарым триллион теңгеге жуық инвестиция салынып, 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қалада 650 құрылыс алаңы жұмыс істейді. Және олар бір сәтке де толас таппайды. Таяудағы бірнеше жылда 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй және офистік тұрақ жайлар іске қосылады.

Құрылыс индустриясын және соған ілеспе өндірістерді дамытумен қатар Астана жаңа экономикалық кластерлердің дамуына мүмкіндік беріп отыр. Елордада қонақүй бизнесінің, қызмет саласының және, әрине, туризмнің зор әлеуеті бар.

 

Біз Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді Стратегиясын ойдағыдай іске асырудамыз. Міндеттердің бір бөлігі қазірдің өзінде шешілді, бірқатар міндеттерді алдағы жылдары шешетін боламыз. Біз жолдың үштен бірін ғана өттік. Сондықтан да көп нәрсені әлі жасауға тура келеді.

“Қазақстан-2030” Стратегиясының шешуші мақсаты бұрынғысынша болып қала береді – біздің мемлекет 2030 жылға қарай әлемнің барынша дамыған елдерінің қатарына кіруі тиіс. Осылайша біз халқымыздың осынау ұлы мақсатына қарай дәйектілікпен ілгерілейтін боламыз.

 

Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдап, 2006 жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр.

Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2009 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ-лерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2009 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2010 жылы бұл көрсеткіштің 4150 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастаушыға айналды.

Осы жылдар ішінде жаңа бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің кірістері 2,6 есе ұлғайды. Елдің одан әрі экономикалық өсуін көтермелеу мақсатында салық жүктемесін азайту бойынша түбегейлі шаралар қабылданды.

Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Нәтижесінде жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетел инвестицияларының көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастаушыға айналды. Тұтастай алғанда тәуелсіздік жылдарында 40 млрд. АҚШ долларына жуық шетел инвестициялары тартылды. Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 15,4 млрд. долларды құрайды. Халықаралық “Муудис” рейтинг агенттігі тарапынан кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі республикалар ішінде Қазақстанға  инвестициялық сыныптағы елдік рейтинг берілді.

 

Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққа

Пред.67
скачать работу

Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ