Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы

ға бай. Кейде, бір қарағанда орындалуы мүмкін емес тәрізді стратегиялардың нәтижелі жүзеге асқандары бар, керісінше, керемет стратегиялар ұйымдаспағандықтан, іс-әрекеттердің байланыссыз жүргізілгендігінен, басшылардың жігерсіздігінен іске аспай қалғандығын айтуға болады. Дегенмен, ғылыми және практикалық тәжірибелерді зерттеп тұжырымдау бірнеше эталондық стратегияны бөліп шығаруға мүмкіндік береді:

а) құнарлы өсу стратегиясы - өндірілетін өнім түрлерін, салалық ерекшеліктерді өзгеріссіз қалдыра отырып, жалпы көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізу;

б) диверсификациялық өсу стратегиясы – қызмет жүргізу шеңберін өзгерту, өндірісті жаңа өнім түрлерін шығаруға бағдарлау;

в) интеграциялық өсу стратегиясы – жаңа құрылымдарды қосу және осы қызмет шеңберіндегі күшті ұйымдармен интеграция жүргізу арқылы өсу;

г) шығындарды қысқарту стратегиясы.

Жоспарланған стратегия аралас болуы да мүмкін, яғни нақты жағдайға байланысты жоғарыда аталған стратегиялардың элементтерінен құрылуы мүмкін;

Жоспардың соңғы бөлімінде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру кезеңдері мен аралық мақсаттар көрсетіледі. Аралық мақсаттар қысқа мерзімдік стратегияларға тән болғандықтан, ақырғы мақсаттармен бірдей бола бермейді. Стратегиялардың орындалуын кезеңдерге бөлу ішкі және сыртқы бақылау үшін қажет. Стратегияны жүзеге асыру кезінде оқтын-оқтын оның орындалуын бақылап, бағалап отыру керек.

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінде «Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесін басшылыққа ала отырып, бізге белгілі бір кезең ішінде Қазақстан экономикасының дамуына үкімет тарапынан тұрақты талдау мен бақылау жасау мақсатында индикативті сипаттағы қысқа-орта-ұзақ мерзімді жоспар-болжамдар практикасын енгізу қажет» - десе, «Қазақстан 2030: гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуінде «Біздерге кешіктірмей мемлекетіміздің ұзақ болашағына арналған даму стратегиясын жасауды бастауымыз және бес, оң жылдық даму жоспарларын әзірлеуіміз керек» - деген болатын.

Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдер жүйесіндегі жоспарлау рөлінің өсу қажеттілігін және еліміз экономикасын дамытуда, шектеулі ресурстармен мүмкіндіктерді тиімді, ұтымды пайдалану үрдісіндегі стратегиялық жоспарлар қажеттілігін Қазақ ғалымдары Н.К. Мамыров, Ж. Ихданов төмендегіше анықтайды.

«Біріншіден, кез-келген басқару иерархиясында ұтымды шаруашылық жүргізу, егер макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді баланстылық болмаса мүмкін емес. Ал ондай жағдайға, егер экономика жалпы мемлекеттік деңгейде іске асырылатын, болашақтық және айналымдағы шешімдерге сай дамитын тұтас, кешенді обьект ретінде қарастырылатын болғанда ғана қол жеткізуге болады.

Екіншіден, жекеменшіктің басымдылық және нарық қатынастары аумағының кеңеюі жағдайында кәсіпкерлердің шаруашылықтық мүдделерін және мемлекетің макродеңгейлік, ішкі-сыртқы экономикалық мүдделерін бір ортақ арнада дамыту (оған бағыттау) мәселесі тұрады. Бұл мәселені біртіндеп, ұтымды шешу жолы – алдағы кезеңдегі макро-микроэкономикалық үрдістердің (процестердің) негізгі даму бағыттарын және ғылыми тұжырымдалған суреттемесін, кескінін алдын-ала анықтау.

Үшіншіден, территориялық еңбек бөлінісі үрдісінің үздіксіздігі, сонымен бірге табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу сұрақтары жалпы мемлекеттік деңгейдегі, әр уақытта болашақтық сипаты бар, өндіргіш күштерді ықшамды орналастыру және дамыту сұрақтарын көтереді. Өндіргіш күштер орналастырудағы жіберілген бүгінгі қателік ертеңгі күнде мемлекет экономикасының тиімділігіне үлкен кері ықпал жасауы мүмкін.»

Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынады.

 

 

 

 

«Қазақстан 2030» стратегиялық жоспары

 

«Қазақстан - 2030» стратегиясы  - бұл 1998 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев баяндаған ұлттық стратегиялық даму жоспары. Барлық қазақстандықтардың гүлденуіне, қауіпсіздігіне және тіршілік деңгейін жоғарлатуға бағытталған «Қазақстан - 2030» стратегиясы жеті жекелеген даму cекторларына ерекше назар аударады: ұлттық қауіпсіздік, елдің ішіндегі саяси тұрақтылық, нарық механизміне негізделген орнықты экономикалық өсу, денсаулық және білім беру, энергоресурстар, көлік-коммуникациялық  инфрақұрылым, сонымен қатар кәсіби мемлекеттің дамуы.

Осынау он жылда Стратегияның негізінде біз өз дамуымызда сапалы секіріс жасай алдық. Көптеген елдер бірнеше онжылдық арнаған жұмыс көлемін атқардық. Бүгінде біз толық негізде “Қазақстан-2030” Стратегиясы өзінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігін толық қуаттай алды деп мәлімдей аламыз. Ол біздің дамуымыздың – аман қалу моделінен озық даму моделіне дейтін парадигмасын біржолата өзгертті. Бұл тұрғыда біз әзірлеген және бүкіл соңғы 10 жылда іс жүзіне асырып жатқан жеті ұзақ мерзімді басымдық өзекті болып табылады.

 

 Бірінші ұзақ мерзімді басымдықты: Ұлттық қауіпсіздікті іске асыру

Біз ел Қарулы Күштерінің реформасын жүзеге асырдық, осы заманғы армияны жасақтадық, оны қайта жарақтандыруды жүргізудеміз. Елдің Қарулы Күштерін қаржыландыруды елеулі түрде арттырдық. Біз құқық қорғау органдарын, арнаулы қызметтерді қоса алғанда іс жүзінде мемлекет қауіпсіздігінің инфрақұрылымын қайта құрдық. “Қазақстан-2030” Стратегиясының бір бөлігі ретінде қауіпсіздікке төнетін қатерлерді алдын ала бейтараптандыруға бағдарланған Ұлттық мемлекет қауіпсіздігінің стратегиясы әзірленіп,бекітілді.

Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп шықты. Өңірлік бірлестіктер – АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ның қызметі өңірдегі тұрақтылық пен өзара ықпалдастық үшін берік негіз қалады.

 

Екінші басымдықты: Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын іске асыру

Тәуелсіздік жылдары біз ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз моделімізді іске асырдық, ол “Қазақстан жолы” деп аталады. Қазақстандық демократияның негізгі институттарының бірі және этносаралық келісімге қол жеткізудің тиімді құралы Қазақстан халқының Ассамблеясы болды, ол консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға дейінгі эволюциядан өтті.

Біздің болашаққа арналған стратегиямыз – қоғамды одан әрі топтастыру және бәсекеге қабілетті біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыру.

Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың маңызды халықаралық орталықтары бірінің міндетін атқарады. Біз әлемдік және дәстүрлі діндер съездерін өткізудеміз. Сон¬дықтан Қазақстанның бұл миссиясы басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан кең қолдау тауып отыр.

 

 Үшінші басымдықты: Ашық нарықтық экономика қағидаттарына негізделген тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз етуді іске асыру.

Біздің басты стратегиялық басымдықтарымыздың қатарында Қазақстанда тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз ету әрдайым болған және болып отыр. Барлық өткен жылдарда біз экономикалық өсудің айтарлықтай жоғары қарқынын ұстанып, бұл көрсеткіш бойынша Қытай, Үндістан, АСЕАН елдері секілді жұрттармен қатар келеміз.

Біздің экономикалық өсудің негізінде жеке бастамалар мен кәсіпкерлікке жол ашу, белсенді сыртқы сауда, инвестициялар тарту жатыр.

Өткен онжылдықта ел ІЖӨ-сі 22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін, бес есе дерлік ұлғайды. Жан басына келетін ІЖӨ осы кезеңде 3,7 есеге өсті және үсті¬міздегі жылы Орталық және Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің көрсеткіштерімен теңесіп, 7 мың АҚШ долларына жақындайды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі ұлғая түсуде. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 70 миллиард АҚШ долларынан астамға жетті. Бұл – Орталық Азияға тартылған барлық инвестициялардың 80 пайызы.

Ұлттық қордың қаражатын ескергенде елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Егер біздің бос қазынадан бастағанымызды еске түсірсек, біз көп нәтижеге қол жеткіздік деп айту керек.

Сыртқы сауда айналымы он жылда 6 еседен астамға ұлғайды, ал биылғы жылы ол 80 миллиард АҚШ долларына жете алады.

 

 Төртінші басымдықты: Барлық қазақстандықтардың денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын іске асыру

Соңғы он жылда қазақстандықтардың басым санының тұрмысы елеулі түрде өзгерді. Бүкіләлемдік банктің сыныптамасы бойынша Қазақстан бүгінде орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай табыстары 6,5 есе өсіп, орташа айлық жалақы 5 есе дерлік ұлғайды, ең төменгі жалақы 4,5 есе өсті. Осы кезеңде зейнетақының орташа айлық мөлшері 4 есе ұлғайды. Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қамтуы айтарлықтай кеңейді, оның қызметі бүгінде Қазақстанның әрбір төртінші азаматын қамтып отыр. Тек соңғы 5 жылда ғана мақсатты әлеуметтік көмекке мемлекет 34 миллиард теңгедей бөлді. Орта мерзімді перспективада бізге әлеуметтік стратегиямыздың алдыңғы қатарлы елдер деңгейінде қазақстандық Өмір сапасының ұлттық стандартын қамтамасыз ету жөніндегі басты идеясын іске а

12345След.
скачать работу

Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ