Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сүтқоректілер класы

ен тұяқты жануарлар және пiлдер мен түйелер құнарлылығы төмен, ауыр қорытылатын қорекке – шөптер мен жапырақтарға көп көңiл бөледi. Бұл қоректi олар мықты азу тiстерiмен ұзақ уақыт бойы шайнап майдалауы керек. Өсiмдiкқоректi су тұрғындары дюгондар мен ламантиндердiң тiстерi жоқ, себебi олар нәзiк балдырлармен қоректенедi. Шырынды жемiстерге әуес, приматтарда мықты азу немесе күрек тiстер тән, бiрақ олар бұл «қаруларын» қоректену үшiн емес, қорғану үшiн пайдаланады.

Насекомқоректiлер, құрт-құмырсқа, ұлу және т.б. омыртқасыздармен қоректенуде майда бiрқалыпты дамыған тiстерiн пайдаланады. Ал жыртқыштар отрядының өкiлдерiн, қорегiн өлтiруге арналған мықты күрек тiстерiнен және қорегiн жұлуға ыңғайланған кiшiрек, өте өткiр жыртқыш тiстерiнен тану қиын емес.

СҮТҚОРЕКТIЛЕРДIҢ ШЫҒУ ТЕГI

Сүтқоректiлердiң ата –тегi. Алдыда көрсетiлгендей сүтқоректiлердiң ата-тегi барлық мәлiметтербойынша пермдiк аңтүстi бауырменжорғалаушылар болып табылады. Бiр жағынан оларда көптеген қарапайым белгiлерi болды (амфицелдi омыртқалар, қозғалмалы мойын және бел қабырғалар, бассүйек қорабының кiшiрек қуысы  бас миының аз мөлшерi бар екендiгiне куә болады және т.б.). Екiншi жағынан олардың сүтқоректiлерге ұқсас қасиеттерi болды: тiстерi жеке ячейкаларда орнықты, және күрек тiстерге, ит тiстерге және азу тiстерге дифференцияланған;  төменгi жағында тiс сүйектерi өте жақсы дамып, бассүйек қорабымен тiкелей байланысатын өсiндiнi алып жүрдi, ал төменгi жақтың басқа сүйектерi және квадратты сүйек кiшiреюге бағыт алды. Кейбiр формалаларда акромальдi өсiндiнi алып жүретiн жауырынға бұғанасы жабысады, коракоиды кiшiрейген, ал жамбасы жабынды тесiкпен тесiлген. Бұл топтың белгiлi өкiлдерiнiң бiрi иностращевия (Jnostrancevia alexandri) – үлкендiгi 5 м дейiн Солтүстiк Двинеда табылған, күштi дамыған иттiстерi бар, пермдiк жыртқыш, және Оңтүстiк Африканың триас қалдықтарына табылған ұзындығы 2 м жететiн циногнат (Cynognathia). Ертедегi пiшiнi кiшi болған сүтқоректiлердiң ата-тектерi үлкен және көптеген жағынан маманданған аңтiстiлердiң өкiлдерi бола алмады. Пермь дәуiрiнде, қазiргi заман сүтқоректiлердiң ата-тегi, қанжар тiстi жыртқыш лиценопс белгiлi болды. Пермь дәуiрiнiң аяғында кейiнгi триас кезеңiнде алғашқы сүтқоректiлер пайда болды (мегазостродон). Ертедегi сүтқоректiлер кiшкене ғана болған, жер қазушыларға ұқсас болып динозаврлардан құтқарылу үшiн, iндерде өмiр сүрген. Оларда, қоңыздар мен құрттарды iздеуге көмектесетiн жақсы иiс сезуi мүшелерi болды. Олар 325 млн. жыл бұрын рептилиялардан шыққан. Алғашқы сүтқоректiлер динозаврлар тiршiлiк еткен уақытта өмiр сүрдi, бiрақ олардың кiшкентай қалдықтары сирек табылады. Сүтқоректiлер сол кездiң өзiнде жылықанды болғандықтан, олардың денесi не жүнмен не түкпен қапталды. Бұл оларға түнгi уақытта қорек аулауға және суықта қорғануға мүмкiндiк бердi. Сүтқоректiлер бауырыменжорғалаушыларға қарағанда саналы болып келедi. Олардың ми көлемi үлкен. Олар өз балаларын басқаларға қарағанда ұзақ аялап, оны ана сүтiмен қоректендiредi. Әртүрлi сүтқоректiлердiң тiстерi болып, олар қорек заттарының үлкен диапазонын қолдана алады.

Двиндер немесе иктидозаврлер (jctido – sauma) Оңтүстiк Африканың триас қабаттарынан табылған. Бұлар ұсақ жануарлар болған (пермацинодонның бассүйегiнiң ұзындығы 91 мм, ал иктидозаврдың көлемi тышқанмен бiрдей болған) және соған қарағанда басқа аңтiстiлердi сүтқоректiлер бағытынан алшақтататын, барлық басқа да белгiлi бауырыменжорғалаушылар аңтiстiлерден, мамандану белгiлерiнiң жоқтығымен ерекшелендi.

СҮТҚОРЕКТIЛЕРДIҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ 

Сүтқоректiлер жоғары ұйымдасқан және ең жас жануарлар класы, оларға тән белгiлер: түктi жабын, терi бездерi, жылықандылық, денесiнiң бiрқалыпты температурасы, бас миы жақсы дамыған, тiрi туу, ұрпаққа қамқорлығы, күрделi мiнез-қылығы. Осының барлығы сүтқоректiлерге жануарлар дүниесiнде үстем етушi болуға мүмкiндiк бердi. Олар ағаштарда, барлық табиғи аймақтарда мекен етедi. Сүтқоректiлердiң экологиялық типтерi (тiршiлiк формалары) олардың қоректену орталарымен анықталады: сулы және жартылай сулы типтiлердiң дене пiшiнi балықтәрiздi сүйiр және аяқтары ескектi немесе жарғақшаларымен болады; ашық қеңiстiктерде мекендейтiн тұяқтылардың ұзын аяқтары, тығыз денелерi, ұзын қозғалмалы мойындары болады. Сондықтан түрлi класс тармағы, отряд, тұқымдастар өкiлдерiнiң арасында, бiрдей мекендеу орталықтарына байланысты ұқсас тiршiлiк формалардың кездесуi мүмкiн. Табиғаттың бұл құбылысын – конвергенция, ал ұқсастық белгiлерiн – гомологты деп атайды. Жоғары дамыған нерв жүйесi сүтқоректiлерге қоршаған ортаның жағдайларына жақсы икемделуге және табиғи ресурстарды қорек етуге, жауларынан қорғалуда, iндерiн мен паналарын жасауда толық пайдалануға жағдайларды алдын ала болжау, аңдарға ұрпақтарын жақсы қорғауға, жаңа территорияларды басып алуға мүмкiндiк бердi. Олардың популяциялар құрылымы әр-түрлi: бiреулерi тұрақты жерде дара немесе топтардан тұрады, екiншiлерi үйiрде немесе табырда көшiп жүредi. Үйiрдi немесе табырды ұйымдастыруда күрделi қоса бағыну үлкен рөл атқарады. Қоректену тiзбегiнде де сүтқоректiлер әр-түрлi жағдайда болады: бiреулерi — өсiмдiк қоректердiң алғашқы тұтынушылары (1 реттiк консументтерi), екiншiлерi – бейбiт сүтқоректiлер (2 реттiк — жәндiк – және планктон қоректiлер консументтерi), үшiншiлерi – жыртқыштар (үлкен белсендi жетелiкке шабуылдайтындар – II және III реттiк консументтер). Аралас қоректену приматтарға, жыртқыштарға, кемiрушiлерге тән. Жануарлардың өсiмдiктермен өзара қарым-қатынасы тығыз, бiр шетiнен олар қоректену объектiсi болса, екiншi жағынан өсiмдiктер жануарлардан тiкендер, жағымсыз иiстер, ащы дәмдермен қорғалады.

Жануарлар дүниесiнде сүтқоректiлермен ең тығыз байланыстағы адам: 15 түрi үй жануарлары болып табылса, 20 түрi – бұталарда өсiрiлетiн терiлерi бағалы аңдар және тәжiрибелiк аңдар (тышқандар, егеуқұйрықтар және т.б.). Аңдарды қолға үйрету қазiргi күнге дейiн жалғасуда. Жаңа тұқымдар шығарылып, жабайы  аңдармен будандастыру арқылы ескi тұқымдар жаңартылып жатыр.

ЖОҒАРЫ АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Бұл класс тармағына қазiргi замандағы, көптеген әртүрлi отрядтарға бөлiнiп кететiн сүтқоректiлер жатады. Бiрақ, олардың қалталылардан айырмашылығы:

1)     Қалталы сүйектерi болмайды.

2)     Ұрықтары анасымен нағыз плацента арқылы байланыса тура дамиды, және балалары  жетiле туып, өзi сүт сора алады.

3)     Бас миы жақсы дамыған.

4)     Ересектерiнде дене температурасы жоғары және тұрақты.

5)     Сүттi тiстiң  және тұрақтыға  ауысуы жақсы байқалады.

Жоғары құрылымнан және психикасының жақсы дамымағандығына сай, плаценталылар те жер шарын ғана жайлап қоймай, сонымен қатар, суда тiршiлiк үшiн күрестi жеңiп, әлемдiк мұхит киттәрiздiлер және ескекаяқтылар тарады, және әуе кеңiстiгiнде олар құстармен бәсекелесте болды (жарқанаттар).

ТӨМЕНГI АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ НЕМЕСЕ ЖАРТЫЛАЙ ПЛАЦЕНТАЛЫЛАР

ҚАЛТАЛЫ СҮТҚОРЕКТIЛЕР ОТРЯДЫ

Сыртқы құрылысының әртүрлiлiгiне қарамастан, барлық қалталылар текөзiне тән қасиеттер жиынтығына ие. Бiрiншiден, плацента (қағанақ) болмайды, сол себептен қалталылардың балалары нашар дамыған және кiшкентай болып туылады (осылай, алып, бойы ересек еркекке жететiн кенгурудың, жаңа туылған баласы грек жаңғағындай болады). Олар сора да алмайды және емiзiкте асылып қана тұрады, емiзiк маңында олардың аузының шеттерi жабысады, ал сүт олардың аузына арнайы сүттi бездi сығушы бұлшықеттердiң қысқаруымен шашырайды. Осындай пассивтi қоректенуге бейiмделу ретiнде, баласының көмейi көтерiлiп хоанға жабысқан, осылай сүт оның бүйiрлерiнен ағып, баласының еркiн тыныс алуына мүмкiндiк бередi. Екiншiден, баласын тiрiдей туып, арнаулы қалтада өсiредi. Үшiншiден, олардың миы, барлық жоғары сүтқоректiлерге тән, иiрiмдерден айрылған. Төртiншiден, аналықтарында тек екi жатыр ғана емес, сонымен қатар екi қынап та бар.

Бесiншiден, азудың алдындағы тiсi ғана ауысады, ал қалған тiстерiнiң барлығы бiр рет өмiр бойы шығады және жоғары сүтқоректiлердiң сүттi ауысуына сәйкес келедi.  Алтыншыдан, дене температурасы бiртесiктiлерден жоғары болғанымен, плаценттiлерге қарағанда төмен және өте тұрақты емес.

Қалталылар Австралияда, соған көршiлес аралдарда, Оңтүстiк және Орталық Америкада таралған. Бiр түрi Солтүстiк Америкада кең тараған. Австралия облысында плацентарлы конвергенттi топтардың бүкiл тiзбегiн құрайды. Осылай қалталы қасқыр ит тұқымды нағыз жыртқыштарға, қалталы тиын – ұшқыр тиынға, қалталы аю – суырға, қалталы қөртышқан – нағыз қөртышқанға ұқсайды. Қалталылардың қазiргi уақытта 180 түрi бар, олар 8 туысқа, 3 отряд тармаққа бөлiнедi.

 КЛОАКАЛЫЛАР НЕМЕСЕ АЛҒАШҚЫ АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

БIРТЕСIКТIЛЕР ОТРЯДЫ (Monotnemata)

Бұған тек үйректұмсық, түрлi және соған жақын, бiртесiктiлердiң бiр отрядын түзетiн протүрпiлержатады. (Monotnemata). Бiртесiктiлер өте қарапайым қасиеттермен сипатталады:

1)     Үлкен, қоректi сарыуыздарға бай жұмыртқа қалдыру (диаметрi 14 мм) арқылы көбейедi.

2)     Iшегi және несеп жол синусы сыртқа өз бетiнше тесiктермен ашылмайды, олар клоакаға түседi;

3)     Сүт бездерi, ерекше бездi өрiсте көптеген тесiктер ретiнде ашылады, ал балалары сүттi сол жерден жалайды;

4)     Бас миы үлкен комиссура – мозольдi денеден айры

123
скачать работу

Сүтқоректілер класы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ