Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сүтқоректілер класы

лған (қалталылармен ортақ белгiлерi).

5)     Шықты белбеуi бауырменжорғалаушылар шықты белбеуiмен өте ұқсас: жақсы дамыған үстiңгi төсi, үлкен өз беттiк сүйек түрiндегi коракоиды, прокоракоидтары да бар.

6)     Оң жақты атриовентрикулярлы тесiгiнде тек бiр клапанмен қамтамасыз етiлген (бұл да бауырменжорғалаушыларға ұқсас).

7)     Дене температурасы төмен 26 дан  С – та құбылады. Алдынан маңдай сүйегiне жұп қалиталы сүйектер қосылады. Түрпiде, тек көбею кезiнде түзiлiп, сүтбездерi ашылатын, құрсағындағы терi қатпарлары болып табылатын – ұяласты қалта болады. Үйректұмсықта қалта болмайды. Жұмсақ ерiндерi жоқ, жақтары мүйiздi тұмсықпен қапталған. Нағыз тiстер тек жас үйректұмсықтарда болады: Олар мезозой дәуiрiнiң көнедегi көптөбешiктi сүтқоректiлерiнiң (Multubenculata) тiстерiне ұқсас.

Бiртесiктiлер тек Австралияда, Тасманияда және Жаңа Гвинеяда тараған.

Үйректұмсық (Onnithonhynchus anatinus), Австралия мен Тасманияда мекендейдi, жартылай суда тiршiлiк етедi және ол жануардың бүкiл құрылысында әсер қалдырған. Денесi қысқа, қалың жүнмен қапталған. Жалпақ, кең тұмсығының бүйiрлерiндегi мүйiздi тақташалар тiлiнiң мүйiздi тақташаларымен бiрлесiп сүзгi түзедi. Сол арқылы жануарлар сүзiп, өз қорегiн табады. Қысқа бессаусақты аяқтары жүзбелi жарғақтармен қамтамассыздандырылған; олар артқы аяқтарында қысқалау, ал алдында ұзынырақ және саусақтарының артынан көрiнедi, бiрақ құрғақты қозғалып және қазғанда артқа бүгiледi.

Аталық және жас аналық үйректұмсықтарда артқы аяқтарында қозғалмалы мүйiздi тiкендер бар. Ересек аталықтарында жiптерi тiкендерi немесе шпора улы секрет бөлетiн безбен байланысты. Бұл сүтқоректiлер арасындағы улылықтың бiр мысалы.

Үйректұмсықтылар терең iндерде тiршiлiк етедi, олардың кiретiн тесiгi су астында, ал қарама-қарсы ұшы ұялы камераға кеңейiп, су деңгейiнде жатады. Жұмыртқаны олар ұяда қалдырады. Суық айларды ұйқыда өткiзедi. Үйректұмсықтың терiлерi бұрынғы уақытта жоғары бағаланған: ал қазiр оларды аулауға тиым салынған.

Австралияда мекендейтiн түрлi (Tachyglossus) және соған жақын Жаңа Гвинеяда таралған протүр (Zaglossus)  — құрлықты, жердi жақсы қазушы жануарлар. Олардың, түктер мен өткiр тiкендер араласа қаптаған тығыз денесi, қысқа, күштi тырнақпен қаруланған аяқтары, ұзын немесе қысқа, жiңiшке тұмсығы және ұзын, күрттәрiздi, жабысқақ сiлекеймен қапталған тiлi бар, оған түрпiнiң басты қорегiн құрайтын құмырсқалар жабысады. Қауiп төнгенде түрпiлер кiрпi сияқты, тiкендерiн сыртқа шығарып оранады, Ареал бөлiгiнде суық қысты шамамен төрт ай бойы ұйқыда өткiзедi.

Австралияның плейстоцендi қатпарларынан бiр үлкен түрпi белгiлi. Осымен, қазiргi уақытта клоакалы сүтқоректiлер туралы палеонтологиялық мәлiметтер шектелген.

123
скачать работу

Сүтқоректілер класы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ