Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Табиғи монополияларыдың қызметтеріне, жұмыстарына, тауарларына, бағаны (тарифтерді) енгізіп, бекітудің реттілігі



 Другие рефераты
Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі Трансферттік баға қалыптастыруды мемлекеттік бақылау Табиғи монополиялар мен ақылы қызмет қойылатын бағаларды аймақтық реттеу Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары

Қазақстанда табиғи монополист–кәсіпорындар үшін тауарлар мен қызмет көрсетулердің өзіндік құнын есептеудің ерекше тәртібі қабылданған. Табиғи монополия саласындағы баға белгілеудің негізгі ерекшеліктері болып келесілері табылады:

1) Монополияға қарсы комитеттің келісілуі бойынша монополистің өзімен белгіленген шегінде табиғи монополия субьектісінің қызметінің негізгі түріне жататын шығындар бағаларға (тарифтерге) қосылады.

2) Зеретті (құқылы) органдармен белгіленген нормативті техникалық ысыраптармен байланысты шығындар бағаларға (тарифтерге) қосылады.

3) Еңбекке ақы төлеу шығындарын анықтау кезінде есеп нормативінен басым түспейтін дұрыс сан бойынша жүргізіледі. Қызметкерлердің нормативтік саны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен келісілген тұрпатты нормативтерге сәйкес жыл сайын белгіленеді.

4) Инфляция қарқынын ескере отырып, әрекет етуші тарифтерде қабылданған шығындар негізінде есептелген өндірістік қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығындары бағаларға (тарифтерге) қосылады.

5) Пайдалану мерзіміне бірыңғай есептеу әдісімен есептелген амортизациялық аударымдар бағаларға (тарифтерге) қосылады. Амортизацияны есептеудің (өндірістік және үдетілген) басқа әдістерін қолдану үшін Монополияға қарсы комитетпен келісу қажет.

Бағаларға (тарифтерге) қосылатын материалдық шығындар өнімнің (қызмет көрсетулердің) бірлігін шығаруға қорлар шығынының нормалары негізінде анықталады.

Табиғи монополия субьектілерімен бағаларды (тарифтерді) қалыптастыру және өзгерту кезінде келесі шығындар ескерілмейді:

- нормативтерден тыс техникалық және коммерциялық шығындар, тауарлы-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен қоймадағы қорлар, басқа да өндірістік емес шығындар мен ысыраптар;

- қоршаған ортаны  нормативтен жоғары ластағаны үшін төлемдер;

- соттық шығындар;

- үмітсіз борыштар;

- шаруашылық келісімдер және т.б. шарттарын бұзу үшін айыппұлдар, төлемақы өсімдері, тұрақсыздық төлемдері және т.б. санкциялардың түрлері.

Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау бойынша Агенттіктің (Өкілетті орган) шешімімен белгіленетін әрекеттегі активтерге (негізгі құралдар мен таза айналым капиталы) мөлшерлеме бойынша табиғи монополия субьектілерінің бағаларына (тарифтеріне) пайда қосылады.

Табиғи монополия субьектісінің таза айналым капиталы ақша қаражаттарын қосу, тауарлы-материалдық құндылықтар мен қорларды азайту ағымдағы міндеттемелер ретінде анықталады.

Табиғи монополия субьектісін (кейінгі жерде субьект) құру немесе қайта ұйымдастыру кезінде, сонымен қатар әрекет ету мерзімін шектеумен бекітілген бағалардың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, субьект Өкілетті органға бағаларды бекітуге өтінім ұсынуға міндетті.

Тауарлар бағасының өзгеруі тоқсанына бір реттен жиі емес жүргізілуі мүмкін.

Бағаларды бекітуге өтінім субьектімен Өкілетті органға, олардың іс-жүзіне асуына дейінгі 45 күннен кешіктірмей ұсынылады. Өтінімге қосымшалар:

- тоқсан бойынша есептік жазбалармен (ажыратумен) бірге әрбір жылға бағаларды бекітудің соңғы мезетін өткеннен кейінгі мерзімге субьектінің қаржылық –шаруашылық қызметінің талдамасымен бірге бағаларды бекітудің қажеттілі туралы түсіндірмелі жазбахат;

- салалық ерекшеліктерді есепке алып, Өкілеттік органмен бекітілген форма бойынша прейскурант түріндегі бағалар жобасы;

- кәсіпорынның бухгалтерлік балансы;

- қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру;

- ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп беру;

- өнімдерді өткізу (жұмыстар, қызметтер) мен өндіруге кеткен шығындар туралы есеп беру;

- кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері;

- материалды емес активтер мен негізгі құралдардың қозғалысы мен олардың нақты саны туралы есеп беру;

- дебиторлық және кредиторлық қарыздардың толық жазылуы;

- бекітілген және келісілген инвестициялық бағдарламаны, есеп жүргізу саясаты, техникалық ысыраптылық нормаларын, сандық нормативтер, шығындар сметасын, жұмыс жағдайындағы негізгі өндірістік қорларға қажеттілерді, материалдар мен шикізаттар шығындарының нормасы;

- негізгі құралдардың қолдану мерзімдерін көрсетіп, амортизациялық аударулардың есебі;

- тауарлардың жоспарлы көлемін дәлелдейтін құжаттар;

- субьектінің жобалық қуаттылығы туралы мәліметтер және оның нақты қолданылуы туралы ақпарлар.

скачать работу


 Другие рефераты
Лауазымдық нұсқаулық
Развитие личностных качеств руководителей как средство повышения эффективности управления педагогическим коллективом
Қазақтың асылы – Асылы ханым
Большие интегральные схемы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ