Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Табиғи монополиялар мен ақылы қызмет қойылатын бағаларды аймақтық реттеу



 Другие рефераты
Трансферттік баға қалыптастыруды мемлекеттік бақылау Табиғи монополияларыдың қызметтеріне, жұмыстарына, тауарларына, бағаны (тарифтерді) енгізіп, бекітудің реттілігі Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде

Табиғи монополиялар және ақылы қызмет көрсетулер бағасын реттеу мәселелерімен жергілікті деңгейде Агенттіктің аймақтық Департаменті, жекелей түрде, табиғи монополияларды және ақылы қызмет көрсетулер бағасын реттеу бөлімі айналысады.

Бөлімнің негізгі міндеттеріне жататындар:

1) табиғи монополиялар және мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулері саласында  мемлекеттік бағалар саясатын жүргізу;

2) нарықта басым түсетін кәсіпорындар–табиғи монополистердің мемлекеттік тізілімі мен тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған кәсіпорындар өніміне, тауарларына және қызмет көрсетулеріне бағалар  мен тарифтерді реттеу;

3) табиғи монополиялық кәсіпорындар тарифтерінің және мемлекеттік органдармен көрсетілетін ақылы қызмет көрсетулер бағасының экономикалық негізделгендігін тексеру.

Бөлімнің функциялары:

1) бақылауды жүзеге асыру және жергілікті тауарлық нарықта басым түсетін қожалық етуші субьектілердің іс-әрекетін реттеу;

2) мемлекеттік тіркелім мен тізілімнің жергілікті бөлімдеріне қосылған кәсіпорындардың бағалар мен тарифтерді белгілеу және қолдану сұрақтары бойынша әдістемелік басшылық пен реттеуді жүзеге асыру;

3) қожалық етуші субьектілер – табиғи монополистер, ақылы қызмет көрсететін мемлекеттік органдар өніміне (жұмыс, қызмет көрсетулер) шығындар құрамын тексеруді жүзеге асыру;

4) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бағалар және табиғи монополистер – кәсіпорындардың тарифтерінің прейскуранттарының келісілуі немесе бекітілуіне бұйрықтар жобасын дайындау;

5) бағаны белгілеу туралы әрекет етуші заңды бұза отырып, кәсіпорындар, ұйымдар және басқа қожалық етуші субьектілермен белгіленген бағалар мен тарифтердің күші жойылуы туралы ұсынысты дайындау;

6) мемлекеттік және табиғи монополистер бағалары мен тарифтерді қалыптастыру сауалдары бойынша материалдар мен ақпаратты дайындау, ұсыныстарды енгізу;

7) Департамент жанынан құрылған тәуелсіз Сараптама Кеңесі жұмысына қатысу;

8) мемлекеттік бюджет және индикативтік жоспар қажеттері үшін табиғи монополия субьектілерінің өнімдерінің бағалары мен тарифтерінің өзгеруін болжауды дайындауда қатысу;

9) табиғи монополиялар субьектілерінің тарифтерін және мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың ақылы қызмет көрсетулерінің бағаларын қолдану және қалыптасу тәртібін тексеру;

Өзіне артылған функцияларды атқару үшін бөлім құқылы:

- мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне қосылған қожалық етуші субьектілер – табиғи монополистердің өніміне (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және жергілікті мемлекеттік органдармен және мемлекеттік кәсіпорындармен көрсетілетін қызмет көрсетулерге бекітілген бағалар мен тарифтер деңгейі бойынша ұсыныстар енгізуге;

- бағалардың мемлекеттік тәртібін ұстану мәселелері бойынша мемлекеттік және табиғи монополияларға тексеріс жүргізуге;

- бөлімнің міндетіне қатысты сауалдар бойынша ресми анықтамалар беруге;

- табиғи монополистер өніміне (тауарлар, қызмет көрсетулер) бағалардың өзгеруі мәселелері бойынша көпшілік алдында тындаулар өткізуде қатысу;

- Ұсынысты қарастыру үшін қажет және бағаны белгілеу тәртібінің бұзылуын жою жолында Ұйғарымдар мен Ескертулерді орындау үшін қажет жергілікті атқарушы және өкілдік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына, қожалық етуші субьектілер мен олардың басшыларына беру бойынша ұсыныстар енгізу;

- табиғи монополия субьектілері және мемлекеттік органдардың бағалар мен тарифтерді қалыптастырудың экономикалық негізделуі сұрақтары бойынша тексеру жүргізу және бағалардың мемлекеттік тәртібін бұзу үшін экономикалық тазалау шараларын қолдану бойынша ұсыныстар беру.

Табиғи монополиялар және ақылы қызмет көрсетулер бағасын реттеу бөлімін республикалық Агенттік келісімі бойынша Департамент директоры тағайындайтын бөлім басшысы басқарады.

Бөлім басшысы бөлім міндетіне жататын барлық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты.

Монополист–кәсіпорындардың қызметін реттеу 1994 ж. қазанынан басталды.

1994-1997 ж.ж. кезеңінде «Р-ң қожалық етуші субьектілер – табиғи монополистердің мемлекеттік тіркелімі туралы ереже», (5.09.1997 ж.), «Орталық және жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін ақылы қызмет көрсетулер бағалары мен тарифтерінің жобаларын ұсыну, қарастыру және бекіту тәртібі туралы әдістемелік нұсқаулар», «Қожалық етуші субьектілер – табиғи монополистермен өндірілетін және сатылатын өнімнің өзіндік құнына енетін шығындар және бағаларды есептеуге қажетті пайданың құрамын қалыптастырудың ерекше тәртібі» негізінде монополияға қарсы заң әрекет етті.

1998 жылы «Табиғи монополиялар туралы», «Адал (зиянды) емес бәсеке туралы» заңдар іске қосылды. Монополияға қарсы комитет Үкімет құрамына кірмейтін тәуелсіз ведомствоаралық реттегіш орган дәрежесін алды.

1998 жылы Монополияға қарсы комитет «Қазақстан Республикасындағы 1998-2003 жылдарға бағалық саясаты» бағдарламасын әзірледі.

Бұл бағдарламаның мақсаты табиғи монополия саласын реттеудің икемді жүйесін тұжырымдау, ішкі нарықтағы бәсекені ынталандыру және сыртқы нарықта отандық тауар өндірушілерді қолдау.

Осы бағдарламаға сәйкес табиғи монополия саласындағы бағалық саясаттың негізгі міндеттеріне төмендегілер тиесілі:

- құрылымдық қайта ұйымдастыру;

- берілген сала кәсіпорындарының өнімдері мен қызмет көрсетулеріне баға белгілеуді реттеу;

- бағалық кемсітушілікті жою;

- олардың қызметін қатаң бақылауды жүзеге асыру;

- жоғары бағалар мен тарифтерді белгілеудің алдын алу.

Мемлекеттік монополиялар саласында:

- қожалық етуші субьектілердің нарыққа енуіне кедергі болатын мемлекеттік монополиялардың әрекетін шектеу;

- осы сала органдарымен көрсетілетін ақылы қызмет көрсетулерге баға белгілеу тәртібін орнату;

- бағаларды белгілеу тәртібін және рәсімдеу мен қолданудың дұрыстығын бақылау.

Монополиялы нарықта баға монополистің мақсатына тәуелді болады. Егер монополист әлеуметтік немесе қайырымдылық мақсаттарды шешсе, ол шығындардан төмен болуы мүмкін, немесе пайданы қоса отырып шығындар бойынша есептелуі мүмкін. Белгілі бір тауарлардың тұтынылуын қысқарту үшін баға жоғары болып белгіленуі мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, монополия бағаны белгілеуі мүмкін, өйткені, бір жағынан, ол баға бәсекелесімен төмендетілуі мүмкін деп қорықпайды, ал екінші жағынан, тұтынушы ешқайда кетпейді және ол тауарды кез келген баға бойынша сатып алады. Монополия пайданы барынша көбейтуге тырысады, мұнда мемлекеттік реттеу ерекше мәнге ие болады.

скачать работу


 Другие рефераты
Күш атасы - Қажымұқан
Сталь и чугун
мемлекеттік қаржы бюджеті
Чистота водоемов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ