Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тамақтану қауіпсіздігі



 Другие рефераты
Апатты жағдайдағы қажетті заттар Жергілікті жерде бағытталу Туристік жорықтың қауіпсіздігі Туризмдегі қауіпсіздіктің теориялық негіздері

Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады.

Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы.

Азық-түлікке қажетілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады.

Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800 г қажет етіледі.

Тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы болып келеді. Адамға күніне 70-100 г әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.

Ақуыздар (балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) негізінен ағза жасушаларын орнына келтіру, гармондар мен ферменттердің жасалу үшін қажет. Адамға күніне 70-100 г ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуы тиіс.

Тағам ағзаны әрртүрлі витаминдермен қамтамасыз ету керек. Барлық витаминдер ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады.

Минералды тұздарды ағза көкөністермен және ішетін сумен бірге алады.

Ас тұзы ағза үшін жеткілікті нан құрамында болады. Тағамдарды тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ адам күніне 20-30 г тұз қолданады. Ыстық күндері бұл мөлшер 40 г дейін өседі.

Су туристік саяхат кезінде өте маңызды орын алады. Тамақтан қарағанда судың жетіспеушілігі ағзаны тез әрі қатты әлсіретеді. Туристке күніне 3 литр су қажет боалы.

Асқазанды ауруға шалдықтырмас үшін суды қайнатып ішу керек. Судың құрамы нашар болса, оны қайнатар алдында марганцовкамен тазалау процедурасын жүргізу керек. Суды жағалауда кішірек шұңқыр қазып, сонда тұндырып алуға болады.

Ыстық күндері суды жиі ішпеген жөн. Себебі, денеден термен қоса ағзаға қажетті тұзды алып кетеді. Ағза тұздық тепе-теңдігін орнына келтіру үшін суға қажеттілік білдіреді. Сол үшін туристік жорықтар кезінде суды таңертең ішіп алып, ал түскі аста 0,5 литр сұйықтыққа есептеген дұрыс болады. Жол үстінде су ішпеген жөн, ыстық болған жағдайда 1-2 рет қана аздап ішу керек.

Күн тәртібі үш уақытты ыстық асты қарастыруы тиіс. Құрғақ тамақтануға болмайды. Бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, асқазан ауруына әкеліп, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді. Жорықтар кезінде азық-түліктер тез ластанады, яғни ағзаға инфекция түсіруі мүмкін.

Ыстық кездерде саяхаттарда тамақтану үлесі бойынша түскі ас – 40%, таңғы ас – 35%, кешкі ас – 25% құрайды.

Ал қысқы мезгілдерде таңғы және кешкі ас құндылы болып, ал түсте жеңіл тағам ішкен жөн.

Жорықтар кезінде ішімдік қабылдамау керек. Ішімдік адамды әлсіретіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ол уақытша қоздырып, артынша күшін азайтады. Қысты күні тоңған кезде бір стакан шайға бір шай қасық арақ қосып берсе, ол адамды жылытады.

Жорық үшін азық-түліктерді алған кезде баратын жерден алуға болатын өнімдерді алмай-ақ қойса болады. Ол үшін алдымен жорық жерден нелерді алуға болатынын біліп алу қажет. Әдетте маршрутта болатын өнімдер болмай қалуы да мүмкін. Азық-түліктер мөлшерін сол жердегі аң, балық, саңырауқұлақ, жеміс-жидек сияқтыларға  есептеп азайтуға болмайды. Әр жылы өнімділік әр қалай болады.

Саяхаттар үшін тағам концентраттарына да көп есептемеген жөн. Оларды тек жоғары таулы жерлердегі, ормансыз аймақтарда, яғни тамақ дайындауға қиынға соғатын жерлерде болатын саяхаттарда ғана алған дұрыс. Концентраттарды саяхатқа алар алдында оларды үйде пайдаланып көру керек.

Азық-түліктерді алдын ала құрастырылған тағамдар тізімі менқатысушылар санына қарай есептейді. Ұзақ уақытқа саяхатқа шыққан кезде азық-түліктер есебін бір адамға шаққандағы орташа норма бойынша жүргізеді.

Саяхат алдында барлық азық-түліктерді жинап пакеттерге дұрыстап салу қажет. Азық-түліктер суланбауы үшін оларды судан қорғайтын орамаларға салу керек. Жаяу турист үшін әдетте үлкен бір мықты су өткізбейтін астары бар рюкзак болғаны жөн. Бұндай рюкзакқа азық-түліктерді жай орамалармен салуға болады. Байдаркалармен болатын саяхаттарда азық-түліктерді жеке су өткізбейтін пакеттерге салу ұсынылады.

Азық-түліктерді 1-2 кг-нан пакеттерге салған дұрыс. Керекті заттарды тез тауып алу үшін пакеттерге жазып қойған жөн.

Азық-түліктерді бөлген кезде әрбір турист немесе қайық экипажының өзінің азық-түлігі болатындай етіп салу қажет. Мысалы, нан әрбір туристке салынуы керек. Бір туристте тек қана нан, екіншісінде тек қантты салуға болмайды. Себебі қандай да бір апат болған жағдайда оны жоғалтуы мүмкін.

скачать работу


 Другие рефераты
ҚХР конституциясы
Қазақ тіліндегі коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтіндік негізі
Ақпараттық жүйелерді қорғау
Тыныс алу орталығы. Тыныс алудың реттелуі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ