Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәңір – түркі Атлантидасы

;мәдени вакуумда” дамыған ацтек, майя және инк өркениеттері түркі тайпалары болғандықтан, түркілердің адамзат цивилизациясындағы орыны  қайта қаралуы керек.

б/. Аспанға, күнге, жұлдыздарға (Темірқазық, Үркер немесе Мешін - Тенгриан күнтізбесіндегі жыл аты, Құс жолы), яғни Тенгриге табынған ертедегі түркілердің дүниетаным ұғымдары азия халықтарында кеңінен тараған және ертедегі барлық халықтардың жұмақ пен оған баратын жол туралы ұғымдары Тенгри дінінің жүйесіне сай келеді. Ай мен Күннің қозғалысынан басқа, Юпитердің Күнді айналатын 12 жылдық циклі мен Сатурнның 30 жылдық циклін есептеген Тенгриан күнтізбесі қазіргі белгілі күнтізбелердің ішіндегі ең күрделілерінің бірі және ол Аспандағы құбылыстарды мыңдаған жылдар бойы эмперикалық бақылаудың нәтижесінде кем дегенде осыдан бірнеше мың жыл бұрын пайда болған.

Ертедегі цивилизациялардың құпияларын, оның ішінде Ертедегі Египеттегі (Гиза), Камбоджадағы (Анкгор), Пасха аралындағы, Америка құрлығындағы (Ацтек, Майя, Инк) ескерткіштер, яғни бір-бірінен арақашықтықтары 72 градус алшақтықтағы, Жер шарының барлық бөліктерінде уақыт қашықтықтары астрономиялық құбылыс – прецессииге сай салынған осы ескерткіштердің барлығына ортақ ұқсастықтар - оларды бір цивилизацияға жататын немесе дүниетанымдық ұғымдары бір халықтардың жасағанының дәлелі. Қазіргі ғылымға белгілі осы аймақтардың барлығында болған жалғыз халық - көне түркі тайпалары. Процессии қозғалысының жылдамдығы 72 жылда 1 градус, яғни Күн жұлдыздардың әрбір шоқтығында 2160 жыл “өмір” сүреді (72 градус х 72 жыл = 2160 жыл) х 12 = 25920 жылда 12 зодиакты толық айналып шығады. Гиза - Анкгор – Пасхи аралы – Америкадағы ескерткіштердің аралары 72 градустан165.  Гиза мен Анкгордың салыну уақыттарының арасы 10800 жыл : 2160 = 5. Ол да процессииға сай келеді. Көне түркілерден бізге жазба деректер жетпегенімен, жоғарыдағы деректерге сүйеніп, біз олардың процессии құбылысын түсінгенін көреміз. Сонымен қатар, осы аймақтардың барлығында көне түркілер ғана болған. Сондықтан, осы тамаша ескерткіштерді салғандар көне түркілердің Тенгриан күнтізбесіне сүйенген немесе белгілі тарихи кезеңде сол жерлерде түркілер болуы мүмкін деген болжам бар. Көне түркілер өздері барған жерлерге Тәңір дінінің жүйесін таратты. Оның іздерін алдымен тұран тобындағы діндер даосизм, конфуцианство, синтоизм жүйесін қалыптастыруда кеңінен қолданылғанын көреміз. Тенгри – ол тек дін ғана емес, сонымен қатар, галактикамыздағы ғаламшарлар қозғалысы заңдылықтарына сүйенген астрономиялық жүйе, яғни әр жылы жануарлардың аттарымен аталатын “Мүшел”, немесе “Шығыс күнтізбесі” деген атпен белгілі Азия және Тынық мұхиты аймағына кеңінен тараған күнтізбе. Жүйелі күнтізбе цивилизацияның негізгі атрибуттарының бірі. Сонымен қатар, Тенгри көшпенді ғұндар, монғұлдар және отырықшы қытай мемлекеттерде хан, императорлардан бастап мемлекет басқару жүйесінде кеңінен қолданылды. Көне түркілерде пайда болған құдай – Тәңір,  қазіргі уақытта “Құдай жалғыз” деген мағынада қолданылады. Мұхамед пайғамбар: ”Әр нәрсенің шоқтығы болады, Құранның шоқтығы Бақара сүресі“ дегеніндей, Тәңір діні де адамзат өркениетінің шоқтығы болып саналады.

Пред.6
скачать работу

Тәңір – түркі Атлантидасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ