Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәңір – түркі Атлантидасы

табылған. Салыстырып қарағанда олардың өзара ұқсастықтары анықталды”161. С.П.Толстовтың пікірі бойынша Қосөзеннің жергілікті аз халқын бағындырған Еуразияның даласынан келген халықтар шумер мемлекетінің негізін қалады: “...Қосөзеннің төменгі ағысындағы сумерий цивилизациясын құрғандар шығыстағы байланыстарының алыс белгілерін өз тілінде сақтаған сумерий тілінің морфологиясында, лексикасында алтай тілдері тобымен, оның ішінде түркілермен өте жақын ұқсастық  көрінеді...”149. Шумерлер келгеннен кейін Қосөзеннің бойында мемлекеттің өмірі басталды. Оның негізі билік пен жердің билеуші таптың қолына көшуі еді. Қазірге дейін сақталған көптеген клинопистік кестелерден мемлекет экономикасында храмдық - мемлекеттік шаруашылық маңызға ие болғаны байқалады. Патша бір уақытта мемлекеттегі бас абыз да болды. Б.д.д. IV мыңжылдықтың аяғы, III мыңжылдықтың басында Қосөзен аймағында шумерлер құрған Урук, Киш, Ур және т.б. бірнеше протомемлекеттер болды. Мамандар ертедегі металлургияның құпиясы мен жазуды Қосөзеннің бойына шумерлер Еуразия даласынан әкелді деген болжам айтады.

Шумер мен түркі тілдерін салыстырған О.Сүлейменов, олардың шумерлер, семиттер, хуриттер және урартуден гөрі ұзақ уақыт бойы өзара жақын мәдени қатынаста болғанын дәлелдеді141.

Шумерлер сияқты касситтер Мессопатамиға шығыстан немесе солтүстік-шығыстан келіп Сүлейман тауының айналасына орнықты196, 210.  Б.д.д. 1742 жылы касситтердің көсемі Гандаш Вавилонды жаулап алды да, өзіне әлемнің төрт құбыласының немесе Шумер, Аккад және Вавилонның  патшасы деген атақ алды. Касситтер Вавилон мемлекетінде тайпа болып өмір сүрді және оларда ұрпақтар түркі халықтарындағыдай ер нәсілділердің жалғасы болып саналады. Вавилондағы касситтердің әулеті б.д.д. 1155 жылға дейін билік құрды. Кассит сөзін кас-ит деп қарағанда “ит” қазақша ит, парсыша “сақ” – “сағ”134.Онда касситтің екінші мағынасы кассак. Яғни, түркілердің таңбасы бөрі болса, касситтердің таңбасы ит болуы заңды. Қазақтар итті жеті қазынаның бірі деп санайды. Шумерлердің қыш - құмыраларында қазақтың тазысына ұқсас иттердің суреттері бейнеленген214.

Орталық Азиядан шыққан гиксос тайпалары б.д.д. 2100 жылдары Египетке басып кіріп, осы елді бес ғасырдай биледі. Вавилонға ат жеккен соғыс арбалармен барған касситтер сияқты, гиксос сарбаздары да Египетке ат жеккен соғыс арбаларымен барды. Гиксостар билеген кезден бастап Египет шығыстың ұлы империясына айналды164.  Қосөзен аралығы мен Египетке Ұлы даладан алғашқы салт аттылар немесе кентаврлар осы кезде келген болу керек (авт.). Бұрын атқа мінген адамды көрмеген жабайы тайпалар оларды жартылай адам, жартылай жылқы - кентавр деп түсінген. Аңыз бойынша, кентавр - Мерген Стрелец шоқжұлдызы. Кентаврдың мінезі жергілікті тайпаларға түсініксіз (непредсказуемый) болған*.

Кентаврлардың ішіндегі данышпан Хирон адамға білім алуға көмектескен. Ол медицина құдайының өзі Асклепияға және Гераклге көмектескен. Хирон алғашқы болып жұлдыздар картасын жасап, онда зодиак шоқжұлдызын бөліп қойды. Осы картаны Хирон өзінің шәкірті ержүрек теңізші аргонав Ясонға табыс етті. Хирон ержүрек аргонавтарды жұлдыздар арқылы кемелердің тұрған жерін және жолын анықтауға үйретіп, алыстағы Колхидаға саяхат жасағанда көмектескісі келді. Зодиактағы шоқжұлдыздардың ішінен Хирон біреуін өзіне қалдырды. Бірақ, қайырымсыз да қатал кентаврлардың бірі (мүмкін Несаның өзі болар) Гераклдің әйеліне тиісті. Осы кентавр – Мерген аспандағы Хиронның орнын алды. Кең көңілді ЗевсХиронға басқа орын берді. Осылай Центавр (кентавр) шоқжұлдызы пайда болды111.

Б.д. ІІІ ғасырда Камбоджадан келген қытай елшісінің есебінде осы елде ғұндардың әрпімен жазады деген Л.Н.Гумилевтің деректерін жоғарыда келтірген едік. Ғалымдар соңғы деректерінде сақтардың Тайландқа дейін _________________________ 

 *Біздің дәуіріміздің IV-V ғасырларында еуропалықтар ғұндарға да осындай сипаттама берген.

барғанын жәнеКамбоджа жерінде ғұндар мемлекетінің болғанын жазады57. Сондықтан, бұл мәселелерді жан-жақты зерттеп дәлелдеу болашақтың ісі. Тұран тобындағы діндер немесе Тенгри және одан бастау алатын  конфуцианство, даосизмнің және синтоизмнің негізгі ұстанымдары мен танымдары аспан мен аруақтар рухына табынуға сүйенген. Мысалы, Конфуций үшін ең негізгі құдай Tien, немесе аспанның рухы. Сонымен қатар, ауаның, тау мен өзеннің, аруақтардың рухына табыну ол үшін маңызды болды. Конфуций өзінің ілімі туралы айтқанда жаңадан ештеңе ойлап таппағанын, тек аруақтар рухына сүйенгенін мойындаған.

Даосизм ілімі бойынша Ұлы Аспанды жаратқан Дао. Адам өмірінің мәні Даоны түсіну, оған еріп, қосылып кету. Адам бақыты да осында. Орталық доктринасы ұлы Дао туралы ілім немесе абсолют және жалпы заңдылықтар болатын Даосизмнің өзінде осы ілімге немесе жұмаққа баратын жол Темірқазық жұлдызы арқылы жүреді. Даосизмнің доктринасы көп жағдайда үнді-арийлердің Ұлы брахман туралы концепциясына ұқсас. Соңғы концепция мен жалпы Буддизм дінінің негізі болған үндіарийлердің Махабхарата, Веда сияқты эпостарына талдау жасағанда, оны шығарған кездегі тайпалардың Корел, Таймыр түбегінде, немесе Беринг бұғазы деңгейінде тұрғанын көреміз. Себебі, 65-70 градустардың арасында ғана, жылда 2-3 ай жаз, тәулікте 7-8 сағат

күн болады. Осы горизонттан қарағанда Темірқазық тапжылмай бір орында тұрып, басқа жұлдыздар оны айнала қозғалады. Ол Темірқазықтың рөлін атқарған ертедегі Лираның альфасы - Вега. Веда эпосында осы жұлдыз туралы

айтылған болу керек, себебі бізге белгілі Жетіқарақшы шоқтығындағы Темірқазақ жұлдызы “жердің темірқазығы” ретінде жер осінің аспанмен иіліп бұрылуынан кейін пайда болды.

Ұлы даладағы көне түркілерден қалған қорғандар тікесінен үш, бес, жеті қатарлы тастармен немесе террасамен бөлінген. Олар қорғанның тегіс бетінде Әлемнің тағы бір құрылымдық “макетін” елестететін тас немесе ағашты тікесінен орнатқан. Төбесінде жоғарғы күштердің символы бар қорғандардың осындай көпқатарлы пішіні (формасы) және баспалдақтары Египеттегі, Таяу шығыстағы, Үндістандағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Орталық Америкадағы пирамидалардың ұқсастығы осы аймақтардың уақыт пен кеңістікте бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, олардың әлемді танудағы аңыз-мифологияларының ұқсастығынан шығады.

Ертедегі египет, үнді, ассирий, қытай, грек, түркі және т.б. халықтардың аңыздарында кездесетін Солтүстік тауы, ұлы бағаналар мен тіреулер – барлық жерде кездесетін осы символдық образдар ежелгі дәуірден бері полюс пен Темірқазық жұлдызы арасындағы байланыс туралы ұғым мәңгіге қалыптасты.

Барлық халықтарда аспандағы жұмақ ұғымының тұрақты сипаттамасы Эдемге баратын жол солтүстіктегі таудың шыңы мен Темірқазық арқылы жүреді. Осындай әртүрлі нұсқалары мифологиялық ұғымның ертедегі адамның ойында қалыптасып, есінде мәңгі қалуы үшін олар поляр аймағында жүздеген жыл өмір сүрген болу керек.

Ертедегі түркілерден басқа ешқандай тайпалардың сол түбектерде немесе солтүстік жартышардың сол градусында тұрғаны туралы әзірге жоғарыдағы эпостардан басқа ешқандай ғылыми деректер жоқ. А.Рустің137 деректерінде ертедегі монғұл тектес тайпалар б.д.д. XXXV - II мыңжылдықтар арасында Алеут аралдары және Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Америкаға әртүрлі қарқынмен өткен. В.Штайн “Дүниежүзілік цивилизацияның хронологиясында” бұл көштің б.д.д. XV-IX мыңжылдықтар  арасында жүргенін жазады180.

Дж.Джосселин208 О.Рериг225 Б.Феррарио202, Г.Дюмезель199, А.Каримуллин83 және басқа ғалымдар соңғы үш жарым ғасырдағы еңбектерінің нәтижесінде америкадағы сиу-коха, кечуа сияқты үнділердің негізгі тайпаларының тілдері Орал-Алтай тілдерінің тобына, оның ішінде түркі тіліне жататынын дәлелдеді. Бұл  тілдерге үнділердің ацтек, майя, инк, дакота және т.б. тілдері жатады. Кечуа тілі инк империясының тілі болғаны белгілі. Түркі тілі мен америка үнділері тілдерінің фонетикасы мен лексикасы, морфологиясы мен суффикстерінің типі өте ұқсас, яғни шығу тегі бір. Бұл тілдерде айтылуы мен мағынасы екі жаққа да бірдей ортақ үш жүзден астам сөз бары анықталды. Мысалы,  америка үнділері мен осман түріктеріндегі “bahan” және “Bas bahan” деген сөздердің айтылуы мен мағыналары бірдей. Олар “басшы” және “Бас басшы” яғни “Хан”, немесе көне түркілердегі (ғұндардағы) “Аспанның Ұлы перзенті” дегенді білдіреді. Түркілер мен үнділердің дене бітімі, сырт пішіндерінде де басқаларда жоқ ұқсастықтар бар. Осыдан мынадай тұжырымдар жасауға болады:

а/. Б.д.д. XXXV - II мыңжылдықтар арасында тек түркі тайпаларының ғана солтүстік жартышардың 65-70 градусында болғаны дәлелденген. Сондықтан үндіарийлердің немесе үндігермандардың эпостары ертедегі түркілерден алынуы мүмкін. Ш.Уәлиханов үндігермандықтардың қазақ әдебиетіне әсерін: “Біздің бай және поэзиялық мәні жоғары, реалистік әдебиетіміз бар. Ол шығыс эпосына емес, үндігермандық эпосқа ұқсайды”43 дейді. Қазақ эпостарының үндігермандықтарға ұқсастығын осымен түсіндіруге болады.

 ә/. Ғалымдар америка үнділері “Ұлы Азиядан” келді деген қорытынды жасады. Америкадағы ацтек, майя және инк цивилизациялары тілдерінде сөйлеген халықтар мен түркі тілдерінің шығу тегі бір, яғни үнді тайпалары түркі халықтарына жатады немесе сол цивилизациялар түркі өркениетінің құрамдас бөлігі болып саналады. Оны бұл халықтардың ертедегі құдайлары мен діндеріндегі, аңыз-ертегілеріндегі, ертедегі  астрономиялық білімі мен күнтізбелеріндегі ұқсастықтарды дәлелдеп, археологиялық деректермен толықтыру қажет. Цивилизацияның сара жолы дөңгелек пен соқаны және т.б. білмей &ldquo

12345След.
скачать работу

Тәңір – түркі Атлантидасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ