Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тараз - мұсылман өркениетінің Орталық Азиядағы орталығы

дұлкәрім есімін қабылдаған ол 942 жылы Баласағұн шаһарын өзіне бағындырып, қағандығын  жария  етеді.  Кесенесі Қашғар  қаласынан 100 шақырым қашықтықтағы Артұш елді мекенінде орналасқан. Абдұлкәрім сатұқ Боғыра хан қайтыс болған соң, ел тізгінін баласы Мұса Тонға Ілік хан алады. Ол 960 жылы  исламиятты Қарахан елінің мемлекеттік діні етіп жариялайды. Мұса белгілі ойшыл, ғұлама, сопы Әбіл Хасан Мұхаммед Сұфиянұлы Әл-Қаламти тарапынан арнайы ислами тәрбиеден өткізілген еді. Осының нәтижесінде ол Қарахан патшалығының билігіне қараған аймақта (бүгінгі оңтүстік аймақтарымыз) Исламияттың таралуына орасан зор еңбек сіңірген. Мәселен, 960 жылы 200 000 шатыр (үй) түркі халқы мұсылман болғанды Самана мемлекетінің бағы тайған соң, Парұн (Хасан) Бағыра хан Ма-уера-ән Наһір мезеріне шабуыл жасап, 999 жылы Бұхараны өзше бағындырады. 1005 жылы Мәуера-ән-Наһір аймағы тұтастай Қарахан бөлігіне өтеді [9].

Қарахан мәдениеті Қарлұқ мәдениетінің жалғасы іспеті. Қарахандар әулеті X ғасырдың орта шенінде қалыптасып, XII ғасырдың бас шенінде ыдыраған мемлекет болды. Олардың шығу тегі туралы жан-жақты пікірлер айтылуда. Кейбір зерттеушілер оларды ойғырлардан тараған десе, елді бірсулері қарлұқтардың жалғасы деп түсіндіреді. Алайда Қарахан әулеті алуан текті мемлекет болды. Оның құрамында үйсін, қаңлы, дұлу, тегі, қырғыз, қыпшақ, арғу, нағма, оғыз, бұқриз, салғыр, билтелі, баяндұз, балт сықылды түркі тілді және парсы тілді халықтар болған. XII ғасырдың бас шенінде Ислұғ Дашы бастаған мұңғұл тектес Қидан (Қарақытай) әскерлері Қарахан мемлекетінің күншығыс аймақтарын жаулап алды. Осыдан бастап үлкен соққы жеген мемлекет ыдырайды. 1212 жылы қарахандардың ең соңғы ханы қайтыс болады да мемлекет ресми түрде құлайды.

Мұсылмандылықты мемлекеттік дін еткен қарахандықтар әулетінің билігін баршаға ғалымдар оңды бағалауды; Мәселен, "Қазақстан тарихы" атты кітапта, отандық тарихшыларымыз: "Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой-санасы өседі, мұсылман әдебиеті түрік тілінде шыға бастайды. Бұл салада жұрттың бәрінен бұрын Баласағұнның есімі белгілі болады. Тұтас алғанда Қарахандар дәуірі саналық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең болып табылады. Тек, мұңғыл жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет алған табиғи процесін үзіп тастайды.

Ислам тарихының алуан түрлілігі, орасан зор байлығы уә жан-жақтылығы тікелей еліміз орналасқан орталық Азияға қатысты. Орталық Азияда ислам тарихының ең мәшһүр тұлғалары, Құран мен Хадис ғалымдары өмір сүрді, шаирлар, қаламгерлер, даналар, өнерпаздар керемет туындыларымен ислами мұрағаттарға өз үлесін қосты. Біздің Тараз сияқты қалаларымыз ғасырлар бойы ислам мәдениеті мен өркениетінің ең беделді орталықтары болды. Мұсылмандардың ғылымдағы, өнердегі жетістіктері күллі адамзаттың игілігіне ұсынылды.

Жетісудағы Баласағұн қаласы X ғасырдың бас шенінде-ақ, ең маңызды ислам орталығының бірі болған. Белгілі дін тарихшысы, профессор Хикмет Танйу «Түріктердің Діни Тарихы» атты еңбегінің 109-бетінде X ғасырды түркілер жаппай мұсылман болған ғасыр деп жанып, былай дейді. «920-921 жылдары қызылбасшылардың (шиғалар) Хорасан аймағында шағалықты насихаттағанын байқаймыз. Алайда, түркі халықтары 920-960 жылдары Әлли Сүннет жолын таңдап жаппай исламды қабылдады. Қарахан Бұғыра хан Хорасандығы Қызылбастарға жарыққа аттанып, оларды жеңіліске ұшыратты. Иламият 940-950 жылдары Орал тауы мен Сібір аймақтарында орналасты. Түркі халықтарының тарихындағы осы маңызды уақиғалардан соң, X ғасырда түркі тайпаларының кем дегенде 80 пайызы мұсылмандықта болды. XII ғасырда Исламият барлық Орталық Азиядағы үстем дінге айналды.

Күллі ислам әлемінің тарихында осыншама маңызды орын алған Тараз шаһарында орта ғасырлық мұсылман архитектурасы үлгісіндегі Қарахан, Айша-бибі, Бабажа хатұн ескерткіштердің болуы, сақталуы зор мақтаныш. Енді сол үлгінің жалғасы ретінде сол заманғы мұсылман архитектурасы стилінде үлкен бір мешіт ғимараты мен ислам ғылымдарын зерттейтін ғылыми орталық салынса, нұр үстіне нұр болар еді.

Ұзын сөздің түйіні - әлемге де, өзімізге де белгі Тараз қаласы мұсылман өркениетінің Кіндік Азиядағы ең көне орталықтарының бірі. Сондықтан, Тараз тарихын елеусіз қалдырмай, оның мәдениеті тым тереңде жатқанын бар әлемге паш ету біздің патриоттық борышымыз.

 

 

 

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.                        Е.А. Агеева Отчет о раскопках на городище Тараз в 1961г.

2.                        Б. Әбілдаұлы Талас-Тараз. Алматы,  Санат, 1998, 200 б.

3.                        Ә. .Марғұлан. Таңбалы жас жазу «Қазақ тарихынан» Жалын.

                     Алматы,  1997, 209 б.

4.                        К. Байпақов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан.

                    Алматы, 1992, 34 б.

5.                        В.В. Бартольд Очерк истории Семиречья. 2-т.,1963. с-39.

6.                        Бернштам «Памятники старины Таласской долины» Алматы.

                     1941,12 б.

7.                        А.Н. Бернштам Археологические работы в Казахстане и Киргизии в

                     1938-1939 гг.,№3.

8.                        А.Н. Бернштам Жетісу археологиялық экспедициясының еңбектері

                      (1936-1938 жж.)   Алматы. 1949, 190 б.

9.                        Қазақ ССР тарихы, 2 том, Алматы, 1979, 18 б.

10.Қазақстан тарихы 4 томдық, 2 том, Алматы 1998, 38 б. 

11.Қала мен дала, 2005, №9, 8 б.

12. Көне Тараз. Алматы 2001, 131 б.

12
скачать работу

Тараз - мұсылман өркениетінің Орталық Азиядағы орталығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ